Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет160/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   205
Акмеология

ȱɋ-ԤɊȿɄȿɌ 
Ɇɚԕɫɚɬ 
Ԥɪɟɤɟɬ 
Ԕԝɪɚɥɞɚɪ 
ɉԥɧ
Ɇɨɬɢɜ 
Ԕɚɠɟɬɬɿɥɿɤ 
Ԕɚɠɟɬɬɿɥɿɤɬɿ 
ԕɚɧɚԑɚɬɬɚɧɞɵɪɚɬɵɧ 
ɧԥɬɢɠɟ 
1-сурет. Оқу іс-əрекетінің құрылымы 


312
313
Екінші қиындық – оқу іс-əрекетінің формалары меңгерілетін 
кəсіби іс-əрекеттің формаларына адекватты емес. 
Маманды қалыптастыру үшін іс-əрекеттің бір типінен (таным-
дық) қажеттіліктер, мотивтер, мақсаттар, əрекеттер, құралдар, пəні 
мен нəтижелерін алмастырумен сəйкес басқа іс-əрекетке (кəсіби) 
өтуді қамтамасыз ету қажет.
Үшінші қиындық екіншіден туындайды: оқу іс-əрекеті мен 
кəсіби іс-əрекеттің арасындағы қарама-қайшылықты қалай жеңуге 
болады. 
Мұндай қарама-қайшылықтар біршама көп, алайда оларды 
жоймайынша, толыққанды оқу үдерісін құру мүмкін емес. 
Оқу жəне кəсіби іс-əрекеттің арасындағы айырмашылықтар: 
Оқу іс-əрекеті (ОƏ) мен кəсіби іс-əрекеттің (КƏ) арасындағы 
бірінші қарама-қайшылық – оқу іс-əрекетінің абстрактілі пəні 
(мəтіндер, белгілік жүйелер, бағдарламалық əрекеттер) жəне 
болашақ кəсіби іс-əрекеттің шынайы пəні арасында пайда болады, 
онда білімдер өндірістік үдерістер мен жағдаяттар контексінде 
беріледі. Дəстүрлі оқыту бұл қарама-қайшылықты шеше алмайды, 
салдарында, формалды білім феномені, оларды тəжірибеде 
қолданудың мүмкін болмауы, түлектердің өндірістің жағдайына 
интеллектуалды жəне əлеуметтік бейімделудегі қиындықтар пайда 
болады. 
Екінші қарама-қайшылық – кəсіби іс-əрекетте білімді жүйелі 
қолдану мен оларды алуан түрлі оқу пəндері бойынша меңгеруді 
жетілдірудің арасында пайда болады. Бұл білімнің «мозаикасы» 
студенттің болашақ кəсіби іс-əрекетке қызығушылығын дамытуға 
ықпал етпейді. Дəстүрлі оқыту бұл қарама-қайшылықты пəнаралық 
байланыстарды құру, мамандықтың құрылымдық-логикалық 
сызбаларын, жанама бағдарламасын құру арқылы шешуге тырысады. 
Алайда, тəжірибе көрсеткендей, жалпы кафедраның оқытушылары 
барлық пəндерді мамандықтың профиліне бейімдемейді. 
Үшінші қарама-қайшылық – маманның тұлғасының кəсіби 
еңбек үдерісіне енгізілуі жəне шығармашылық ойлау, əлеуметтік 
белсенділік деңгейінде дəстүрлі оқытуға, ес, қабылдау, зейін, даму 
үдерістеріне тірек жасаудың арасындағы қарама-қайшылық. Дəстүр-
лі оқыту – бұл оқытушының студенттерге ақпарат беру үдерісі. 
Көріп отырғанымыздай, онда ойлауға мүлдем орын жоқ, негізгі 
жүктеме ес үдерісіне беріледі. Студент өзінің ес үдерісінің қорынан, 
өткендегі негізі қаланғанды алады. Егер студенттің ойлауы жүзеге 
асатын болса, онда дəстүрлі оқытудың сызбасынан тыс болады. 
Ойлау – бұл болашаққа, таныс емес, стандартты емес жəне 
проблемалық жағдаяттарға қарату, олар тұлғаның кəсіби іс-
əрекетінде пайда болады. 
Бұл модель оқытудың контексті типінде студенттердің танымдық 
іс-əрекетінің прототипі қызметін атқарады. Онда ойлаудың 
толық циклі модельденеді – проблемалық жағдаяттың, танымдық 
мотивацияның туындауынан бастап, проблеманы шешудің жəне 
оның дұрыстығын дəлелдеудің тəсілдерін табуға дейін. 
Контексті оқытудағы ақпарат, мəтіндер, басқа белгілік жүйелер 
білімге айналады, яғни студент меңгерілген білімнің тұлғалық мəнін 
түсінуі керек, оған деген əрекеттік қатынасты анықтау қажет. Студент 
практикалық құзыреттілікті екіжақты өту жағдайында меңгереді: 
белгіден (ақпарат) ойлауға, ойлаудан – əрекетке, саналы ұғынылған 
əрекетке өту. Салдарында, контексті оқыту технологиясында ақпарат 
болашақ еңбектің контексінде, болашақ кəсіби іс-əрекетті қолдануға 
бағытталып берілуі қажет: жасай отырып, оқимын жəне оқи отырып, 
əрекет етемін. 
Төртінші қарама-қайшылық – оқытуда студенттің пассивті рөлі 
(оқытушының сұрақтарына жауап береді, оның нұсқауы бойынша 
тапсырманы орындайды) жəне кəсіби іс-əрекеттегі маманның баста-
машыл позициясы арасындағы қарама-қайшылық, оның барысында 
шешім қабылдау жəне жауапкершілікті ұстану қажет. 
Дəстүрлі оқыту өзінің авторитарлығына байланысты студентке 
оқытушымен теңдей белсенділік құқығын бермейді, студенттің оқу 
ақпаратын тұтынушы позициясынан, өзін, өзінің білімдерін жасау-
шы позициясына өтуді ынталандырмайды. 
Бесінші қарама-қайшылық – оқу іс-əрекетінің студентті өткен 
əлеуметтік тəжірибеге бағдарлауы жəне тұлғалық мəннің осы білімді 
болашақ іс-əрекетте құрал ретінде қолдану арасындағы қарама-
қайшылық. 
Жоғары оқу орнының түлектерінің бейімделу кезеңі үш жыл-
дан бес жылға дейінгі уақытты құрайды. Мұнда пəндік бейімделу 
(кəсіби ойлауды меңгеру) əлеуметтік бейімделуге (ұжымға ену, 
қарым-қатынас дағдысын меңгеру, жауапкершілікті игеру жəне т.б.) 
қарағанда жеңіл болады, себебі жоғары оқу орнында əлеуметтік 
əрекеттерге үйретпейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет