Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет39/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   205
Акмеология

74
75
үдерісінің нəтижелерін сипаттауда құзыреттілік тұғырды қолдану
отандық жəне шетелдік жоғары оқу орындары беретін дипломдар 
мен дəрежелерді салыстыру мүмкіндігіне жағымды əсер етеді. 
Құзыреттіліктің «іс-əрекеттің белгілі бір саласында өзінің кəсіби 
рөліне дайындық жəне міндеттерді шешу қабілеті» ретінде жəне 
құзыреттілік құбылысының акмеология аясында тек соңғы уақыттан 
бері қарастырылатынын ескеріп, жоғарыда сипатталған қарама-
қайшылықтарды шешу (құзыреттілік тұғыры қазіргі кезде өзіндік 
тұжырымдама мен логиканы құрмайды) акмеологияның теориясы 
мен əдіснамасына сүйене отырып мүмкін болады, ол өз кезегінде 
кемелденген тұлғаның ілгері дамуы туралы білімді, өзін-өзі дамыту 
жəне өзін-өзі маңызды ету жолдары туралы білімді біріктіре жəне 
жалпылай отырып, қазіргі кəсіби білім берудегі тұжырымдамалы 
буын болуы мүмкін. Кəсіби шеберлікті арттыруға жəне оны 
тəжірибеде əрі қарай қолдануға əсер ететін факторларды зерттеуді 
өзінің басты міндеті ретінде ұсынып, акмеология «кəсібилік» 
түйінді ұғымының негізінде барлық ғылыми пəндердің мəліметтерін 
біріктіреді. 
«Құзыреттілік» ұғымы «кəсіби тəжірибе» жəне «кəсібилік» 
ұғымдарымен бірге қарастырылады, мұнда көп жағдайда аталған 
ұғымдар теңестірілген ұғымдар ретінде анықталады. 
А.К. Маркова нормативті жəне шынайы кəсібилік ұғымдарын 
ажыратып көрсетеді, қызметкердің шынайы кəсібилігі көп жағдайда 
нормативті ұсынылған кəсібиліктен біршама оқшау екендігін атап 
көрсетеді. Автор нормативті кəсібилік деп адамның тұлғасына 
кəсіптің нормативті талаптарын атауды ұсынады, автордың пікірінше, 
шынайы кəсібилік адамға кəсіптің нормативті талаптарына сəйкес 
келуге мүмкіндік беретін тұлғаның ішкі сипаттамасы болып 
табылады. 
Аталған жағдайларға қарай, автор кəсібиліктің екі қырын 
айқындап көрсетеді: мотивациялық жəне операционалды-техно-
логиялық. Бұлай бөлудің адамның кəсіби тəжірибесін өлшеу 
технологиясын құру жəне дамытудың негізі болатын тəжірибелік 
мəні болады.
Кəсібиліктің мотивациялық саласы қамтиды: 
• кəсіби құндылықтар, идеалдар, менталитет; 
• кəсіптің мəнін түсіну; 
• кəсіби дүниетаным; 
• кəсіптегі этикалық нормаларды меңгеру; 
• кəсіби мотивтер (тек сыртқы емес – жалақыға деген қызы-
ғушылық, ішкі – өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылыс), шынайы əрекет 
ететін мотивтердің болуы; 
• кəсіби мақсаттар, күшті мақсатты болжау; 
• кəсіби интерналдылық, адамның өзінің бойында жетістік-сəт-
сіздіктің себептерін іздеу ретінде; 
• кəсіби мəндер, кəсіби тұрақтылықты анықтайтын кəсіптегі ма-
ғыналық шығармашылық; 
• мотивациялық саладағы позитивті динамика (жаңа мотивтердің, 
мақсаттардың пайда болуы, кəсіптегі жаңа мəндерді табу, олардың 
иерархиясын өзгерту, қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді мотивтер, 
мақсаттарды біртұтас өзін-өзі болжауға біріктіру), кəсіби өмірдің 
өзіндік сценарийін құру; 
• даралық кəсіби дүниетанымның өзгешелігі, бағалау, қатынас-
тар жүйесі ретінде; 
• кəсіпқойдың ұстанымы – өзін кəсіпқой ретінде тану, кəсіби 
өсуге ұмтылыс; біліктілікті арттырудың алуан түрлеріне деген 
мотивация; 
• кəсіптің аясында жəне одан тыс икемді қайта бағдарлануға 
дайындық; 
• кəсіби тұлғааралық қатынастар жəне ұстанымдар, кəсіби үміт-
тер; 
• кəсіптің талаптарының нəтижелеріне жеткізетін қалаулар дең-
гейіне сəйкестігі ретінде еңбекпен қанағаттану. 
Кəсібиліктің операционалды-технологиялық саласы қамтиды: 
• еңбек туралы кəсіби жəне психологиялық білімдер; 
• кəсіби өзіндік сана; 
• кəсіби біліктер, дағдылар, технологиялар; 
• кəсіби оқытылғандық, оқытылу, шеберлік; 
• кəсіби қабілеттер (жалпы жəне арнайы), кəсіби жарамдылық; 
• кəсіби ойлау; 
• еңбектің нəтижелілігі, тиімділігі; 
• еңбек нəтижесінің психологиялық бағасы; 
• еңбекқорлық, еңбексүйгіштік, кəсіпте мəртебеге жету (санат); 
• кəсіби өсудің тəсілдері, ондағы позитивті динамиканың болуы; 
• еңбек іс-əрекетінің əртекті нəтижелеріне жету, кəсіби өсудегі 
«көпшыңдық»; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет