78
79
бір адым жақсы, көп білуі керек, ол үнемі «басшыға» ұйымның іс-
əрекеті туралы ақпаратты жеткізіп отыруы керек. Кадр мəселесін
қарастырудағы осындай тұғыр, болашақ маман үшін маңызды
болатын түйінді кəсіби құзыреттіліктерді айқындауға мүмкіндік
береді.
Студенттік өндірістік мекемелерді құру, болашақ мамандарға
қажетті кəсіби құзырлылықтарды қалыптастырудың негізгі құралы
болып табылады. Студенттік өнеркəсіп деп білім беру үдерісінің
белгілі міндеттерін шешу үшін құрылған, білім беру мекемесінің
аясындағы өндірістік құрылым аталады. Мұндай өнеркəсіпті білім
беру мекемесінің қызметкерлері, студенттер құра алады.
Өнеркəсіпті ұйымдастыруға студенттерді баулу, барлық
студенттерді тарту, əртүрлі дайындық деңгейі бар студенттердің
арасында міндеттерді бөлу туралы əртүрлі пікірлер бар. Аталған
мəселелерді кешенді тұрғыда шешу қажет. Бұл мəселені шешудің
негізгі тірегі ретінде, нақты кафедраға қатысты өнеркəсіптің
формалары мен түрлерінің алуан түрлілігі болуы мүмкін. Бұл
студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмысының
бағыттарын барынша қамтуға мүмкіндік береді.
Бұл кəсіби білім берудің отандық жүйесін дамытудың міндетте-
рінің арасына университет жанынан өнеркəсіптерді құрудың
қажеттілігін жетекші орынға шығарады. Əртүрлі сатыда соңғы
нəтижені құру үдерісінде, орташа үлгерімі бар орташа студенттерден,
жоғары
интеллектуалды
студенттерге
дейінгі
абсолютті
əртүрлі деңгейдегі студенттер қатыса алады. Бұл студенттердің
барынша қамтылуын, сонымен бірге оқытушыға өзінің ғылыми
қызығушылықтар саласындағы қазіргі заманғы үрдістерді бақылауға
мүмкіндік береді.
Адамды тануға жəне оны құруға бағытталған көптеген ғылымдар
бар. Алайда, бұл жеткіліксіз, сондықтан таныс ғылымдарда жаңа
бағыттар пайда болуда.
Жаңа ғылым пайда болды жəне дами бастады – ол акмеология
(грек тілінен akme – шың, өркендеу). Қазіргі кезде акмеология
жаратылыстану, қоғамдық жəне гуманитарлы ғылымдардың
түйісуінде пайда болған, адам дамуының кемелдену сатысындағы,
əсіресе адамның осы дамудағы аса жоғары деңгейге жетудегі
заңдылықтары мен феномендерін зерттейтін ғылым ретінде
анықталады. Акмеологияның кемелденген тұлғаның дамуын
зерттейтіні ерекше зейін аудартады.
Мамандардың жоғары кəсібилігі жəне шығармашылық шебер-
лігі – өзекті жаһандық-дағдарыстық мəселелерді оңтайлы шешудің
факторы болатын, адамзаттың өзіндік маңызды ресурстарының бірі
болып саналады.
Кəсібилігі мен шеберлігінің жоғары деңгейі бар, басқару
саласындағы, менеджмент, əлеуметтік жұмыс саласындағы əртүрлі
бейіндегі мамандарға деген əлеуметтік қажеттілік ерекше өзекті
болып саналады. Кез келген кəсіпте бір орында тұруға болмайды,
адам үнемі өзін жетілдіріп жəне өмірдің барысына ілесіп отыруы
керек. Жемісті жұмыс, бір жаңа нəрсені құру үшін, кең дүниетаным,
мəселені сауатты шешу шеберлігі болу қажет. Оған қалай қол
жеткізуге болады? Мүмкін, акмеология осы сұраққа жауап бере
алады.
Бірқатар зертеушілер атап көрсеткендей, елдің экономикасында
екі үдеріс – индустрияландыру жəне модернизация үдерістері
байқалады. Индустрияландыру қоғамның заманауи өнеркəсіптік
базасын құруға бағытталған; модернизация оны қамтамасыз
етудің озық жүйелерін дамытуды қамтамасыз етеді. Оларды
жүзеге асырудың шарты ретінде, еңбек құралдары мен заттарын
тез алмастырумен, инновациялық пен вариативтіліктің жоғары
деңгейімен қамтамасыз етілетін даму алынады. Мұнда еңбекті
алмастыру заңдарының əрекетінің жеделдетілген ырғағына
адекватты əсер ететін қызметкерді даярлаудағы қажеттілік артады;
мұнда үздіксіз даму жəне жетілдіру қабілетін меңгерген қызметкер-
ге деген қажеттілік артады.
Кəсіпқойдың тұлғасын акмеологияландыру мен оны даярлау
үдерісін акмеологияландыру туралы айтуға болады, бұл кəсіби
білім беруде акмеологиялық білімді педагогтің, оны даярлау
мен қайта даярлаудың акмеологиялық бағдарланған жүйесінің
болуы жағдайында мүмкін болады. Қазіргі кезде мұндай жүйе
жоқ. Айтылғандар осы жүйені құрудың іргелі негіздерін ғылыми
зерттеудегі қажеттіліктің болуын; кəсіби білім беруде педагогты
даярлаудың акмеологиялық бағдарланған жүйесін құру мəселесінің
өзектілігінің жоғары дəрежесін; зерттеу жаңалығының жоғары
деңгейін – болжанатын зерттеу нəтижелері кəсіби-педагогикалық
кадрларды даярлау жəне қайта даярлаудағы жаңа тұжырымдамалы
тұғырларды негіздейді; педагогикалық акмеология мəселелерін
оқытушының кəсіби шеберлік шыңдарына жету туралы ғылым
ретінде зерттеу, ғалымдардың назарын бұрыннан бері аударып
келеді.
|