Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет50/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   205
Акмеология

96
97
байланысқан құрылымдардан құралатын əлеует ретінде қарастыру, 
ғылыми-қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді, атап 
айтсақ шығармашылық əлеуетті, оны іс-əрекетте ашу мен жүзеге 
асырудың жағдайлары мен факторларын зерттеуге мүмкіндік береді. 
Шығармашылық əлеуетті акмеологиялық ұстаным тұрғысында 
толықтырылатын ресурстық əлеует ретінде қарастыратын 
болса, онда технологиялық жағына ерекше зейін аудару қажет, 
яғни өзінің шығармашылық белсенділігін басқару шеберлігіне 
зейін аудару қажет. Бұл тұрғыда шығармашылық белсенділікті 
ынталандыратын жағдайлар мен факторларды іздеуге бағытталған 
зерттеулер ерекше құндылыққа ие болады. «Миға шабуыл» 
əдісінің құрылған уақытынан бері бұл мəселе психологтар мен 
акмеологтардың ерекше назарына ілігіп келеді. Шығармашылық 
белсенділікті ынталандырудың психологиялық жəне акмеологиялық 
технологияларын, жаңа əдістерін іздеу жүзеге асырылып келеді. 
Көрнекті, танымал шығармашыл тұлғалардың естеліктерін
мемуарларын талдау негізінде, жиырмаға жуық осындай факторлар 
немесе стимулдар анықталды. Олардың əрекеті əдетте шабыттанудың 
тұрақты күйін туындатады, ол өз кезегінде тиімді шығармашылық 
іс-əрекеттің қажетті шарты болып саналады. 
Əрекет етудің психологиялық тетіктерімен танысу, сонымен 
бірге өзіндік бақылау мен өзіндік талдау, еңбек субъектісінің дара 
ерекшеліктеріне жақындау болатын факторларды таңдауға мүмкін-
дік береді. Бұл белсенді «өзіндік ынталандыру» К. С. Станиславский-
дің бейнелі анықтамасына сəйкес «ерікті түрде шабыттануды 
игеруге» мүмкіндік береді, өз кезегінде бұл іс-əрекеттің тиімділігіне 
жəне интеллектуалды дамуға жағымды, оңтайлы əсер етеді. Аталған 
акмеологиялық тұғыр тұлғалық-кəсіби дамудың міндеттерін шешу 
үшін перспективті болып саналады. 
Бағалаудың дара-тұлғалық факторларының қызметі ерекше 
атап көрсетіледі. Кəсіби өзіндік бағалауы төмен адамдар өздеріне 
деген 
сенімсіздікпен, 
ырықсыз 
əрекеттерге 
бейімділікпен 
айрықшаланады, оларда əдетте тұлғаның психопатиялық белгілері 
айқын байқалады. Сонымен бірге, олар ең алдымен, эмоционалды 
жылы, эмпатиялық қатынастарға, өзара əрекеттегі эмоционалды 
жайлылыққа бағдарланады. Кəсіби өзіндік бағалауы жоғары 
адамдарда түбегейлі əрекеттерге бейімділікте, іс-əрекетте жəне 
өзара əрекеттегі авторитарлы стильге бейімділікте байқалады. 
Кəсіби өзіндік бағалауы жоғары жəне төмен адамдардың құндылық 
айырмашылықтары анықталды. 
Кəсіби өзіндік бағалаудың негізгі мазмұны ретінде, көп жағдайда 
кəсіби эталондар мен стандарттармен салыстырғанда, өзінің кəсіби 
маңызды сапаларына жəне іс-əрекеттің тиімділігіне өзіндік қаты-
насы алынады. Атап өтетін бір жайт, кəсіби өзіндік бағалауға іс-
əрекеттің нəтижелілігі ғана емес, сонымен бірге басқалардың 
бағалаушы тұжырымдары, қатынастар, əлеуметтік факторлар күшті 
əсер етеді. 
Кəсіпқойларда біліктілікті арттыру шамасына қарай ішкі 
қанағаттанбаудың өсуі байқалады, тіпті АКМЕ категориясының 
нəтижелерінің жетістігін олар сатылы оқиға ретінде қарастырады. 
Кəсіби өзіндік бағалауы төмен адамдарда əрбір жетістік біршама 
мəнді жетістік ретінде қарастырылады. 
Кəсіби өзіндік бағалаудың деңгейі, еңбек субъектілерінің жетістік 
мотивациясына əсер етеді. Бұл үдерістің динамикасы бірнеше 
сатыдан құралады: 
♦ «Мен-кəсіпқой» шынайы жəне идеалды бейнесінің арасын-
дағы айырмашылықтың əсерімен мотивацияның бұрынғы жүйесін 
проблематизациялау; 
♦ жетістіктердің жаңа жүйесін жоспарлау; 
♦ жоспарланған негізде «Мен-кəсіпқой» идеалды бейнесін жү-
зеге асыру; 
♦ жүзеге асыру барысында түзету; 
♦ «Мен-кəсіпқой» жаңа бейнесін бекіту. 
Əрі қарай цикл қайталанады. 
Өзіндік бағалаудың адекваттылығы көп жағдайда «Мен» кəсіби 
бейнесіне тəуелді болады. Кəсіби «Мен» бейнесі шынайы болып қана 
қоймай, сонымен бірге тұлғалық-кəсіби дамудың дара үрдістерін 
ескеретін динамикалық болуы керек. Кəсібиліктің өсуімен кəсіби 
өзіндік бағалаудың адекваттылығы артады. Кəсібиліктің жалпы жəне 
өзгеше, акмеологиялық инварианттар кешеніне енетін тұлғалық-
кəсіби сапалар мен олардың деңгейі арасында байланыс болады.
Кəсіби «Менді» дамытуға ықпал ететін маңызды факторлар: 
♦ кəсіби эталондар; 
♦ тұлғаның əлеуеті; 
♦ өзін-өзі тануға жəне өзін-өзі дамытуға бағыттылық; 
♦ тұлғалық бағалаудың адекваттылығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет