180
181
ресурстардың сапасы, білім берудің сапасы үшін елдердің арасын-
дағы кеңейтілген бəсекелестікті білдіреді. Соған байланысты, қазіргі
заманғы ғылымдағы, жоғары мектептегі жоғары жетістіктерді ұстап
тұру тұжырымдамасы, барлық мамандықтар бойынша іргелі білімді
дер кезінде жаңарту, дамудың өзіндік жолын ескеріп, мамандарды
даярлаудың отандық жүйесіндегі үздік дəстүрлерді сақтауды өзекті
етеді.
Үшіншіден, адамзаттың дамуындағы парадигмалы қозғалыстың
белгілері ретінде, интеграциялық үдерістерді кеңейту, экономиканы,
коммуникациялық
инфрақұрылымды, əлеуметтік серіктестікті,
халықаралық ұйымдар жүйесінде функционалды қатынастарды
жаһандату, халықаралық білім беру ортасын қалыптастыру алынады.
Төртіншіден, интеграциялық үдерістерді дамытуға стратегиялық
бағыттылық, Болон үдерісіне қатысу, отандық білім беру жүйесін
еуропалық білім беру жүйесімен салыстыруды қол жеткізуге,
бітіруші түлектердің кəсіби біліктілігін салыстыруға, оларды
отандық жəне əлемдік еңбек нарығында еңбекке орналастырудың
мүмкіндіктерін кеңейтуге бағдарлайды.
Мұнда көпдеңгейлі оқытуды кең ауқымда жүзеге асыру, негізгі
білім беру бағдарламаларын құруға құзыреттілік тұғырды қолдану,
мамандарды даярлаудың сапасын бағалау, студенттердің жеке білім
беру траекториясын құру жəне т.б. мəселелер қойылады.
Бесіншіден, білім беру үдерісінің
білім беру ортасымен
түйіндесуі, оған тұлғалық-кəсіби бағыттылықтағы талаптарды,
кəсіпқойдың қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеретін, оның
жеке білім беру маршрутын қалыптастыруды қамтамасыз етуді
ұсынады (Н.В.Кузьмина).
Білім беру ортасы табысты əлеуметтік бейімделуде, кəсіби
қалыптасуда, еңбек нарығының бəсекеге қабілеттілігінде, кəсіпті
алмастырудың қажеттілігі жағдайында фрустрациялық шығындарды
төмендетуде, қажеттілігіне қарай өмір бойы оқытуды жалғастырудың
мүмкіндіктерінде тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталған.
Алтыншыдан, акмеология ғылымы тұлғаның кəсіби
дамуының
принциптері, заңдылықтары мен механизмдерінің, адамды кəсіби
жолдың барлық сатыларында қамтамасыз ететін білім беру
ортасында жоғары жетістіктердің берік əдістемелік жүйесін құру
үшін қажетті алғышарттарды құрастырды.
Жетіншіден, білім беру ортасын үздіксіз қайта құрудың
синергетикалығы жəне қабілеті, ұлттық ерекшеліктердің сіңірілуінен
тыс қалмайды. Бір жағынан, жаһандану ұлттық жүйелерді əлемдік
білім беру кеңістігіне біріктіреді, ал екінші жағынан – ментальды,
ұлттық айырмашылықтар болған жағдайда, олар білім беру
ортасында көрінуі керек.
Көптеген зерттеушілер əлеуметтік-мəдени білім беру ортасын
зерттеуде, жүйелер
теориясын қолданады, аталған теория
бойынша адам күрделі, ашық, өзін-өзі дамытушы жүйе ретінде
қарастырылады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде жүйе-
лі тұғырдың жалпы-ғылыми əдіснамасы қолданылады, атап айтсақ,
«синергетика» теориясы қолданылады (В. Г. Афанасьев, Т. Парсонс,
В.П. Казначеев, Н.Н. Моисеев, Э.Г. Юдин, Ю.А. Урманцев жəне т.б.).
Тұйықталған жүйелерде жүзеге асырылатын, негізінен қатаң
детерминацияланған құбылыстарды қарастыратын дəстүрлі ғылыми
бағыттармен салыстырғанда, синергетика ашық типтегі жүйелерді
зерттеуге тірек жасайды, оның негізгі принциптері ретінде, өзін-өзі
ұйымдастыру жəне өзін-өзі реттеу алынады. Бұл жүйелер қоршаған
ортамен тұрақты, белсенді өзара əрекетті жүзеге асырады.
Өзін-өзі реттеуші жүйелердің басқа ерекшелігі ретінде,
ақпараттық-энергетикалық ашықтықты, басқа жүйемен
немесе
сыртқы ортамен тұрақты өзара əрекеттестік есебінен белсенділікті
қамтитын, құрылымдық элементтердің икемді, анықталмаған
иерархиясы мүмкіндігі алынады.
Синергетикалық тұғыр детерминация категориясының жаңа
диалектикалық мазмұнын қамтиды, ол күрделі жүйелердің өміріндегі
кездейсоқтық пен қажеттінің тең ықтималдығына негізделеді. Кез
келген күрделі жүйенің өмірінде кездейсоқтық пен қажеттілік,
тұрақтылық пен тұрақсыздық бір-бірін өзара толықтырады.
Отандық ғалым Х.Т. Шерьязданова болашақ мамандарды
психологиялық тұрғыда дайындаудың жеке үдеріс ретінде
ұйымдастырылуына
көңіл
бөліп,
оқыту
мазмұны
жəне
əдістемелерінде білім алушылардың
ерекшеліктерін ескеруді
ұсынған. Ол болашақ педагог-психологтарды біртұтас жүйе
тұрғысынан кəсіби дайындаудың алғаш рет психологиялық
үлгісін жасаған ғалым. Бұл үлгі қарым-қатынас психологиясының
теориялық жəне практикалық мəселелеріне негізделеді. Ғалымның
пікірінше, психологиялық дайындау психодиагностикалық жəне