Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет94/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   205
Акмеология

182
183
психокоррекциялық бағыттағы жұмыстарды қамтиды. Психо-
логиялық осы білімнің топтастырылған сипаттағы дəрістері жəне 
білім алушыларды меңгертілген психологиялық, академиялық 
білімді тəжірибеде қолдана білуі кəсіби дайындаудың басты шарты 
деген пікір білдіреді.
Зерттеулер көрсеткендей, тұлғаның дамуы көп жағдайда, оның 
жеке тəжірибесінде қандай жүйелердің басым болатынына тəуелді 
болады (ашық немесе жабық). Белгілі жүйелердің педагогикалық 
əсері, адамның жеке-психологиялық құрылымын қалыптастыратын 
болады, нəтижесінде белгілі кезеңнен бастап, адамның сыртқы 
байланыстары мен қатынастарын өз бетімен таңдауына əсер ете 
бастайды, мұнда индивидтің табысты дамуының шарты ретінде
оның қоршаған ортадағы ашық өзара əрекеттестігін қамтамасыз ету 
алынады. 
Ересек тұлғаның шығармашылық əлеуетін дамытуды, үздіксіз 
білім беру жүйесінің тек «іштей» оңтайлы түсіндіруге болмайды. 
Мұнда кең мағынасында ортаның ерекшеліктерін ескеру қажет. 
Əлеуметтік-мəдени орта – бұл қоғамдық, моральды жəне 
рухани шарттардың күрделі құрылымы, онда адамның іс-əрекеті 
жүзеге асырылады. Орта тұлғаны дамытудың маңызды шарты 
болып саналады; сонымен бірге, адамның іс-əрекетінің əсерімен 
орта да өзгереді. Сондықтан, адам мен ортаның өзара қатынас 
мəселесі, алуан түрлі ғылыми пəндер мен бағыттардың аясында 
қарастырылады (философия, педагогика, психология, акмеология
əлеуметтану жəне т.б.). 
Білім беру ортасы, ең алдымен, əлеуметтік-мəдени ортаның 
жүйесі, яғни тарихи қалыптасқан факторлар, жағдайлардың 
жиынтығы, тұлғаны дамытудың арнайы ұйымдастырылған педа-
гогикалық жағдайлардың тұтастығы. 
Кең мағынасында əлеуметтік-мəдени білім беру ортасын 
бірнеше өзара байланысқан деңгейлерді қамтитын құрылым ретінде 
түсіндіруге болады. 
Жаһандық деңгейге мəдениет, экономика, саясат, білім беруді 
дамытудың жалпы əлемдік үрдістерін, жаһандық-ақпараттық 
желілерді жатқызуға болады.
Аймақтық деңгейге (елдер, ірі аймақтар) білім беру саясаты, 
мəдениет, білім беру жүйесі, əлеуметтік жəне ұлттық нормаларға, 
əдеттер мен салт-дəстүрлерге сəйкес өмір сүру салты, бұқаралық 
ақпарат құралдары жəне т.б. жатады. 
Жергілікті деңгейге – білім беру мекемелері (оның микро-
мəдениеті, микроахуалы), жақын аймақ, отбасы жатады. 
Тар мағынасында орта ұғымына индивидтің тек тікелей аймағын 
жатқызуға болады. Дəл осы жақын аймақ пен қарым-қатынас 
адамның қалыптасуы мен дамуына аса күшті əсер етуі мүмкін. 
Көптеген зерттеушілер білім беруші əлеуметтік-мəдени орта деп
адамның дамуы мен оған білім беруді анықтайтын түйінді фактор-
лар жүйесін түсіндіреді: білім беру үдерісіне əсер ететін адамдар; 
елдің қоғамдық-саяси құрылымы; табиғи жəне əлеуметтік-мəдени 
орта (педагогикалық ортаның мəдениетін қоса); бұқаралық ақпарат 
құралдары; кездейсоқ оқиғалар. 
«Гуманитарлы білім беру ортасы» ұғымын енгізе отырып, 
зерттеушілер оны жаңа мəдени-білім беруші жəне əлеуметтік-
педагогикалық ойлаудың негіздерін қалыптастыруды қамтамасыз 
етуге қабілетті шарт ретінде қарастырады. 
Гуманитарлық білім беру ортасы, гуманистік-адамгершілік 
құндылықтары басым, мəдени-білім беру кеңістігі болып та-
былады, оның тұтастық, автономиялық, ашықтық сияқты сапа-
лы сипаттамалары болады. Гуманитарлы білім беру ортасы, 
субъективтіліктің өзекті қайта құруларын, білім берудің 
интерсубъективті үдерісін дамыту үшін жағдай жасайды. 
Осылайша, білім беру ортасы индивидпен өзара əрекеттестіктің 
нəтижесінде тұлғаның қалыптасуы жүретін, арнайы ұйым-
дастырылған білім беру мекемесінде əлеуметтік, мəдени, пси-
хологиялық-педагогикалық жағдайлардың жиынтығы ретінде 
сипатталады. 
Білім беру үдерісін қамтамасыз ететін, оның креативтілігін 
арттыратын, тұлғаның барынша қолайлы өзіндік дамуына жағдай 
жасайтын, білім беру ортасын құру маңызды болып саналады. 
Білім беру ортасының көпқырлы ұғымын талдай отырып, атал-
ған ұғымды «берілген үлгі бойынша тұлғаны қалыптастырудың 
əсерлері мен жағдайларының жүйесі» ретінде қарастырған жөн, 
алайда əрбір білімгерге алуан түрлі полимəдени білім беру ретінде, 
білімгерлердің əрқайсысына жеке, олардың өзіндік «Менін» құру 
үшін ортаны құру, білімгерлердің ішкі əлемін өзектілеу, оның 
тұлғалық өсуін, өзін-өзі жүзеге асыруын, олардың өзіндік санасының 
қалыптасуы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін ортаны құру 
қажет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет