Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет99/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   205
Акмеология

192
193
параметрі кəсіпқойды қайта құрушы жəне рефлексивті кеңістікте 
дамыту əлеуетінің өсуін білдіреді; 
– ортаның кəсіпқойға əрекетін болжаудың акмеологиялық заңды-
лықтары, кəсіби іс-əрекеттің тұрақтылығын жəне жоғары тиімділі-
гін, кəсібиліктің акмеологиялық инварианттарын қалыптастыруды
қамтамасыз ететін интегративті нəтижеге бағдарлайды; тіректі 
акмеологиялық заңдылық ретінде ортаны нəтиженің бейнесін 
жобалаумен модельдеуі алынады (Н. В. Кузьмина), соған байла-
нысты акмеологиялық ортаны теңдестіру заңдылығы, сонымен бір-
ге, субъектілі жəне объектілі мазмұнға қатысты таңдамалы қабілеті 
(А. Б. Орлов), кəсібилікке бірте-бірте өту қабілеті əрекетке түседі 
(А. А. Деркач).
Кəсіпқойды дамытудың акмеологиялық үдерісі, тұлғалық 
дамуды кəсіби дамумен үйлестіретін, кемелдену шыңдарына 
бағыттылықпен, жоғары өрлеуші, озық үдеріс болып саналады
(А. А. Бодалев, А. А. Деркач, В. Г. Зазыкин, Н. В. Кузьмина жəне 
т.б.). Даму көпжоспарлы (В. С. Мерлин, Е. А. Климов жəне т.б.) 
жəне тұлғалық-кəсіби сапалардың жетілуін, ашылуын жəне кеңеюін 
біріктіреді. 
Ортаны акмеологияландыру идеясы, оның компоненттерімен 
арақатынаста болады, соған сəйкес тұлғалық компонент секторы-
нда К. Роджерс, М. М. Бахтиннің идеялары көрсетілген (орта 
– шығармашыл тұлғаның мағыналық контексі), дамудың 
детерминаттары туралы Л. С. Выготскийдің иделары, В. А. Братусь 
жəне А. А. Деркачтың психотехникалық идеялары, үдерістердің өзара 
енгізілуін талдау (тұлға ортаға бейімделуде өзгереді). Материалдық 
емес компонентте орта психологиясы П.К.Анохиннің функцио-
налды жүйелер теориясында, А.А. Деркачтың тұжырымдамалы 
идеяларында, кəсіпқойды дамыту мотивациясы, рефлексивті орта 
туралы идеяларда (В. Г. Асеев) идеология ретінде көрсетілген.
Ортаны акмеологияландыру, оның функцияларын ортаның 
бір түрінің доминантасымен біріктіруді қамтиды (адаптивті, 
дамытушы, ынтымақтастық жəне т.б.); ортаның сипаты субъектінің 
интеграциясымен анықталады (В. В. Рубцов, А. Л. Портнянская), 
сонымен бірге, тұлғалық əлеуетті жүзеге асыру мүмкіндігімен, жеке 
ерекшеліктерге бейімделумен анықталады. 
Акмеологиялық ортада кəсіпқойды дамыту тұжырымдамасы-
ның ғылыми алғышарттарын талдау, бірқатар топтарды көрсетуге 
мүмкіндік береді, олардың арасында базалық топтарға əдіснамалық, 
теориялық, практикалық-технологиялық топтар жатады. 
Кəсіпқойдың белсенділігіне байланысты, ортаның қайта құру-
шы мүмкіндіктері əлеуетті күйден дифференциация, интеграция 
немесе генерация механизмдері арқылы өзекті күйге өтеді. 
Акмеологиялық ортаның бірінші түрі – қалыптастырушы, ол 
«акменің» бірінші белгілерінің пайда болуымен, дамытушы əсермен 
байланысты (бірлескен іс-əрекет, белсенді əлеуметтік-кəсіби іс-
əрекет); өзара əрекеттестік – бөлінген жəне имитациялық əрекеттер. 
Дараландыру жəне өзіндік өзектілеу сатысында, нəтижелі іс-əрекет-
тің мəнін анықтауға, мақсаттарды дербес таңдауға ынталандыратын, 
үдерістер мен нəтижелерді бақылау жəне бағалауға, кəсіпқойдың 
бастамасын кеңейтетін қолдаушы əрекеттер қалыптасады. 
Акмеологиялық ортаның екінші түрі – қайта құрушы – 
тұлғаның ортаға əсері, оның мотивациялық саласын түзету есебінен 
алмастырумен сипатталады. Бейімделу сатысындағы кəсібилік – 
жеке көрінетін сапалардың жиынтығы: тұлғалық əлеуетті саналы 
ұғынуға жəне жүзеге асыруға ұмтылыс, «Мен» жағымды бейнесін 
құру (гностикалық, ерікті, ұйымдастырушылық компоненттердің 
көрінісі); кəсіпқойлар қауымдастығына ұмтылыс (əлеуметтік-
перцептивті компоненттің көрінісі); өзін тұлға жəне даралық ретінде 
саналы ұғыну. 
Акмеологиялық ортаның үшінші түрі – рефлексивті, ол 
тұлғаның шығармашылық ашылуымен, доминанта аймағының 
алмасуымен айрықшаланатын дамытушы қатынастар жүйесімен 
байланысты: өзара əрекетте суперкəсіпқой орта құрушы функцияны 
жүзеге асырады; мінез-құлықтық үрдіс оның позитивті өзгерісіне 
бағдарлануда байқалады, социумның позитивті дамуының 
бағытын саналы ұғыну, тұлғалық-кəсіби дамудың мүмкіндігін, 
шығармашылықтың жеке тəсілін құрастыруды, конструктивті 
əлеуетті өзектілеуді қамтамасыз етуі керек; жоғары деңгейдегі 
қажеттіліктер жүзеге асырылады (интеллектуалды, рухани, өзін 
қайта құрушы басқару). 
Кəсібиліктің əлеуметтік-психологиялық компоненті, дамудың 
басым болатын заңдылығымен – ізденістік белсенділікпен
анықталады. Маңызды заңдылық ретінде, бағыттылықтың тұлғалық-
кəсіби дамуға бағдары жəне оның экстрафункционалды біліктілік-
пен түйісуі алынады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет