Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет128/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   205
Акмеология

250
251
адамның əлеуметтік-мəдени болмысының «акмеологиялығын» 
сипаттайды. 
Бұл тұрғыда акмеологиялықты адамды өзіндік жетілдіру 
түрінде, синхронды жоспарда қарастыруға болады, ал кəсіби 
əлеуметтендіру түрінде диахронды жоспарда қарастыруға болады. 
Акмеология пайда болғанға дейін психологтар, əлеумет-
танушылар, педагогтар акмеологиялық мəселелер жиынтығы-
мен көп жағдайда ұқсас, ересектерге білім беру, шығармашылық
кəсібилік мəселелерін зерттеді. Алайда шеберліктің жетілуін, оның 
шыңдық акме-формаларын насихаттауды зерттеуге деген ерекше 
тірек, алдымен өзгеше акмеологиялық мəселелер жиынтығының 
туындауына алып келді, ал содан кейін бірегей акмеологиялық 
технологияларды тұжырымдамалы-əдістемелік құруға, əрі қарай 
– өзіндік өзгеше пəні мен əдістері бар, ерекше ғылымның пайда 
болуына алып келді. 
Акмеология 
адам 
болмысының 
диахронды 
аспектісін 
зерттейді, ол адам өмірінің алуан түрлі жас кезеңінде кəсіби іс-
əрекеттің нəтижелілігіне ерекше тірек жасайды (шығармашылық 
табыс, əлеуметтік тану, жеке табыс жəне т.б.). Акмеология үшін 
тіректі мəселелердің бірі ретінде, адамның басқару, ғылым мен 
өнертапқыштық, кəсіпкерлік, білім беру жəне т.б. салаларды кəсіби 
іс-əрекеттің алуан түрлерінде, креативті-шығармашылық əлеуетін 
қалыптастыру жəне дамыту мəселесі алынады. 
Мұнда əлеуметтік факторлармен негізделген (білім беру, мəнсап 
жəне т.б.) адамның жас мүмкіндіктерін ашудан пайда болатын 
кумулятивті əсер ретінде кəсіби шығармашылықтың нəтижелілігі 
түсіндіріледі, акмеологиялық мəселелер жиынтығына деген жас 
ерекшелік тұғырдың (педологияға шығатын) шаблондарын жеңу 
қажет. 
Акмеологиядағы жүйелі-функционалды тұғыр балама болып 
табылады, соған сəйкес ол тұғыр белгілі қоғамдық танылудың жəне 
шығармашылық шеберліктің оңтайлы сатысында өз дамуында 
жететін, кəсіби іс-əрекетте (оның мəдениеттанушы, əлеуметтанушы, 
психологиялық, 
физиологиялық, 
генетикалық 
жəне 
басқа 
детерминанттары) жетістікке əкелетін, адамның шығармашылық 
əлеуетін қалыптастыру үдерістерін зерттеуге бағытталған. 
Жетістіктің маңызды психологиялық ерекшелігі ретінде, оның бір 
жағынан айқындығы жəне нақтылығы (осы жағдайда ситуативті), 
ал екінші жағынан – детерминаттардың өзара əрекетінде, іс-
əрекет субъектісінің біршама қарама-қайшылықты, кикілжіңді 
дамуы (яғни, диахронды) алынады. Осылайша, шығармашылық 
əлеуеттің дамуын жүзеге асыратын, шығармашылық «акменің» 
кəсіби жетістік ретіндегі тұжырымдамасы, диахронды акмеология 
мен синхронды конфликтологияның тұжырымдамалы-əдіснамалық 
өзара əрекетінің негізінде құрылуы қажет, себебі олар өзара 
толықтырушы қатынасында болады, шығармашылықтың макро- 
жəне микроаспектілерін зерттейді. Конфликтология шығармашылық 
əлеуетті микродамытудың проблемалық-кикілжіңді жағдаяттарын 
зерттейді, ал акмеология – микродамудың үдерістері мен нəтиже-
лерін зерттейді. 
Шығармашылық іс-əрекетті талдауға арналған синхрония жəне 
диахрония категорияларының конструктивтілігі М. Бахтиннің 
еңбектерінде атап көрсетілді, қазіргі заманғы шығармашылықтың 
рефлексивті психологиясында арнайы зерттелді. Оның аясында 
құрастырылған, проблемалық-кикілжіңді жағдаяттарды жетістікпен 
шешудің тұжырымдамалы моделі, инновациялық үдерістің 
синхронды жəне диахронды аспектілерінің өзара əрекетін ескеріп, 
жетістікке шығармашылықпен жетуді сипаттаудың, зерттеудің 
конструктивті құралы қызметін атқарады. Осы модельге сəйкес, 
шығармашылық іс-əрекет субъектісі санасы мазмұнының екі түрі 
айқындалады: интеллектуалды (оның пəнін көрсететін, проблемалық-
кикілжіңді жағдаятты көрсететін жəне оның процедурасын қайта 
құратын) жəне тұлғалық (аталған жағдаятты жеңу үдерісінде 
ашылатын жəне дамитын «Мен» бейнесін көрсету), сонымен бірге 
соған сəйкес мəндер. 
Егер интеллектуалды мəндер іс-əрекеттің негіздемесін саналы 
ұғынуды қамтамасыз ететін болса, онда тұлғалық мəндер – 
проблемалық-кикілжіңді жағдаятты қайта ұғынуды қамтамасыз 
етеді. Мұнда жүзеге асырылатын іс-əрекет рефлексияланып 
қоймайды, сонымен бірге онда дамитын тұлға рефлексияланады, 
бұл кəсіби шеберліктің констелляциясын қамтамасыз етеді. Осы 
тұжырымдамалы модель негізінде, эвристикалық рефлексияның, 
шығармашылық əлеуетті дамытудың тиімді құралдары құрас-
тырылды, олар синхронды туындайтын проблемалық-кикілжіңді 
жағдаяттарды шешу үдерісінде кəсіби шеберліктің деңгейіне жету-
ді қамтамасыз етеді, оларды сəйкес рефлексияда шешу тəжірибесі 
шығармашылықты диахронды дамытуға əкеледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет