Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет133/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   205
Акмеология

260
261
3.3 Креативті акмеологиялық тəжірибедегі инновациялық 
үдерістің спецификасы 
Тақырыптың негізгі ұғымдары: инновация, инновациялық 
іс-əрекет, инновациялық үдеріс, шығармашылық іс-əрекет, 
акмеологиялық технологиялар, креативті іс-əрекет, тұлғаның 
инновациялық əлеуеті.
Қоғамның жедел дамуы жағдайында білімнің рөлі аса айқын-
дала түседі. Педагог кəсіби үдерістің субъектісі ретінде болып, 
білім беру саласындағы инновациялардың басты əрекет етуші 
тұлғасы болады. Білім беру саласының қазіргі кезде инновациялық 
іс-əрекетке даярлықтың жоғары деңгейі бар педагогтарға деген 
сұранысы болады. Осыған байланысты жаңашыл педагогтарға 
деген артып келе жатқан қажеттілік, педагогтарды инновациялық 
іс-əрекетке дайындау, дамыту, жетілдіру жүйесін ұйымдастыруды
талап етеді. 
Болон үдерісіне қатысып, Қазақстан əлемдік білім беру қауым-
дастығына енеді. Бұл жол көптеген мəселелерді шешуді қамтиды, 
олардың бірі ретінде, жоғары білікті кадрларды даярлау алынады, 
ол қазіргі жағдайда инновациялық құрамдассыз мүмкін болмайды. 
Акмеология іс-əрекеттегі кəсібиліктің шыңдарына жетуге 
ықпал ететін факторлар туралы ғылым ретінде, кəсібилік пен 
шығармашылықтың арақатынасы туралы мəселесін қарастырады. 
Бұл категориялар инновациялық іс-əрекеттің негізіне алынады. 
Инновация – жаңашылдық, шығармашылық іс-əрекеттің прог-
рессивті нəтижесі, ол кең қолданысқа ие болады жəне адам, қоғам 
өміріндегі біршама маңызды өзгерістерге əкеледі. Яғни, инновация 
жаңашылдық ретінде, осы жаңашылдықты тəжірибеге ендіру үдерісі 
ретінде анықталады. Инновациялық іс-əрекет – бұл инновацияларды 
құру, игеру, тарату жəне қолдану бойынша іс-əрекет. 
Инновациялық 
үдерістерді 
зерттеушілер, 
инновациялық 
үдерістерді зерттеудің микро- жəне макродеңгейлерін анықтап, 
инновацияның «өмірлік айналымның» тұжырымдамасын сипат-
тайды. 
Қазіргі кезде ғылыми əдебиеттерде инновациялық үдерістерді 
сатыларға бөлудің төмендегі сызбасы қалыптасты: 
1. жаңа идеяның туындау сатысы (жаңашылдық тұжырым-
дамасының пайда болуы); 
2. өнертапқыштық сатысы (объектіге айналған жаңашылдықты 
құру, материалды немесе рухани өнім-үлгі);
3. жаңа өзгеріс сатысы (жаңашылдықты тəжірибеде қолдану, оны 
өңдеу);
4. жаңашылдықты тарату сатысы (кең ендіру, жаңа салаларға та-
рату);
5. жаңашылдықтың нақты саладағы басымдылығы (жаңашылдық 
өзінің жаңалығын жоғалтады);
6. жаңашылдықты қолданудың ауқымын қысқарту сатысы (оны 
жаңа өніммен алмастыру). 
Инновациялық іс-əрекеттің мəнін талдаудағы акмеологиялық 
тұғыр, тұлғаның өркендеу кезеңінде дамуының заңдылықтарын 
ұғынуға, дара жəне шығармашылық бастауын арақатынаста ұстауға 
мүмкіндік береді. 
Акмеологиялық тұғырда Н.Ф. Вишнякова шығармашылық үде-
рістің келесі сатыларын айқындайды: 
1. идеялардың туындауы; 
2. идеяның жетілуі жəне стратегияны іздеу;
3. мəселені бейсаналы тұрғыда шешу;
4. идеяны материализациялау жəне түпкі ойды жүзеге асыру;
5. маңызды креативті нəтижелерді тəжірибеге ендіру. 
Шығармашылық үдерістің сатылары толыққанды шамада 
инновациялық іс-əрекеттің сатыларымен арақатынаста болады. 
Бұл мағынада «шығармашылық іс-əрекет» жəне «инновациялық іс-
əрекет» ұғымдары ұқсас, теңестірілген ұғым болып саналады. 
Инновациялық педагогикалық іс-əрекетке дайындық деп бола-
шақ мамандарды өзіндік педагогикалық іс-əрекетін жетілдіруге 
бағыттылығын анықтайтын сапалардың жиынтығын түсіндіруге 
болады. 
Инновациялық іс-əрекетке дайындықтың құрылымында келесі 
компоненттерді ажыратуға болады: мотивациялық, когнитивті, 
əрекеттік. 
Инновациялық 
іс-əрекетке 
дайындықтың 
мотивациялық 
компонентінің негізінде, таңдалған кəсіпке, өзін-өзі жүзеге асы-
ру, өзін-өзі дамытуға деген жағымды қатынас, тұрақты кəсіби 
бағыттылық, кəсіпке деген қызығушылық болады. 
Дайындықтың когнитивті компонентінің негізінде, оқытыла-
тын пəнді меңгеру, оның əдістемесін меңгеру, педагогтің кəсіби 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет