254
255
Акмеологиялық мəдениеттің операционалды, функционалды
компонентін дамытудың тиімді құралы ретінде, өзін-өзі реттеу
принциптеріне негізделген технологиялар қолданылады.
Үздіксіз білім берудің – жалпы мəдени, арнайы кəсіби кеңейтілген
тəжірибесін ғылыми тұрғыда қамтамасыз етуге деген əлеуметтік
қажеттілік, даму психологиясын (адам өмірінің негізгі кезеңдерінде
– балалық шақта, жастық шақта, қарттықта психологиялық
өзгерістерін біртұтас зерттейді) жəне кемелденген адамның
кəсібилігін жəне шығармашылығын зерттейтін акмеологияның
байланысы үшін қосымша қолданбалы алғышарттарды құрады.
Маманның шығармашылық кемелдігі кезеңінде, креативтіліктің
психологиялық заңдылықтарын зерттеудің əлеуметтік мəнділігі,
біріншіден, тұлғаның нəтижелі-қайта құрушы бағыттылығын
анықтайтынына, оның өмірдегі əлеуметтік бағдарланудың
негізгі тірегін құрайтынына негізделеді, екіншіден, кəсіби
шығармашылықтың базалық детерминанты болып табылатынына,
үшіншіден, маманның шығармашылық əлеуетін дамытуға, оның
əлеуметтік сферада өзін-өзі маңызды етуге ықпал ететініне
негізделеді.
Креативті акмеологияның негізгі заңдылықтары үш топ арқылы
берілген: бірінші топ креативті акмеологиядағы қайта құрушы
үрдістердің процессуалды динамикасын ашады; екінші топ
өнімді нəтиже мен шығармашылық үдерістің өзара байланысын
сипаттайды; үшінші топ креативті үдерісті ұйымдастырудың
формаларын жəне жанама басқарудың механизмдерін анықтайды.
Маманның креативті-тұлғалық дамуының заңдылықтары ерекше
топқа айқындалады.
Креативті тұлғаның өзін-өзі маңызды ету үдерісінде, маман-
ның шығармашылық кемелдігінің қалыптасуы жəне дамуы,
акмеологиялық онтогенез барысында, рухани, тұлғалық жəне кəсіби
акмеге (шың) жетуде адам өмірінің нəтижелі кезеңі болып табылады.
Болашақ маманның кəсіби «Менін» зерттеудегі интегративті
тұғыр, психологиялық танымның құрылымына онтологиялық
субъектінің, жүйеліліктің жəне белсенділіктің өзара байланысқан
əдіснамалық принциптерінің негізгі бағыттарын қамтиды.
С.Л.Рубинштейн құрастырған онтологиялық принцип кəсіби
«Менді» «адам-əлем» қатынасының жалпы заңдылықтары
тұрғысында, əлеуметтік-психологиялық категория ретінде талдауға
мүмкіндік береді. Психологияның онтологиялық принципі, кəсіби
«Менді» жүзеге асырудың алуан түрлі тəсілдерін ашады, адамдағы
белсенділіктің қайнар көзі, өзінің қоршауының орталығы ретінде,
болмысты игерудің алуан түрлі типтерін ашады.
К.А. Абульханова-Славскаяның пікірі бойынша, тұлғаның
санасының өзіндік сана, рефлексия ретіндегі өзінің өмірлік
позициясын, өзіне қатынасын анықтау, ұғыну қабілеті ашылады.
Болашақ мамандардың кəсіби «Менін» креативті дамыту үдері-
сін түсіндіру үшін С.Л. Рубинштейннің «адамның құрылысы»
ретіндегі шығармашылық туралы іргелі идеясы ерекше құндылыққа
ие болады. Адам шығармашылықта ең алдымен, осы жолды жəне
өзін жолаушы ретінде қайта жасайды.
С.Л. Рубинштейннің ой-пікірлеріне сүйеніп, шығармашылықты
тұлғаның кəсіби «Менін» креативті дамытудың жасампаздық
қайнар көзі деп санаймыз. Бұл қағида бірінші кезекте күрделі жəне
көпқырлы анықталатын, тұлғаның көптеген қасиеттерін жүзеге
асырудың ортасына қатысты болады. Креативті даму үдерісінде,
тұлға өмірлік əлеуетті, идеалдарды жəне базалық сенімдерді жүзеге
асырады, туындатады, өзін үздіксіз кеңейтеді, іс-əрекет, қарым-
қатынас, таным тəсілдерін, өмір сүру стилін кəсіби «Менмен» сəй-
кес шоғырландырады.
Соған байланысты, К.А. Абульханова «шығармашылық ұғы-
мының, ең алдымен заттар мен өнімдерді құру саласына емес, адам-
дар қатынасына, олардың адамдығының деңгейіне» қатысты бола-
тынын атап көрсетеді. Мұнда шығармашылық жоғары гуманистік
идеалдарға сəйкес, адамзат қатынасын құрудан құралады.
Көріп отырғанымыздай, өзін-өзі жетілдіру жəне кəсіби өзін-өзі
дамыту зерттеулерінде, болашақ мамандардың шығармашылық ішкі
өміріне зейін аудару қажеттілігі көрсетілген.
Бұл тұрғыда А. Маслоудың пікірін атап өткен жөн, оның пікірі
бойынша, «шығармашылық – адамның əмбебап функциясы, ол
адамның өзін-өзі танытуының барлық формаларына əкеледі,
шығармашылық қабілеті туа біткен қабілет болып саналады, ол
əрбір адамның негізіне қаланған, арнайы талантты талап етпейді,
сондықтан шығармашыл адамдар ретінде үй шаруасындағы əйелдер,
бизнесмендер, профессорлар бола алады». Мұнда ол «алғашқы»
жəне «екінші» креативтілікті айқындайды.
«Алғашқы креативтілік» жаңашылдықтың қайнар көзі, идея-
|