Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет51/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   205
Акмеология

98
99
Акмеологияның маңызды міндеті ретінде, тұлғалық-кəсіби 
дамудың эталондары мен құндылық бағдарларды таңдауға көмек 
беру алынады. Бұл үдеріс дара жəне динамикалық болуы керек, 
аталған үдеріс дамудың сатылары мен кезеңдерін есепке алады, 
сол кезде ғана олар тежегіш рөлін атқармай, күшті стимул бола 
алады. Сəйкес жағдайлар мен факторларды анықтаумен байланысты 
аталған бағытты дамыту қажет. 
Тұлғалық-кəсіби дамудың жəне тұлғаның кəсібилік деңгейін 
арттырудың маңызды факторы ретінде, еңбек субъектілерінің дара 
ресурстығын түбегейлі қолдану жəне көбейту алынады. 
Өзін-өзі реттеудің жоғары деңгейі, кəсібиліктің жалпы, маңыз-
ды акмеологиялық инварианттарының бірі болып табылады. Өзін-
өзі реттеуді жүзеге асыру шеберлігі – іс-əрекеттің кəсібилігінің 
маңызды құрамдасы. 
Психологиялық өзін-өзі реттеуді акмеологиялық тұрғыда 
түсіндіру оны бірнеше аспектілерде қарастырудан құралады: 
♦ ішкі жəне сыртқы белсенділікті саналы басқару; 
♦ тұлғалық əлеуетті дамытуға бағытталған іс-əрекет; 
♦ аутопсихологиялық технологиялардың дара тəжірибесін жүйе-
леу жəне білім жүйесін меңгеру. 
Дара ресурстықты арттыру, нақты психологиялық, кəсіби 
маңызды сапаларды дамыту есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Атап 
айтсақ, ақпаратты талдаумен жəне жауапты шешім қабылдаумен 
байланысты кəсіби іс-əрекеттің тиімділігі көп жағдайда естің алуан 
түрлерінің даму деңгейіне тəуелді болады:
♦ тез, жылдам жаттау қабілеті;
♦ кəсіби маңызды ақпаратты берік сақтау жəне дəл қайта жаң-
ғырту; 
♦ ес процестерін ырықты басқару мүмкіндігі;
♦ есте сақталатын ақпараттың қорғалуы. 
Жеке уақыттық ресурсты қолданудың тиімділігі мен креативтілік, 
икемділік, толеранттылық, үлкен жүктемені көтеру қабілеті сияқты 
бірқатар тұлғалық-кəсіби сапалардың арасында тығыз байланыс 
болады. Тығыз байланыс тұлғалық уақыттық ресурстарды 
оңтайландыру мен еңбекке қабілеттілікті өзгертудің физиологиялық 
заңдылықтары арасында байқалады. Іс-əрекеттің тиімділігінің 
төмен болуы, уақыттық ресурстарды ұтымды қолданбау, тұлғаның 
мазасыздану, тұрақсыздану, депрессивті күй, басқаның пікіріне 
жоғары сезімталдық сияқты сапаларымен корреляциялайды. 
Арнайы акмеологиялық тренингтер құрастырылған, сонымен бірге
өзінің уақыттық ресурсын ұтымды қолдану бойынша ұсыныстар 
жүйесі құрылған. 
Қолданбалы акмеология үшін тұлғалық кəсіби даму үдерісіндегі 
ерікті реттеудің рөлін зерттеу аса құнды болып саналады. Ерікті 
сапалар бастамашылдық, мақсатқа ұмтылушылық, тəуекел ету 
қабілеті, автономиялық жəне дербестік сияқты тұлғалық-кəсіби 
сапалардың дамуына ықпал етеді, сонымен бірге тұлғаның 
субъективті ерікті мүмкіндіктерін анықтайды. Мінез-құлық пен іс-
əрекеттегі ерікті реттеу, аутопсихологиялық құзыреттіліктің даму 
деңгейімен тығыз байланысты, бұл өз кезегінде кəсіби іс-əрекеттің 
тиімділігіне əсер етеді. Кəсібиліктің дамуының алуан түрлі 
сатыларында ерікті реттеудің рөлі біржақты емес: бастапқыда оның 
рөлі зор болса, тұлғалық-кəсіби сапалар, дағдылар, біліктер, іс-
əрекеттің тиімді алгоритмдерінің даму шамасына, мінез-құлықтың 
жəне қатынастың нормативтілігінің артуына қарай оның рөлі
төмендейді. 
Ерікті реттеудің жəне іс-əрекеттің психологиялық сипат-
тамасының маңызды компоненті ретінде өзіндік бақылау алынады. 
Іс-əрекет пен мінез-құлықтағы өзіндік бақылау, тұлғалық бағалау, 
салыстыру, эталондарды таңдау, мінез-құлық пен қатынасты түзету 
туралы шешім қабылдау үдерістеріне əсер ететін кері байланыстар-
дың рефлексивті-реттеуші жүйесі ретінде қарастырылады. 
Жүйелі тұғырда жəне жалпы түрде өзіндік бақылауды үш-
компонентті құрылымы бар тұлғаның қасиеті ретінде көрсетуге 
болады. 
Бірінші компонент ретінде кəсібилік деңгейінің эталондары, 
мінез-құлық, іс-əрекет пен қатынастардың стандарттары, əлеуметтік 
жəне корпоративті нормалар алынады. 
Екінші компонент ретінде бақыланатын құрамдастар – тұлға-
ның, іс-əрекеттің, мінез-құлық пен қатынастардың негізгі тұлғалық-
кəсіби сипаттамалары. 
Үшінші компонент – «келісімнің бұзылуы» жəне оны жоюға 
ынталандыратын ақпарат беретін салыстырудың психологиялық 
тетіктері.
Өзіндік бақылауды жүзеге асырудың маңызды факторлары 
болып табылатын: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет