Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет53/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   205
Акмеология

102
103
арнайы ортада жүзеге аспайды. Сондықтан, аталған қалыптасу 
үдерісіне жəне оның нəтижесіне нақты жағдайлар мен факторлар 
тікелей əсер етеді. 
А.А. Деркач жəне В.Г. Зазыкин атап көрсеткендей, акмео-
логиялық зерттеу екі сатыдан тұрады: кəсіби дамудың іргелі 
заңдылықтарын іздеу жəне акмеологиялық факторлар мен 
жағдайларды іздеу. Мұнда акмеологиялық зерттеулердің өрісінде екі, 
тең объект зерттеледі: адам жəне кəсіби іс-əрекет. Акмеологиялық 
факторлар əдетте дамудың жоғары кəсібилігінің қозғаушы күштері, 
негізгі себептері ретінде анықталады, ал акмеологиялық жағдайлар 
– кəсібилікке жетудің маңызды жағдайлары ретінде анықталады. 
Кəсіби іс-əрекеттің субъектісіне қатынасы бойынша, акмеологиялық 
жағдайлардың аса объективті сипаты болады, ал акмеологиялық 
факторлардың аса субъективті сипаты болады. 
Н.В. Кузьмина акмеологиялық факторлары объективті, субъ-
ективті жəне объективті-субъективті факторларға бөледі. Кез 
келген адам үшін əмбебап, объективті (олар əртүрлі мамандық 
өкілдерінің кəсіби қалыптасуының үлгісін құруда есепке алынады) 
факторлар жоғары нəтижелерге жетуге бағытталған əрекеттердің 
шынайы жүйесімен жəне бірізділігімен байланыстырылады. 
Субъективті факторлар кəсіби жетістікке ықпал ететін кəсіби іс-
əрекет субъектісінің дара ерекшеліктерімен байланыстырылады. 
Олар əдетте кəсіби өсудің немесе кəсіби тоқыраудың себептерін 
түсіндіруде қолданылады. Объективті-субъективті факторлар кəсіби 
ортаның өзіне, ондағы əрекет ететін мамандардың кəсібилігіне жа-
тады. 
Акмеологиялық зерттеулерде сонымен бірге, акмеологиялық 
факторларды жалпы, ерекше жəне бірегей деп жіктеу қолданылады. 
Маңызды жалпы акмеологиялық факторлар болып саналатындар: 
мотивацияның жоғары деңгейі; жетістікке деген қажеттілік; жоғары 
тұлғалық-кəсіби стандарттар, жүзеге асыруға ұмтылыс, кəсіби 
қабылдаудың, ойлаудың жəне антиципацияның жоғары деңгейлері;
кəсіби шеберліктің беделі. Ерекше акмеологиялық факторлар кəсіби 
іс-əрекеттің нақты түрлерінде жоғары көрсеткіштерге жетуге ықпал 
етеді, бірегей факторлар іс-əрекет жəне кəсіби даму барысындағы 
дара көріністерді білдіреді. 
Тұлға қаншалықты көпқырлы жəне күрделі болса, оның ілгері
дамуына жəне кəсіби іс-əрекетте өзін-өзі жүзеге асыруына əсер 
ететін факторлардың саны зор болады. Сондықтан, акмеологияда 
дамуға ықпал ететін психологиялық, акмеологиялық жəне басқа 
жағдайлар мен факторлардың зерттелуі кең тарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет