Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


керек; – ақпараттармен  алмасудың  əмбебап  əдісі-ақпараттарды  ұсыну тілдері туралы білімдерін кеңейту үшін алынған білім



Pdf көрінісі
бет101/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

керек;
– ақпараттармен 
алмасудың 
əмбебап 
əдісі-ақпараттарды 
ұсыну тілдері туралы білімдерін кеңейту үшін алынған білім 
жəне біліктілікті күнделікті өмірдегі тəжірибелік іс-əрекетінде 
пайдалана білуі керек.
Информатикаға формальды тілдер ғылымының арасынан 
математиканың тiлi жақынырақ болып табылады. Математика 
саласының көптеген қосымша жиындары информатикадағы сан-
дар теориясы мен математикалық логикада орын алады. Есеп-
теу жүйесі (сандарды ұсыну тілі) жəне математиканың логикалық 
негізі (логиканың тілі) тақырыптары информатиканың маңызды 
негіздеріне жататынын осыған байланысты айтуымызға болады.


301
10.4 Сандарды беру тiлдерi: санау жүйесi
Оқу əдебиеттеріндегі тақырыпты ашу тəсілдері
«Санау жүйелері» тақырыбы сандардың математикалық теория-
сымен өзара байланыста болады. Бірақ бұл мектептегі математика 
курсында арнайы оқытылмайды. Компьютер жадында сандар екілік 
санау жүйесінде ұсынылатын болса, ал сыртқы ақпараттарды ұсыну 
үшін жадтың ішіндегілері, жадтың адрестері он алтылық немесе 
сегіздік санау жүйелерін қолданады, осындай байланыстарда бұл 
тақырыпты информатика курсында оқыту қажеттілігін көруімізге 
болады. Бұл программалау тілі немесе информатика курсының 
дəстүрлі тақырыптарының бірі болып табылады. Осы тақырып ма-
тематикамен шектесе отырып, оқушылардың іргелі математикалық 
білімін қалыптастыруға үлесін қосуда. Санау жүйелері туралы ұғым 
информатиканың алғашқы оқулығында [18] мүлдем айтылмай-
ды. Тек компьютердегі барлық ақпарат екілік түрде ұсынылатыны 
жайында ғана айтылған. Сол тəрізді [14] оқулық туралы да осылай 
айтуға болады. Екінші буын оқулықтары ішінде [15] оқулықта санау 
жүйелеріне баса назар аударылған. Бұл тақырыпқа «Санау жүйесі – 
сандарда берілген арнайы таңбалар (цифрлар) жиыны арқылы жазу 
əдісі», - деп анықтама берілген тұтас бір жеке параграф арналған. 
Осы авторлардың кейінгі оқулықтарында «Сандарды жазу əдісі 
нөмірлеу немесе басқаша санау жүйесі деп аталады» деген анықтама 
берілген [16].
Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбында «Компьютердің 
арифметикалық негіздері» тарауында сандардың тарихы жəне 
санау жүйелері туралы сұрақтар қарастырылады. Санау жүйелеріне 
«сандарды өрнектеудің қандай да бір тəсілі жəне оған сəйкес 
сандармен əрекет жасау ережелері» деген анықтама берілген [4].
Егер де санау жүйесін сандық ақпараттарды ұсыну тілі деп 
қарастыратын болсақ, онда жоғарыда берілген анықтамалар сандар 
тілінің тек алфавит, синтаксис жəне семантикасына ғана қатысты 
деп айтуымызға болады. Осы тақырыпқа сəйкес математикалық 
энциклопедиялық сөздікте келесідей толығырақ анықтама 
берілген: «Санау жүйесі – сандарды бейнелеу əдісі жəне соған 
сəйкес сандармен əрекет жасау ережесі» [12]. Сандармен əрекет 
жасау ережесінің астарынан осы санау жүйесінің шеңберіндегі 


302
арифметикалық есептеулерді орындау əдісін түсінуімізге болады. 
Бұл ережені сандар тілінің прагматикасы деп атауымызға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет