355
Оқытуды ұйымдастыру формалары: зертханалық-тəжірибелік
жұмыс.
Оқыту технологиялары мен əдістері: эвристикалық əдіс.
Оқыту құралы: оқу-əдістемелік əдебиет [2, 3], программалық
құралдар – Windows операциялық жүйелер жəне т.б.
Студенттердің алдын ала дайындығы: Компьютердің
программалық жабдықтамасы туралы түсініктерін жəне операциялық
жүйе құралдарымен ақпараттық кеңістікті құру дағдыларын
қалыптастыруға байланысты əдістемелік тəсілдерді оқып-үйрену.
Оқытудың технологиялық компоненті
І. Оқу ақпаратын құрылымдау.
1-тапсырма. Графикалық операциялық жүйеде пайдаланылатын
интерфейс элементтерін оқып-үйреніңіз. Нəтижелерін кесте түрінде
жалпылаңыз.
2-тапсырма. Жеке ақпараттық кеңістік жоспарын дайындаңыз.
Жоспармен сəйкестікте бума құрыңыз.
Сыртқы тасымалдаушыда
ақпараттық нысандарды сақтаңыз.
ІІ. Оқыту мазмұнын тəжірибелік іске асыру.
Оқыту мазмұнындағы аталған фрагмент үшін білімді, біліктілікті
жəне дағдыларды меңгеру сабағының немесе зертханалық жұмыс-
сабағының конспектісін дайындаңыз.
Оқыту мазмұнының бөлімдері:
1. Компьютердің негізгі компоненттері жəне олардың қызметтері
(процессор, енгізу жəне шығару құрылғысы, оперативті жəне
ұзақуақытты жады).
2. Компьютерді қауіпсіз
эксплуатациялаудың гигиеналық,
эргономикалық жəне техникалық шарттары.
3. Компьютер
жұмысының
программалық
принципі.
Программалық жабдықтама. Оның құрылымы.
4. ОЖ қызметі жəне сипаттамасы. Компьютерді іске қосу.
5. Берілгендер жəне программалар. Файлдар мен файлдық жүйе.
6. Пайдаланушы мен компьютердің командалық өзара əрекеті,
графикалық пайдаланушы интерфейсі.
7. Компьютерлік вирустар жəне антивирустық программалар.
Достарыңызбен бөлісу: