Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


ІІІ. Студент «портфолиосының» компоненттері



Pdf көрінісі
бет138/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

ІІІ. Студент «портфолиосының» компоненттері.
«Компьютер ақпаратты өңдеудің əмбебап құрылғысы ретінде» 


356
тақырыбы бойынша қызықты фактілерді қамтитын гипермəтіндік 
құжат құраңыз. Бұл құжатты пайдаланудың əдістемесін сипаттаңыз.
Операциялық жүйе құралдары ақпараттық кеңістігін құру техно-
логиясын бейнелейтін блок-схема дайындаңыз.
ІV. Рефлексия.
«Ойға шабуыл» оқу сабағы. Сұрақтарға жауап беріңіз:
– сабақтағы қандай жетістіктермен мен бүгін қуана аламын?
– не орындалмай қалды жəне мен не туралы өкінемін?
Əдістемелік нұсқаулар
Сабақтың конспектісін дайындау тапсырмасы сабақ типін 
мақсатқа бағыттау тұрғысынан негіздеуді ұсынады. Зертханалық 
жұмыс элементтерімен сабақ конспектісін дайындау тəжірибелік 
тапсырмаларды орындау мысалдарымен міндетті түрде беріледі.
Əдебиеттер 
1. Кушниренко А. Г. Основы информатики и вычислительной техни-
ки: учеб. пособие для учащихся / А. Г. Кушниренко, Г. В. Лебедев,
Р. А. Сворень. – М.: Просвещение, 1985 (ч.1), 1986 (ч.2).
2. Ермеков Н., Стифутина Н. Информатика: Жалпы білім беретін 
мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. 3-басылымы, өңделген. – Ал-
маты: Атамұра, 2012. – 224 бет, суретті, кестелі.
3. Шевчук Е. В., Кольева Н. С. Информатика. Жалпы білім беретін 
мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы, «Мектеп», 2008. 
– 128 б.
4. Селевко Г. К. Педагогические технологии на основе дидактического и 
методического усовершенствования УВП. – М.: НИИ школьных техно-
логий, 2005.


357
13-ТАРАУ
АЛГОРИТМДЕУ ЖƏНЕ ПРОГРАММАЛАУ 
МАЗМҰНДЫҚ ЖЕЛІСІН ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ
13.1 Алгоритмдеу мен программалауды оқытудың 
əдістемелік тəсілдері
Алгоритмдеу тақырыптарының мазмұны мына ұғымдар 
тізбегі арқылы анықталады: алгоритм, алгоритмнің қасиеттері, 
алгоритмді орындаушылары, орындаушының командалар жүйесі, 
алгоритмді орындау түрі, негізгі алгоритмдік құрылымдар
көмекші алгоритмдер (4-қосымша).
Мектептік жоспар бойынша информатика пəнінде алгоритмдеуді 
оқытудың екі мақсаттық аспектісі бар:
Бірінші – дамытушы аспект, оқушылардың алгоритмдауды 
меңгере дамуы.
Екінші – программалық аспект. ЭЕМ үшін программа құру, 
алгоритм құрудан басталады.
Кəсіби программистің білім сапасы – алгоритмдық ойлау 
қабілетінің кең дамуы болып табылады. Бастапқыда айтылған 
екі аспектіні талдайтын болсақ: бірінші аспект информатика 
курсының іргетасты компоненті болып табылады. Онда оқушылар 
программалық тілдердің жоғарғы деңгейлі екендігімен, жаңа үлгідегі 
программа құру жобасымен танысады. Соның арқасында оқушылар 
”трансляция” (эфирге шығару) деген түсінікті қабылдайды. Екінші 
аспект профориенталдық сипаттамасын негіздейді. Программист 
мамандығы қазіргі уақытта кең жайылған жəне танымал. Мектеп 
қабырғасындағы программалауды оқыту, оқушылардың өз білім 
деңгейін тексеруге жəне бағалауға көмектеседі. Бұл əсіресе, жоғарғы 
сыныптар жəне информатика курсы тереңдетіліп оқылатын сынып-
тар үшін қолайлы əдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет