51
информатиканы оқыту болып табылатын педагогикалық ғылымның
жаңа саласының қалыптасуына жол ашты. Ғылыми мамандықтардың
ресми жіктелуі бойынша, оған қоғам
қойған мақсаттарға сай
дамуының қазіргі кезеңiнде информатиканы оқыту заңдылықтарын
зерттейтiн педагогиканың бұл саласы «Информатиканы оқыту
мен тəрбиелеу теориясы мен əдiстемесi» (бiлiм беру деңгейлерi
бойынша) деген атауға ие болды. Тіпті, ғылыми бағыттың қиын
оқылатын түсіндірмесінен көрініп тұрғандай, классификатор
жолы педагогикалық ғылымның осы саласының мейлiнше
тұтастық пен толықтыққа айқын ұмтылатындығын көрсетеді.
Келтірілген тұжырымдамадан, информатиканы оқыту əдістемесі
мен
теориясына, ол қай жерде, қандай деңгейлерде: мектепке
дейінгі, мектептегі кезеңде, барлық орта білім беру орындарында,
жоғары оқу орындарында, информатиканы өз бетімен оқуда жəне
қашықтықтан оқыту түрлерінде жəне т.б. жүргізілмесін, барлық
жерде информатиканы оқыту үдерісін
зерттеуді жатқызу керек
екендігі шығады. Осы айтылған салалар қазіргі кезде заманауи
педагогикалық ғылымның алдында өзіне тəн ерекше проблемаларын
қойып отыр. Бізді, бұл жағдайда, бірінші кезекте информатиканы
оқыту əдістемесінің информатиканы оқытуды орта мектепте жалпы
білім беретін информатика пəні шеңберінде қарастырылатын саласы
қызықтырады.
Информатиканың
əдістемесінде
берілген
анықтамадағы
информатиканы ғылым ретінде оқытуда бұл ғылыми саланың дайын
күйде бар екендігін білдірмейтіндігі байқалады. Информатиканы
оқыту теориясы мен əдістемесі бүгінгі таңда қарқынды даму үстінде.
Мектеп информатикасының енгеніне бірнеше ондаған жылдар болса
да, көптеген мəселелер жаңа педагогикалық ғылымда жақында ғана
пайда болып, терең теориялық негізге ие болып, ұзақ тəжірибелік
тексеруден өтіп үлгермеуде.
Оқытудың ортақ мақсаттарына
сай информатиканы оқыту
əдістемесінің алдында мына негізгі міндеттер тұр: информатиканы
оқытудың нақты мақсаттарын, сонымен бірге сəйкес жалпы
білім беретін пəннің мазмұны мен орнын орта мектептің оқу
жоспарына сəйкес анықтап, мектепке, пəн мұғаліміне мақсатқа
жетуге бағытталған ұтымды əдістер мен оқытудың ұйымдастыру
формаларын жасап, ұсыну; информатиканы оқыту құралдарының бар
жиынтығын (оқу
құралдары, программалық құралдар, техникалық
52
құралдар жəне т.б.) қарастырып, мұғалім жұмысы тəжірибесінде
оларды қолдану бойынша əдістемелік ұсыныстар жасау.
Басқа сөзбен айтсақ, информатиканы оқыту əдістемесінің
алдында басқа мектеп пəндерінің əдістемесі сияқты, дəстүрлі негізгі
үш сұрақ тұрады:
– информатиканы не үшін оқытамыз?
– ненi оқытамыз?
– информатиканы қалай оқытамыз?
Информатиканы оқыту əдістемесі – жаңа ғылым, бірақ ол
құр жерден қалыптасып жатқан жоқ. Жалпы кибернетикалық
білім берудің мақсаты
мен мазмұнын алдыңғы қатарлы, iргелi
дидактикалық зерттеулер, информатика пəнін енгізгенге дейін
отандық мектептерде жинақталған оқушыларды кибернетика
элементтеріне оқытудағы практикалық тəжірибелер, алгоритмдеу,
программалау, логика элементтері, есептеуіш жəне
дискретті
математика, информатиканы оқытудағы жалпы білім беретін негізгі
мəселелерді қайта өңдеу жалпы жарты ғасырлық тарихты қамтиды.
Информатика əдістемесі педагогикалық ғылымның iргелi бөлімі
ретінде өз дамуында философияға, педагогикаға, психологияға,
информатикаға, сонымен бірге орта мектептің кең көлемді
практикалық тəжірибесіне сүйенеді.
Информатиканы оқыту əдістемесіне біріктірілген əдістемелік-
педагогикалық білім мен тəжірибелердің барлық жиынтықтарынан,
“Информатика” мамандығына мұғалімдерді дайындайтын білім беру
бағдарламасына енетін жоғары кəсiптiк білім берудің Мемлекеттік
стандартына сай «Информатиканы оқыту теориясы мен əдістемесі»
оқу пəні ерекше орынға ие болады [25]. «Информатиканы оқыту
əдістемесі» оқу курсы ең алғаш педагогикалық жоғары оқу
орындардың оқу жоспарына 1985 жылы
физика-математика
факультеттерінің құрамында «Информатика» қосымша мамандығы
бойынша мұғалімдерді дайындауды ұйымдастыруға байланысты ен-
гізілді [26]. Сонан соң осы курс бойынша оқу құралы пайда болды
[27]. 1993 жылы бірінші рет негізгі мамандығы «Информатика»
мұғалімі болатын талапкерлер қабылданды (Омбы пед. университе-
ті [28]). 1995 жылдан бастап “Информатика” мамандығы бойынша
жоғары педагогикалық білім берудің Мемлекеттік стандарты іске
асырылуда. Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарында
да информатикадан «негізгі» мұғалімдерді дайындау кең дами
53
бастады. Бұған
қарамастан, болашақ информатика мұғалімдерінің
ұзақ мерзім ішіндегі əдістемелік дайындығының мазмұны – оның
кəсiптiк дайындығындағы əлсіз бөлігі [29] екендігі байқалып,
дұрыс сынға алынды. Ұзақ уақытқа дейін кафедралар мен студент-
терге негізінен мерзімді басылымдарды пайдалануға тура келге-
ніне қарамастан, қазіргі кезде информатиканы оқыту əдістемесі
бойынша оқулықтар біртіндеп шыға бастады. Болашақ информатика
мұғалімдерінің əдістемелік дайындығына ресми бағдар ретінде сол
кезде ұсынылған оқу бағдарламаларын жатқызуға болады [30]. Бұл
оқу пəнінің мазмұны информатиканы оқыту əдістемесінің жалпы
теориялық негізін, негізгі программалық-техникалық құралдардың
жиынтығын, сонымен қатар, мектеп информатика курсының нақты
тақырыптарын оқып-үйренудің əдіс-тəсілдерін қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: