Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жоғары



Pdf көрінісі
бет207/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

19.3 Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жоғары 
сыныптарда информатиканы кəсіби саралап оқыту 
əдістері
Əдіснамалық тұрғыдан қарастырғанда қоғамдық-гуманитарлық 
бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы оқыту үдерісіне 
келесі сəттерге көңіл аудару керек.
Информатиканың маңызды ұғымдарының бірі «ақпараттық мо-
дель» ұғымы болып табылады. Ақпаратпен жұмыс істеген кезде біз 
дайын ақпараттық модельдермен жұмыс істейміз (оларды бақылаушы 
рөлінде боламыз) немесе ақпараттық модельдерді өзіміз құрамыз. 
Компьютердегі кез келген үдерісті ақпараттық модельдеуді құрусыз 
жəне зерттеусіз оқыту мүмкін емес. Модельдеудің іс-əрекеттік си-
патын атап өту маңызды. Ақпараттық модельдеу информатиканың 
зерттеу объектісі ғана емес, танымдық, оқу жəне тəжірибелік іс-
əрекеттің маңызды тəсілі болып та табылады. Сонымен қатар, оны 
ғылыми зерттеу жəне іс-əрекеттің өзіндік əдісі ретінде қарастыруға 
болады.
Мектеп информатика курсының теориялық жəне тəжірибелік 
компоненттерінің мазмұны елуде елу пайыздық қатысында құрылған. 
Тəжірибелік жұмыстарды орындағанда басқа пəндік салалардың 
өзекті мазмұндық материалдары мен тапсырмаларын қолданған 
дұрыс. Əдетте, мұндай жұмыстар бірнеше оқу сағаттарына 
есептелінеді. Практикалық жұмыстың бір бөлігі (ең алдымен, 
ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын қолдануды 
талап етпейтін дайындық кезеңі) оқушылардың үй тапсырмалары-


480
на, жобалық іс-əрекетіне енгізілуі мүмкін; жұмыс бірнеше бөлікке 
бөлініп, бірнеше апта бойы іске асырылуы мүмкін. Жұмыс көлемі 
мектеп компонентін жəне басқа пəндермен сабақтастықты қолдану 
есебінен ұлғайтылуы мүмкін.
Жалпы білім беретін мектепте информатиканы оқытуды «спираль» 
бойынша ұйымдастырған абзал: барлық оқытылатын тақырыптар 
ұғымдарымен алғашқы танысу, содан кейін оқытудың келесі саты-
сында бұл модульдердің мəселелерін осы модульге қатысты жаңа 
ұғымдарды енгізе отырып, нақты түрде сапа жағынан жаңа негізде 
оқып үйрену жəне т.б. Мұндай «спираль орамдарының» саны нақты 
мектептегі информатика пəніне берілетін оқу сағаттарының саны-
на байланысты екі немесе үшеу болуы мүмкін. Жоғарғы мектептің 
базалық деңгейінде бұл негізгі мектептің информатика курсының 
негізгі мазмұндық желілерін жан-жақты анағұрлым тереңірек оқып 
үйренуге жағдай жасайды, екінші жағынан бұл оқытудың нақты 
кəсібилендірілуіне мүмкіндік ашады.
«Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы» тақырыбының мазмұнын 
ашуда оқушылар информатиканың іргелі ұғымдары саласы бо-
йынша өз білімдерін тереңдетеді жəне жүйелейді. Оқыту АКТ-мен 
толық жабдықталған жағдайда, яғни компьютерлерден өзге əр түрлі 
перифериялық құрылғылары бар, соның ішінде процестерді визуа-
лизациялау, компьютерді басқаратын əр түрлі құрылғылары оқыту 
бар ортада жүзеге асатын болса, онда оқытудың тиімділігі артады. 
Бұл бөлімнің мазмұны инварианттықтың жоғары дəрежесіне ие. 
Есепті шығару негізінде, соның ішінде алгоритмдік тілдерді қолдану 
арқылы жүйелік жəне алгоритмдік ойлаудың дамуы жалғасады. Бұл 
іс-əрекеттің тікелей жалғасы тəжірибелік жұмыс болып табылады.
«Ақпараттық модельдеу» тақырыбын оқып игеру табиғаты 
əр түрлі жүйелерде (физикалық, техникалық жəне т.б.) басқару 
модельдерін сипаттау жəне құру біліктіліктерін қалыптастыруға, 
сонымен қатар жаратылыстану, қоғамтану, математика жəне 
т.б. аумақтарда модельдер мен модельдеуші программаларды 
пайдалануға бағытталады.
Информатиканы оқытуда ақпараттық-коммуникациялық тех-
нологиялар жəне сандық білім беру ресурстары білім беру, ди-
дактика жəне танымдық сипаттағы құралдар ретінде пайдаланы-
лады. Оқу бағдарламасында оқушыларды ақпараттық орта құру 
бойынша ақпараттық саясатты жүргізу қажеттілігіне, сонымен 


481
қатар адамзаттың орнықты дамуын жəне «өмір бойы білім алу» 
мəселелерін шешу қажеттіліктеріне сендіретін оқытудың іс-əрекеттік 
жəне құзырлылық көзқарастары ерекше орын алады.
Аталған пəнді оқып үйрену келесі біліктіліктердің одан əрі да-
муына көмектеседі:
– ақпаратты жүйелі түрде талдау,
– əр түрлі дерек көздерден ақпарат іздеу,
– өз ойлары мен көзқарастарын жеткізе білу,
– модельдеу,
– болжау,
– өзіндік жəне ұжымдық іс-əрекеттерді ұйымдастыру.
Қазақстанда ақпараттық қоғамның дамуымен мектеп информа-
тикасы пəнінің мазмұнына келесі ұғымдар мен терминдер енгізілді: 
ақпарат, ақпараттық үдерістер, ақпараттық модельдеу, ақпараттық 
мəдениет, ақпараттық ресурстар, алгоритм, орындаушы, програм-
ма, операциялық жүйе, программалық жабдық, аппараттық жабдық, 
ақпараттық-коммуникациялық технология жəне т.б.
Мектеп информатикасының бастауыш курсы ақпараттың 
алғашқы ұғымынан адамның табиғатпен өзара қатысы туралы 
білімдерін біріктіретін оқытушылардың ақпараттық мəдениетін 
қалыптастыратын курсқа айналады.
Оқыту 
бағдарламасының 
базалық 
мазмұны 
мұғалімге 
оқушыларда теориялық білім негізінде тəжірибелік есептерді шешу 
біліктіліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Оқу материалының 
практикалық 
жұмыстары 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың көмегімен бағалау, болжау, түсіндіру, сипат-
тау, анықтау, атау жəне көрсету біліктіліктерін қалыптастыруға 
бағытталған. яғни жеке курс шеңберінде күтілетін нəтижелерге же-
туге жағдай жасайды. Мұнда курстан курсқа өткенде бағалау мен 
болжауға берілетін тапсырмалардың саны ұлғая береді, ал соңғы 
кезеңінде мұндай типті тəжірибелік жұмыстардың сандық үлесі 
үстем болады.
Тəжірибелік жұмыс жүйесі оқушының негізгі теориялар мен 
біліктіліктерді, үдерістер мен құбылыстарды, ақпарат туралы 
білімдерін информатиканың ғылыми тұрғыда берілетін информа-
тика курсының мазмұнымен үйлестіре білуге мүмкіндік береді. Бұл 
тəжірибелік-бағытталған тапсырмалардың кешенді сипатының шар-
ты болып табылады.


482


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет