Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет204/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

міндеттері:
– əлемдік бейнені қалыптастыруда, қоғамдағы ақпарат пен 
ақпараттық процестердің мəнін айқындайтын информатиканың 
білімдерін меңгерту;
– мектеп пəндерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық тех-
нология құралдарын қолдана отырып, ақпараттық модельдерді 
нақтылы обьектілер мен үдерістерді түрлендіру, талдау жəне оны 
қолдана білу дағдыларын игерту;
– түрлі мектеп пəндерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық 
технология құралдары мен информатиканы оқыту əдістерін 
оқушының өзіндік танымдық іс-əрекетін жəне шығармашылық 
қабілетін дамыту.


475
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жоғары сыныптар 
оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
10-сынып оқушылары:
Нені білу керек:
– тұйықталған жəне ашық ақпараттық жүйелер ұғымын;
– кері байланыс ұғымын;
– мəтіндік ақпаратты өңдеудегі компьютерді программалық 
қамтамасыз етудің мəнін;
– объектілі-бағдарланған программалау ұғымын;
– макростар ұғымын;
– объектілі-бағдарланған программалау ортасында символдық 
өңдеудің мəнін;
– аударма программаларының мəні;
– порталдар ұғымын;
Нені меңгеру керек:
– тұйықталған жəне ашық ақпараттық жүйелерде тапсырмалар 
орындауды;
– мəтіндік ақпаратты өңдеудегі компьютерді программалық 
қамтамасыз етумен жұмыс істеуді;
– вирустан қорғау программаларымен жұмыс істеуді;
– объектілі-бағдарланған программалау ортасында символдық 
айнымалыларды программалауды;
– аударма программаларымен жұмыс істеуді;
– веб-сайттар мен порталдардың мүмкіндіктерін қолдануды.
11-сынып оқушылары:
Нені білу керек:
– ақпараттық жүйенің құрылымын;
– ақпараттық жүйеде жұмыс істеу технологиясын;
– баспа қызметі жайлы түсініктерді;
– баспа қызметін қолдаудың үш кезеңін;
– баспаны дайындау жұмыстарының негізгі объектілерін;
– мəтіндік құжаттарды орналастыруға беттерді дайындауды;
– мəтінді өңдеу технологиясын;
– мəтінді пішімдеудегі мəтіндік процессордың мүмкіндіктерін;
– Word-тың графикалық мүмкіндіктерін;
– иллюстрациялармен жұмыс істеу технологияларын;
– «верстка» ұғымын;
– көпбағандық «верстканы» орындау технологиясын.


476
Нені меңгеруі керек:
– мəтінді теруді жəне өңдеуді;
– иллюстрациялар қосуды;
– иллюстрацияларды өңдеуді;
– программа ортасында шаблон-беттерін құруды;
– мəтіндік блоктарды қоюды жəне безендіруді;
– иллюстрацияларды қоюды жəне өңдеуді;
– бетке мəтін мен графиканы біріктіріп орналастыруды;
– кез келген түрдегі баспа өнімін версткалауды;
– бетке əр түрлі типті объект үзінділерін əдемі орналастыруды.
Қоғамдық-гуманитарлық 
бағыттағы 
жоғары 
сыныптар 
оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын аталған талаптар 
негізінде бұл пəннің мазмұны анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет