Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Ақпарат жəне ақпараттық процестер



Pdf көрінісі
бет206/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

Ақпарат жəне ақпараттық процестер (2 сағат)
Ақпараттық революцияның рөлі мен оның сипаттамасы. 
ЭЕМ буындарына қысқаша сипаттама жəне оларды ақпараттық 
революциямен 
байланыстыру. 
Индустриалдық 
қоғамды 
ақпараттандырумен түрлендіру процесі ретінде қарастыру.
Компьютер ақпараттарды өңдеу құралы (2 сағат)
Баспа жүйелерін өңдеудегі техникалық құралдар. Компьютерлік 
технологияның ерекшеліктері. Компьютерлік вирустар мен оның 
типтері.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (30 сағат)
Баспа жүйелерінің мəні. Аппараттық деңгей: ақпаратты 
енгізу жəне шығару құрылғылары, ақпараттарды өңдеу мен оны 
сақтау құрылғылары. Программалық деңгей: бейнелерді өңдеу, 
полиграфиялық дизайн, баспа жүйелері. Қолданушылық деңгей. 
Баспаға беру объектілері. Құжаттарды құру объектілерін топтау. 
Құралдарды топтау.
Мəтіндерді енгізу мен оны редакторлау. Мəтіндерді енгізу 
ережелері. Редакторлау ұғымы. Орфографияны тексеру. Мəтін 
үзінділерін алмастыру технологиясы.
Форматтау ұғымы. Қаріп форматы. Азат жолдарды форматтау.
Стильдік форматтау. Стильмен жұмыс жасау технологиясы. 
Тақырыптар мен тақырыпшаларды безендіру. Колонтитулдарды 
құру. Сыртқы бетті қалай безендіруге болады? Фигуралық мəтіндерді 
безендіру. Суреттерді қалай қоюға болады?
Иллюстрациямен жұмыс. Иллюстрацияны қою. Иллюстрация-
мен жұмыс жасау технологиясы. Иллюстрация өлшемдерін өзгерту.
Беттерге макет жасау. Көпбағандық терілім. Екібағандық 
жолақтардағы терілім. Үшбағандық жолақтардағы терілім. Кəсіптік 
баспа жүйелерімен жұмыс жасау технологиясы.
Баспа жүйелері мен мəтіндік процессорға салыстырмалы тал-
дау. Екеуіне ортақ қызметтер. Кəсіптік баспа жүйелеріне шолу жəне 
оның мəні. Түрлі форматтағы объектілерді конвертациялау техноло-
гиясы.
Беттеу. Бет параметрлерін беру. Бет шаблондарын құру. Мəтіндік 
бөліктерді қою мен оны безендіру. Иллюстрацияларды редакторлау 
мен оны импорттау. Графика мен мəтінді орналастыру.


479
Оқу пəнінің вариативті бөлігі
Білім мазмұнының вариативті бөлігі оқушылардың дамуының 
жеке сипатын қамтамасыз етеді жəне оқушылардың тілектері мен 
ата-аналарының сұраныстарын ескере отырып құрылады. Пəнді 
қосымша оқытудың мынадай бағыттары ұсынылады: «Əлеуметтік 
информатика», «Web-дизайн», «Flash-технологиялар», «Қазіргі 
заманғы офистік техникалар», «Əлемдік ақпараттық ресурстар», 
«Мультимедиа-технологиялар», «Компьютерде 
іс-қағаздарын 
жүргізу», «Компьютерлік модельдеу», «Баспалық жүйелер» жəне 
т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет