73
ары қарай дамуы бұл курстың жалпы бiлiм беру қызметiне зор назар
аударудың айқын тенденцияларына,
оқытудың жалпы мiндеттерiн
шешуге арналған потенциалдық мүмкiндiктерiне байланысын
белгiледi. Басқа сөзбен айтқанда қолданбалы есептерден бастап
бағалы, жалпы бiлiм беру оқу пəнiне компьютерлiк сауаттылықты
қалыптастыру. Мектепте оқытудан компьютерлiк сауаттылық пен
ақпараттық мəлiметтi қалыптастыру мақсатының бөлiнген сипатта-
масы оқу-əдістемелік қамтамасыз ету жүйесiн құруға жаңа тəсiлдi
қажет етедi. Бұл мекеменiң
шешiмiмен қалыптасқан, сол уақытта
жекеше мақұлданған оқу бағдарламалық кешендерi ұсынылды,
олар: А. А. Кузнецовтың информатикадан базалық кешенi [34, 20-
23 б.] сол сияқты, орта мектепке арналған үздіксіз курстың А. Л.
Семенов пен Н. Д. Угриновичтың [34, 23-29 б.], Е. Я. Коган мен
Ю. А. Первиннің [34, 29-36 б.] жасаған екі нұсқасы болды.
Информатика саласынан оқушыларға бiлiм берудiң іргелі, жалпы
бiлiм беру негiзiн iздеу мiндетiне ерекше көңiл аудару тағы да осы
мəселенiң қарапайым емес екендiгiн растады [35]. 1990 жылдардың
екiншi жартысында талқылауға арналған келесi мəселе, яғни инфор-
матикадан жалпы бiлiм берудiң дамуына, мектеп информатикасының
іргелі негiзiне сүйенiп – информатиканы
оқытудың мазмұнын
«технологияландырудың» етек алу қаупi шиеленiстi.
Бұған алғашқы себеп, дербес компьютерлерде жүзеге асы-
рылатын, практикалық iс-əрекеттiң əртүрлi салаларында кеңiнен
таралымға ие болған ақпараттық технологиялар (АТ) болды. Со-
нымен қатар қоршаған ортаның қолдауына ие болған, жастарды АТ
қолданудың практикалық дағдыларына оқыту оқушылардың жəне
олардың ата-аналарының қызығушылығын тудырды.
Бiрақ бұл шын мəнiнде позитивтi үдерістер, аса прагматикалық
тұжырымдамасы оқушыларға арналған информатикадан оқу
құралдары мен жекелеген мектеп бағдарламаларының мазмұнына
керi əсер етуiне алып келдi [35, 36]. Нəтижесiнде информатика сала-
сынан іргелі, жалпы бiлiм беретiн негiзiн мектепте бiлiм беру сала-
сынан «ығыстыру» қаупi пайда болды, ал мектептегi оқу жоспарын-
да бiлiм берудiң жаңа саласы «Технология»-ның
пайда болуымен
мектептегi жеке информатика пəнi толығымен жоғалып кеттi.
«Дөңгелек үстелге» қатысушы педагогтардың пiкiрлерiнен
«мектептегi информатика пəнiнiң болашағы – оның іргелі
компоненттерiнiң дамуы, ақпараттық технологиялар саласына ба-
74
туында емес» деп қорытынды жасауға болады. Қатысушылардың
iшiндегi ең өктем, жоғарыда айтылған
көзқарастарды жақтайтын
пiкiрлердi келтiрейiк.
Достарыңызбен бөлісу: