Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАРАУ ОҚУ ПƏНДЕРI ЖҮЙЕСIНДЕГI ИНФОРМАТИКА



Pdf көрінісі
бет40/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

5-ТАРАУ
ОҚУ ПƏНДЕРI ЖҮЙЕСIНДЕГI ИНФОРМАТИКА 
КУРСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖƏНЕ МЕКТЕПТIҢ 
БАЗИСТIК ОҚУ ЖОСПАРЫ
5.1 Мектептегi информатика курсының алатын орны 
жайлы мəселелер 
Мектепте оқытуда оқу пəнiнiң алатын орны (оқу жылдары бо-
йынша басқа пəндермен салыстырғандағы сағат көлемi жəне оқыту 
мерзімі) мектептiң оқу жоспарымен анықталады. Бұрынғы кезде ұзақ 
уақыт бойы бiздiң мектептер барлық мектептерге арналған бiрдей 
мазмұнда оқу жоспары бойынша жұмыс жасады. Оқу пəндерiнiң 
тiзiмi мен ережелер жиынтығы орталық бiлiм беру басқармасында 
қатаң түрде белгiленiп, аймақтық жəне мектептiк деңгейде оның 
ешбiр бөлiгi өзгертiлмейтiн болды. Мұндай жағдай (факультативтiк 
пəндер тобын оқу жоспарының бөлiгiне енгiзiлуiне байланы-
сты 1960 жылдардың ортасына қарай бiр ғана ерекше құбылыс 
болған вариативтiлiктiң аздаған факторларын есептемегенде) өткен 
ғасырдың 1980-1990 жылдарына дейiн сақталып келдi.
Сонымен, 1985 жылы жүзеге асырылған «Информатика жəне 
есептеуiш техника негiздерi» жаңа оқу пəнiн мектепке енгiзу 
кезiнде бұл пəннiң «қатаң» оқу жоспарында (яғни, ешбiр бүкпесiз 
бiлгiрлiкпен оқу пəнiнiң аты, оған тиiстi оқыту мерзiмi мен сағат 
көлемi нақты белгiленген) алатын орны жəне белгiлi болғандай мек-
тепте соңғы екi жылда (ол уақытта 9 жəне 10 сыныптарда) оқыту 
анықталды.
Жоғарыда айтылып өткендей, бастапқыда информатика 
курсының тек қана жоғары сыныптарда белгiленген ережелер 
жиынтығы уақытша жағдай ретiнде танылды. Сондықтан, жаңа 
пəндi оқытудың бiрiншi бесжылдықтың соңына қарай мектептегi 
информатика курсының алатын орны мəселесiн шешу екi факторға: 
бiрiншiден, курсты «төменге», яғни орта жəне бастауыш сыныптарға 
ауыстыру қажеттiлiгiне, екiншiден, нақты сол уақытта өзгере 
бастаған жəне ұзақ уақыт бойы сақталған жалпы негiздердi күрт 
өзгерткен оқу жоспарының тұжырымдамасына тəуелдi болды.


100
Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандарға, басынан бастап (1990 
жылдың басынан) оқу жоспарының тұжырымдамасын қарастырумен 
қатар, бұл үдеріске информатика саласына байланысты мектеп бiлiм 
берудiң құрылымы мен мазмұны туралы жүзеге асырылуы мүмкiн 
емес əр түрлi жобалар қарастырылды жəне бұл жағдай ұзақ уақыт 
бойы мектеп информатикасы тағдырының созылмалы компонентi 
ретiнде сақталуын қосу керек. 
Осы үдерістің басынан басталатын қиыншылықтар [14] (сондай-
ақ, бiршама қызу түрде, ИЕТН курсының орнын анықтауға бай-
ланысты сол уақыттағы жағдайына тəн ауыртпалықты бiлдiруi) 
толық көрсетiлген. 1990 жылдар басында мектептегi информатика 
курсының жағдайына қысқаша талдау жасайық. 
80-90 жылдары қатаң оқу жоспарын пайдаланудың ұзақ 
мерзiмiнен кейiн қоғамда болып жатқан демократиялық өзгерiстердiң 
нəтижесiнде мектеп «жоғарыдан берiлетiн» оқу жоспарын түзей ала-
тын немесе өзi таңдай алатын жағдайға жеттi. Мысалы, 1989-1990 
жылдары оқу жоспарының 15 нұсқасы ұсынылды [11, 12, 17]. Ал 
сол уақытта базистiк оқу жоспарының жаңа тұжырымдамасын жа-
сау жұмыстары жүрiп жатты.
Еркiн таңдау дəуiрiнiң келгенiн бiлдiретiн, информатика 
курсының қанағаттандырарлықсыз жағдайын түзетуге болатын 
(жарияланған еркiндiк аумағында) оқу жоспарының 15 нұсқасында 
не берiлдi? Бұл жоспарларда информатика курсы жеке пəн ретiнде 
аталмағаны, ал оның орнына «Математика, информатика жəне 
есептеуіш техника» пəнi берiлгенi тез анықталды. Ұсыныстардың 
нақты болмауына байланысты мектептер бұрынғы əдiс бойынша 
ИЕТН курсы 102 сағат бөлiнетiн жəне компьютерлендiру заманында 
10 жəне 11 сыныптарға сəйкес аптасына 1 жəне 2 сағаттан бөлiнетiн 
ескi тəртiптi ұстанды.
Ашық түрде бұл «қағидалар» бүкiлодақтық мемлекеттiк 
(базистiк) оқу жоспары жобасының негiзiнде жасалған. Бұл 
жоспарлардың құрылымды-мазмұнды «жетiстiктерi» информатика 
пəнiн оқитындарға қатысты келесiдей болады: 
1. Бастауыш мектеп оқу жоспарының алты нұсқасының екеуiне 
«Математика, құрастыру жəне ЭЕТ» бiрiктiрiлген пəнi енгiзiлдi.
2. Информатика курсы математикадан бөлiндi, бiрақ орта мектеп 
үшiн ұсынылған 8 нұсқаның ешқайсысында одақтық-республикалық 
құрамына енгiзiлмедi. «Республикалық құрам» тобында пəн ретiнде 


101
ИЕТН курсы «дəстүрлi» 10 жəне 11 сыныптарда, еңбек, физика-
математикалық жəне жаратылыстану бағыттағы 10-сыныпта апта-
сына 1 сағат, 11-сыныпта 2 сағат; ал гуманитарлық жəне эстетикалық 
бағыттағы сыныптарда аптасына 1 сағат өткізілді. 1990 жылдардың 
басындағы оқу жоспарында берiлген мүмкiндiктердiң шектеулi 
жəне консервативтi сипатта болғанын көруге болады. 1989 жылдың 
экспериментальді емес, жай оқу жоспарларында ИЕТН курсын 
төменгi сатыларға «жылжытудың» («математика, информатика жəне 
ИЕТН» бiрiктiрiлген курсы шегiнде) теориялық мүмкiндiгi сақталса, 
ал «экспериментальдық» жоспарларда 10 жəне 11 сыныптардағы 
басқа пəндердi оқытуда информатика саласының бiлiмiн кеңінен 
пайдалану идеясына қарама-қарсы болды.
Сол кездегi «экспериментальдық» жобаларда мектеп компоненті 
жəне мектеп кеңесi бөлуіне рұқсат берілген уақыт кеңістiгi (сыныпқа 
байланысты аптасына 2 сағаттан 6 сағатқа дейiн) болғанын да айта 
кету керек. Түсiндiрме хатта «бұл əрбiр мұғалiм мен мектептiң, 
бүкiл ұжымының шығармашылық белсендiлiгiне кең мүмкiндiк 
бередi» деп атап көрсетiлдi. Əрине, хатта əдемi жазылған, бiрақ 
«кең мүмкiншiлiктiң» аптасына 2-3 сағатпен шектелгенiн, ал 
шығармашылық белсендiлiк тек информатика саласының мүддесiмен 
ғана емес, басқа да əр түрлi мүдделермен байланысты екенiн ескер-
се, онда 5-7 сыныптарға қатысты информатика мұғалiмiне бүтiндей 
белсендiлiктi таныту өте қиын. Сондай-ақ бұл жерге факультатив 
курстар мен жалпылама пəнаралық сабақтар енгiзу ұсынылды.
Сонымен, нəтижесiнде ұйымдастырушылар мен шенеунiктердiң 
əрекетсiздiк жағдайында мектептiк информатикалық бiлiм беру 
орнын тағайындау iсi мектептегi нақты информатика мұғалiмiнiң 
мамандығы, белсендiлiгi мен жiгерiне байланысты болды.
Мектепте информатиканы оқыту бағдарламасы “заңгерлерiнiң” 
– КСРО халыққа бiлiм беру мемлекеттiк комитетiнің шешiм 
қабылдай алмауына сол уақытта анықталған мектептi компьютер-
мен техникалық қамтамасыз етудiң мемлекеттiк бағдарламасында 
қателiктердiң пайда болуы негiз болды. Жаңа мiндеттердi қолдануда-
ғы отандық мектептiң жинақтаған тəжiрибесiн, өзiндiк дəстүрiн, 
терең мамандандырылуын жəне жiгерiн есепке алмай батыстық 
жобаларға жақындату, ақпараттандыруды мамандармен қамтамасыз 
етудiң стратегиялық келешегiн жеткiлiктi айқын бағаламау, сондай-
ақ мектептiң шынайы жағдайын түсiнбеуден күшейген өзiндiк 


102
сенiмсiздiк бiлiм беру саласында ақпараттандыруды басқарудың ең 
жоғарғы шенеулiк деңгейiнде 1990-жылдардың басында мектептегi 
информатика курсынан бас тарту идеясы қалыптасып, дами бастады. 
Мұндай идеялардың жариялануы, əсiресе, Мемлекеттiк Бiлiм беру 
Комитетi деңгейiнде ұсыныс ретiнде (шешiм қабылдаудағы шешушi 
рөлдi бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша бүкiлодақтық НМС 
мектеп деңгейiндегi информатика секциясының орны атқарды) жа-
риялау қателiк басынан белгілі болды. Мектептi компьютерлендiру 
барысында туындаған көптеген мəселелерге байланысты аудандық 
бiлiм беру департаментiнiң басшыларына, мектеп директорлары-
на сəл босаңдық берiлсе, информатика курсы не қысқартылады, не 
оқу кестесiнен алынып тасталады. Бiраз уақыттан кейiн, «информа-
тика курсының жеке мектептiк пəн ретiнде шығуы бойынша мек-
теп əкiмшiлiгi мен мұғалiмдерiнiң көптеген сұраныстарына» жауап 
ретiнде жалпы орта бiлiм берудiң басты оқу-əдiстемелiк басқармасы 
түсiнiктеме жариялады. Онда «информатика курсы – жалпы орта 
бiлiм берудiң маңызды бөлiгi, сондықтан оған берiлген сағат көлемiн 
қысқартуға немесе курсты мектептiң оқу жоспарынан шығаруға 
болмайтыны» айтылды.
Бiрақ, осы тұрақсыз кезеңде салдары əлi де сезiлетiн негiзсiз 
шешiмдер қабылданды: ИЕТН курсы оқу жоспарының бiрiккен 
құрамына енгiзiлмедi, мектепке арналған ресми оқу жоспарларының 
кейбiр нұсқаларында «Математика жəне информатика» атты 
пəн пайда болды, информатика курсының төмен сыныптарға 
«түсуi» тежелдi, ал кейбiр жерлерде «Информатика» мамандығын 
педагогикалық жоғары оқу орындарынан шығару қаупi төндi. Осын-
дай жағдайда «бiлiм беру» туралы қабылданған заңға сəйкес мек-
теп стандарттарын əзiрлеу жəне оны базистiк оқу жоспарын енгiзу 
үдерісі басталды [10]. 
Жалпы бiлiм беру орындарының 1989-1990 оқу жылы-
на арналған оқу жоспарларының 15 нұсқасы гуманитарлық, 
жаратылыстану-математикалық, 
шығармашылық-эстетикалық 
бiлiм беруге бағытталуды бiлдiретiн жəне қала мен ауылдық жер-
лерде бiлiм беру ерекшелiктерiн ескеретiн бiлiм берудiң мазмұнын 
саралаудағы алғашқы қадам болды. Оқу орыны кез келген оқу 
жоспарын таңдау құқығын алды. Бiрақ оқу орындарының нақты 
оқу жоспарын құрудағы еркiндiгi оқу жоспарларында бiлiм беру 
үдерісiнiң нормативтi пəндiк ұйымдастырылуымен (яғни пəндердiң 


103
тiзiмi жоспардың федералды нұсқасында бекiтiлдi) жəне бұл жос-
парларда бiлiм берудiң құрылымында аз ғана сағаттық өзгертулер 
енгiзуге рұқсат берiлумен шектелдi.
Нақты бiлiм беру орнындағы бiлiм берудiң құрамы осы бiлiм 
беру орны өзi дайындап, қабылдаған жəне жүзеге асырған бiлiм беру 
бағдарламасымен анықталды. Бiлiм берудi басқарушы мемлекеттiк 
ұйымдар ұқсас бiлiм беру бағдарламаларын (мемлекеттiк бiлiм беру 
стандарты негiзiнде) дайындауды қамтамасыз етедi. «Бiлiм беру» 
туралы заңның талаптарын орындай отырып, мемлекет, аудан, мек-
теп мүддесiн ең жоғары көлемде ескеретiн бiлiм беру орындарының 
Базистiк оқу жоспарының (БОЖ) алғашқы нұсқасы бекiтiліп, 
енгiзіледi. Базистік оқу жоспары – білім мазмұнының жиынтық 
моделіне қатысты жағдайды түйіндеп көрсететін нормативті құжат 
болып табылады. БОЖ сəйкестендіріп типтік оқу жоспарлары жа-
салады.
Информатиканы оқыту үшiн мектептерге берiлген базистiк 
оқу жоспарының мүмкiндiктерiн талдамас бұрын, осы құжаттың 
құрылымы мен ерекшелiктерi туралы жалпы сұрақтарға жауап 
берейiк. БОЖ өз алдына мектеп үшiн қолданылатын нақты оқу жос-
пары емес, оның негiзiнде əрбiр мектеп өзiнiң жеке оқу жоспарын 
əзiрлейтiн аудандық базистiк оқу жоспарының негiзi (БОЖ-мен сəй-
кес келуi мүмкiн) болып табылады. Осы мақсатпен БОЖ құрылымына 
жалпы азаматтық рухани байлықтары мен мəдени дəстүрлерiне 
сəйкес оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерiнiң қалыптасуын 
қамтамасыз ететiн жəне мемлекет территориясындағы бiлiм беру 
аумағындағы бөлiк құратын бiлiм беру облысы белгiленген инва-
риантты бөлiк жəне оқушылардың мүдделерi мен қабiлеттілiктерiне 
сəйкес олардың жеке мiнез-құлығын қамтамасыз ететiн ұлттық, 
аймақтық жəне жергiлiктi əлеуметтiк-мəдени ерекшелiктер мен 
дəстүрлердi қамтитын вариативтi бөлiк кiредi.
БОЖ-ң инвариантты бөлiгi мектеп бағдарламасының жеке 
пəндерiн емес, сəйкес оқу пəндерi мен бiрiктiрiлген курстардың 
жиынтығы болып табылатын нақты мектептердiң оқу жоспарындағы 
бiлiм беру салалары тiзiмiн қамтиды. Бiлiм беру аумақтарының 
жиынтығы инвариантты болып табылады, ал оны нақты пəндермен 
толықтыру əр ауданда, əр мектепте ерекшеленуi мүмкiн.
Вариативтi бөлiк «мiндеттi сабақтар, таңдамалы сабақтар» 
мен «факультативтiк, жеке жəне топтық сабақтардан» құралады. 


104
Оқушыны мiндеттi қосымша оқыту БОЖ инвариантты бөлiгiнiң 
пəндерiне (сондай-ақ, тереңдетiп оқу үшiн) қосымша курстарды, 
дарынды балалар үшiн арнаулы жеке оқу жоспарларды енгiзуге 
арналған инвариантты бөлiктiң жəне мiндеттi вариативтi бөлiктiң 
сағаттарынан құралады. Вариативтi факультативтi бөлiк жеке 
жəне топтық сабақ беруге қолданылады (аз жабдықталған ауыл 
мектептерiнде аз топтарда пəндердi оқытуда бұл сағаттар саралап 
оқытуды ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi).
Білім беру стандарты – білім алу құқын жүзеге асыру үшін аса 
мəнді жағдай жасайтын жəне өзінің мазмұны жөнінен баланың да, 
білім берушінің де құқына сай келетін құжат болып табылады.
1998 жылы Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін 
мектептерде оқытылатын барлық оқу пəндері бойынша білім стан-
дарты мен базистік оқу жоспары жасалды. Мемлекеттік стандарттың 
7-11 сыныптарда Қазақстан Республикасында 1997-1998 оқу жы-
лында бүкіл мектептерде стандарттың тұжырымдамалық талаптары-
на сəйкес келетін жаңа буын оқулықтары оқытыла бастады [12]. 1998 
жылғы стандарт пен бағдарламаны Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ 
Білім беру академиясы Республикалық баспа кабинеті шығарып 
жəне 6000 дана таралыммен республиканың барлық мектептеріне 
таратты.
Барлық ел мектептерiнiң көптеген бөлiгiнде жаңа оқу жос-
парын енгiзу кезеңiнде қалыптасқан бұл курсты нақты оқыту 
жағдайын бейнелейтiн БОЖ-98 жасауда қабылданған мектеп бiлiм 
беру құрылымындағы информатика курсының орны туралы шешiм 
қабылдау елдегi мектептердiң көбiнде жаңа оқу жоспарын енгiзу 
кезiнде қалыптасқан осы курсты дəрiстеудiң нақты жағдайын 
көрсеттi.
Информатикадан да Мемлекеттік стандарт жобасы елімізде алғаш 
рет 1998 жылы қабылданды. Стандартта информатика саласындағы 
мектептерде білім берудің іргелі негіздерінің күшейтіліп, даму идея-
лары тұрақты жəне реттілікпен жүзеге асырылатындығына баса 
назар аударылған. Ол мыналардан шығады: қазіргі кездегі инфор-
матика – айналадағы əлемге талдау жасауға жүйелі – ақпараттық 
амалын қалыптастыратын ғылыми білімінің іргелі саласының 
бірі болып табылады. Осы негізде стандарт жобасында инфор-
матика жəне кибернетика пəндерінің түйісу облысымен, яғни 
дүниенің жүйелі ақпараттық бейнесі, өздігінен басқарылатын 


105
(биологиялық жүйелер, қоғам, автоматтандырылған техникалық 
жүйелер) жүйелердің қызметі мен құрылысының жалпы ақпараттық 
заңдылықтары анықталады. Бұл жүйелердің өзіне тəн ерекшелігі, 
олардың ақпараттарды алу, өзгерту, мақсатына сəйкес пайдалану 
негізінде мінез-құлқының басқаратын органдардың болуына бай-
ланысты мақсатқа сай қызмет ету қасиеттері болып табылады. Со-
нымен қатар, ақпараттарды өңдеу, беру, сақтау, алу құралдары мен 
əдістері жəне қолдануы, компьютердің жəне басқа жаңа ақпараттық 
технология құралдары көмегімен есептерді шешуі болып табылады. 
Ол ең алдымен оқушылардың практикалық дағдыға даярлығына, 
білім алуды жалғастыруына байланысты болып табылады.
Жоғарыда аталып өткендей, білім берудің «Информати-
ка» саласындағы іргелі негіздердің басымдылығы мектеп кур-
сы мазмұнының жаңа парадигмасының тұрақтандырылғанын 
көрсетеді: «ақпарат-алгоритм – ЭЕМ» үштіктен «ақпарат-ақпараттық 
процестер-ақпараттық технология» үштігіне біртіндеп ауысуы 
осының дəлелі.
Орта білім мемлекеттік стандарты «Информатика» курсының 
білім беру саласының əртүрлі аспектілерін, яғни
– дүниетанымдық;
– компьютерді пайдалану;
– алгоритмдеу жəне программалау;
– техникалық жəне мамандандырылған мамандыққа баулу кур-
старын қамтиды.
Мемлекеттік білім беру стандартына сəйкес 7-11 сыныптар-
да информатиканың негізгі курсының басы информатиканың 
дүниетанымдық жəне компьютерді пайдаланушылар аспектісін 
қалыптастыра білуге дайындауға арналған. Негізгі курсты оқытуда 
басқару ісіндегі ақпараттың мəні, ақпараттық процестердің жалпы 
заңдылықтары жəне жүйелік-ақпараттық тəсілдер туралы түсініктер 
қалыптасады. Бұл кезеңде оқушылар алгоритм, негізгі алгоритмдік 
құрылымдар, программалау тілдері, оны алгоритмдерді жазуда жəне 
қолданбалы есептерді шешуде қолдану жолдары, мүмкіндіктері 
жайлы мағлұматтар алады.
Бағдарлы курс оқушылардың сұранысына, қабілетіне жəне 
қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнымен беріліп, 
оларға кəсіптік мамандыққа дейінгі дəрежеде білім береді. 
Курс мазмұнында «Ақпараттық процестер, ақпаратты танысты-


106
ру» деп аталған бірегей желінің орнына екі бөлек дербес мазмұнды 
желілер, яғни ақпараттық процестер желісі жəне ақпаратты таны-
стыру желісі пайда болды.
Информатика бойынша стандарттың тағы бір есте қаларлық 
ерекшелігі – жалпы мектептік білім беру жүйесіндегі өзгерістердің 
жалпы тенденциясын сипаттайтындығында. Бұл жерде, информа-
тика бойынша оқушылардың дайындық деңгейін бағалау əдісіне – 
белгілеу – шамалау – тəсілдік қолданатын жаңа декларация жайлы 
айтылып отыр. Бұл өзгерістер жалпы мектептік білім беру жүйесінде 
демократиялық, тұлғалық даму барысында маңызды орын алуы 
ықтимал.
Білім беру стандарттарын жасау – Отандық мектептердің даму 
жолындағы маңызды қадам. Стандартқа өту оқу үдерісіне, білім 
беру мекемелерінің қызметіне, мұғалімдердің жұмысына көп əсерін 
тигізеді. Сондықтан да жалпы білім мектептері үшін мемлекеттік 
стандартты жаңалау, жетілдіру – басқа да білім беру түрлеріне 
қойылатын талап тəрізді – «Білім беру» Заңына сəйкес маңызды 
мемлекеттік акция болып табылады. Сонымен қатар, стандарт жо-
басын жетілдіру жəне эксперименттік тексеру барысында-ақ ол 
мектеп бағдарламаларын, оқулықтарды, əдістемелік нұсқауларда да-
йындайтын авторларға, ал кейбір компоненттері оқыту мазмұнының 
міндетті минимумы ретінде, оқыту нəтижесіне қойылатын талап 
ретінде игілік болып табылады [24].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет