265
– компьютердің функционалдық схемасын білуі;
– қазіргі заманғы ақпараттық-есептеуіш техникасының негізгі
типтерінің сипаттамалары жайлы түсініктері болуы;
– программаның орындалу принциптерін білуі;
– есептеуіш жүйенің не екенін білуі;
– ақпараттық білім беру технологиясын пайдалану арқылы жаңа
білім алуды;
– əртүрлі құбылыстарды сипаттау жəне болжау үшін модельдер
құрып оларды қолдана алуды, оларға сандық жəне сапалық талдау
жасай алулары;
– компьютердің жəне
оның жеке құрылғыларының, жүйенің
жəне кешендердің жəне желілердің жұмыс істеу принциптерін білуі
керек.
Информатиканы оқыту мазмұнын таңдап алу тыңдаушылардың
таңдап алған кəсібіне байланысты бір жағынан информатиканың
жалпы
жағдайлары, екінші жағынан таңдап алған мамандық
шеңберінде нақты тəжірибелік есептерді
шешуге қажетті арнайы
аспектілері бірқатар бағдарламалар жасауды талап етеді.
Төменде біз орта кəсіптік оқу орындары үшін информатика кур-
сы бойынша бағдарламаны ұсынамыз. Бұл оқу бағдарламасы ин-
вариантты
болып табылады, ол информатиканы оқытудың негізгі
компонентін қамтиды. Оқу бағдарламасы
тыңдаушының таңдап
алған мамандығына тəуелсіз əрбір тыңдаушыға қажетті минимум
білім мен біліктілікті қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: