Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Программалаудағы математикалық логика



Pdf көрінісі
бет106/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

Программалаудағы математикалық логика. Қазіргі жоғары 
деңгейдегі процедуралық программалау тілдерінің көбісінде негізгі 
логикалық операциялар жүзеге асырған мəліметтердің логикалық 
типтері қолданылады. Бұл əдістерді қолдану күрделі логикалық 
есептерді ЭЕМ-да шешуге, жасанды интеллекттің программалау 
жүйесінде адамның ойлау логикасын модельдеуге мүмкіндік береді.
Математикалық мағынадағы есептерді шешу программасын-
да логикалық өрнектер көбінесе теңсіздіктер жүйесін сипатта-
уда қолданылады. Мұндай типтегі есептерді шешуде оқушылар 
ең алдымен математикалық білімін көрсету керек, содан кейін 
математикалық қатынастарды логика тіліне аударып жəне есептің 
шешімдерін программалау тілінде көрсете алуы тиіс. Есептеуіш 
программалардағы логикалық өрнектер тармақталған жəне циклдік 
операторлардың шартты бөлімінде қолданылады.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:
– логикалық шаманың, логикалық өрнектің не екенін, логикалық 


310
операциялар калай орындалатынын, логикалық өрнектерді есептеу 
жəне жазу ережелерін білуі керек;
– пікірлердің (логикалық өрнектердің) ақиқаттығын анықтауды, 
ЖƏНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС негізгі логикалық амалдарды қолданып 
логикалық өрнектерді жазуды үйренуі керек;
– логикалық ойлаудың дамуы үшін алынған білім жəне 
біліктіліктерін күнделікті өмірдегі тəжірибелік іс-əрекетінде 
пайдалана білуі керек.
10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Сандық ақпараттардың көрсетілімі.
2. Символдық ақпараттардың көрсетілімі.
3. Графикалық ақпараттардың көрсетілімі.
4. Дыбыстық ақпараттардың көрсетілімі.
Компьютер – ақпараттармен жұмыс жасауға арналған əмбебап, 
программалық-басқарылатын автоматты құрылғы. Компьютер 
ақпараттық үдерістердің үш негізгі типін: ақпараттарды сақтауды, 
өңдеуді жəне тасымалдауды жүзеге асырады. Компьютердің жадында 
сақталған жəне өңдеуге арналған ақпарат мəліметтер деп аталады.
Білім беру стандарты мен информатика бойынша оқу 
бағдарламасында 
компьютер 
жадында 
ақпараттарды 
беру 
қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептегі информатика 
оқулықтарында бұл тақырып қамтылған.
7-сынып информатикасында «Ақпаратты компьютерде код-
тау» параграфында сандық ақпаратты, бейне мен дыбысты кодтау 
мəселелері, ASCII коды қарастырылған [3].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет