329
керісінше мəтінге қайта кодтай білуі тиіс болатын. Бұдан ертеректе
Морзе əліппесі телеграфиялық байланыста қолданылды. Ақпаратты
Морзе əліппесі бойынша тасымалдау – бұл
дискретті байланыс мы-
салы.
Қазіргі таңда сандық байланыс кеңінен қолданылады, мұнда та-
сымалданатын ақпарат екілік пішінге кодталады (0 жəне 1 – екілік
цифралар), содан соң мəтінге, суретке, дыбысқа қайта кодталады.
Сандық байланыс та дискретті болып табылады.
«Шу» термині арқылы тасымалданушы
ақпаратты өзгертетін,
ақпараттың жоғалуына əкелетін, оны тасымалдау барысындағы
əртүрлі кедергілер түсіндіріледі. Мұндай
кедергілер техникалық
себептерге: байланыс сызығының сапасының төмендігіне, бір
жəне бірнеше арналар арқылы тасымалданатын əртүрлі ақпараттар
ағымының бір-бірінен қорғалмағандығына байланысты туындайды.
К. Шеннон шумен күрес жүргізу
мақсатындағы кодтаудың ар-
найы теориясын дайындаған. Бұл теорияның ең маңызды идеясының
бірі байланыс сызығы арқылы тасымалданатын код көп болуынан
тұрады. Осыған байланысты ақпараттың қандай да бір бөлігі тасы-
малдау барысында қалпына келтіріледі. Мысалы, егер телефонмен
сөйлесу барысында сіздің дыбысыңыз нашар естілсе, онда əрбір сөзді
екі
рет қайталау арқылы, əңгімелесуші сізді дұрыс түсінетіндігіне
мүмкіндік аласыз.
Бірақ кодтың үлкен болмауы тиіс. Бұл байланыстың кешігуіне
жəне қымбаттауына əкеліп соғады. К.
Шеннонның кодтау тео-
риясы оңтайлы болып табылатын кодты алуға мүмкіндік береді.
Мұнда тасымалданатын ақпараттың артықтылығы маңызды емес,
қабылданған ақпараттың дұрыстығы маңызды.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:
– «ақпарат көзі», «ақпарат қабылдағыш», «ақпараттық арна,
«кодтау», ақпаратты тасымалдау жылдамдығының бірлігі ұғымдарын
білуі керек;
– ақпаратты тасымалдау үдерісіне мысалдар келтіре білуді; бұл
мысалдар үшін ақпарат көзін, ақпарат қабылдағышты, қолданылатын
ақпаратты тасымалдаушы арналарды; ақпаратты көлемі жəне тасы-
малдау уақыты бойынша тасымалдау жылдамдығын есептей білуді,
сонымен қатар кері есептерді шеше білуді
үйренуі керек;
– ақпаратты тасымалдау үдерісінде
ақпарат көзін, қабылда-
ғышты жəне
байланыс арнасын анықтау; ақпаратты тасымал-