Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет24/154
Дата15.03.2023
өлшемі7.97 Mb.
#470827
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   154
damu psihologiyas kitap

7-сызба. Бала ойлауының дамуы
ͻͻ
ǭǩǭǩǵǼǭ
ǼȄǛǮǸǮ
3. Эгоцентрлік ойлау мен сөйлеу мəселесі
Эгоцентрлік ойлау серіктесіне бағытталмайды жəне оған 
түсінікті болмайды. Пиаже эгоцентрлік ойлаудың бірнеше 
ерекшеліктерін көрсетеді (6-сызба).
Эгоцентрлік ойлаудың жас ұлғайған сайын өзгеру динамика-
сын бағалау үшін Ж. Пиаже «эгоцентрлік ойлаудың коэффиценті» 
ұғымын енгізеді. Оны мына формула арқылы есептеуге бола-
ды: Эгоцентрлік ойлаудың коэффиценті = баланың эгоцентрлік 
сөздері/сөздердің жалпы саны. Осылайша, егер эгоцентрлік 


56
ойлаудың коэффиценті бірге жақындаса, бала тілінің барлығы 
тұтастай эгоцентрлік деп саналады, ал егер 0-ге жақындаса –
эгоцентрлік ойлау мүлде жоқ деген сөз.
Əрбір мəдениетте эгоцентрлік сөйлеудің өзіндік сандық сипат-
тамасы бар. Егер мəдениет баланың даралығын жəне өз бетінше 
айналысуын құптаса, онда эгоцентрлік ойлаудың коэффиценті 
жоғары болады, ал егер ұжымшылдық пен іс-əрекеттің біріккен 
түрлері орын алса, онда көрсеткіші төмен болады. Эгоцентрлік 
ойлаудың коэффиценті үш жастан кейін біртіндеп артып, 4-5 
жас шамасында шырқау шегіне жетеді. Жеті жастан кейін 
төмендегенімен, ешқашан нөлге түспейді.
8-сызба. Эгоцентрлік ойлаудың ерекшеліктері
ǑǶǻǮǴǴǮdzǻȎǶȎã
ǭǩǵǼȄ
 
 
NJǀǙǀǖǡǀǏǗǔǤ
ǛǩǶȄǵǭȄáçǺǻǩǶȄǵǶȄãǭǩǵǼȄ
ǗǴǺǼǪȃǮdzǻȎǵǮǶǷǪȃǮdzǻȎǶȎã
ǭDZǽǽǮǹǮǶǿDZȈǴǭǩǶǪǩǼȄǶ
ǺǼǪȃǮdzǻȎÝǹǮdzǮǻǻǮǹȎǶȎãǭǩǵǼȄǵǮǶ
ȁǩǹǻǻǩǴßǩǶǕǮǶǶȎãǯÝǶǮǺȄǹǻáȄ
ÝǴǮǵǶȎãǺǼǪȃǮdzǻȎǵǮǶǷǪȃǮdzǻȎǶȎã
ǩǯȄǹǩDzǪǩǺǻǩǼȄǶǺǼǪȃǮdzǻȎ
ǵǮǶǷǪȃǮdzǻȎǶȎãǩǯȄǹǼȄ
ȆǬǷǿǮǶǻǹDZǰǵǬǮdzåȁǼǭȎ
ǪǮǴǬȎǴǮDzǭȎǭǮǿǮǶǻǹǩǿDZȈ
ǎǓǀǖǡǀǏǗǔǤ
ÞǹǮdzǮǻǻǮǹǭȎãǭǩǵǼȄǵǮǶ
ǯÝǶǮǷǸǮǹǩǿDZȈǴǩǹǭȄã
áǩǴȄǸǻǩǺǼȄǶǩǪǩDzǴǩǶȄǺǻȄ
DZǶǻǮǴǴǮdzǻȎáçǹȄǴȄǵȄǶȄãåǰǬǮǹǼȎ
Ж. Пиаже эгоцентрлік ойлаудың анықталған динамикасын 
ойлаудың дамуына қатысты ұсынған жіктеуіне жеткілікті дəлел 
деп есептеді.
Л. С. Выготский эгоцентрлік сөйлеудің феноменін түсіндіретін 
жаңа модельді ұсынады. Ол модельдің негізінде ол əлемдік пси-
хологияда эгоцентрлік сөйлеудің бірегей теориясының авторы 
ретінде сөзсіз мойындалды. Зерттеуші бірқатар сын ескертпелерді 
құрастырды:
1) Аутистік ойлау сатысы бала ойлауының дамуында бастапқы 
кезең болмайды. Бұл тұста Л. С. Выготский Ж. Пиаже теорияла-
рын сынағандардың көзқарастарымен келіседі.


57
2) Бала ойлауының дамуында, оның заттық тəжірибелік іс-
əрекетінің жеткілікті дəрежеде ескерілмеуі.
3) Л. С. Выготский эгоцентрлік сөйлеудің қызметі мен 
дамуының табиғаты жайлы өзіндік пікірін ұсынды. Эгоцентрлік
сөйлеу қатынасу қызметін атқаратын сыртқы, əлеуметтік 
сөйлеуден, ойлаудың ішкі тəсілі ретінде анықталатын, бала іс-
əрекетін жоспарлау жəне реттеу қызметін атқаратын ішкі, 
дербес сөйлеуге көшудің өтпелі формасы болып табылады. 
Л. С. Выготскийдің болжамы жоғары психикалық қызмет-
тердің дамуы жайлы жалпы заңның, интериоризация заңының 
нақтылануы болып табылады. Ұсынылған болжамды дəлелдеу 
үшін эгоцентрлік сөйлеудің өтпелі сипатының негізінде қатынасу 
жəне ішкі сөйлеудің қасиеттері мен қызметін қамтитынын 
дəлелдеуге бағытталған бірқатар зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Біріншіден, бала жанындағы құрдастарының оның өзін 
түсінбейтініне (өзге тілде сөйлейтін балалар, немесе серіктесін 
естуге мүмкіндік бермейтін əйнектелген қабырға) көзі жет-
кенде, эгоцентрлік ойлау коэффицентінің күрт төмендейтіні 
көрсетілген. Осылайша, эгоцентрлік ойлаудың қатынасу қызметін 
атқаратындығы дəлелденді.
Екіншіден, іс-əрекетте қиындықтар туындағанда (мы-
салы, сурет салғанда бір объектіні салу үшін балаға түрлі-
түсті қарындаштардың жетпей қалуы) эгоцентрлік ойлау 
коэффицентінің артатындығы көрсетілген. Соның негізінде 
эгоцентрлік сөйлеудің жоспарлаушы жəне реттеуші қызметтерді 
атқаратындығы дəлелденді. Бес жастан кейін баланың іс-əрекеті 
ерікті сипатқа ие болғанда жəне ол көзделген мақсатқа сай 
жоспарланғанда баланың сөйлеуі реттеле бастайды. 
Ж. Пиаже Л. С. Выготскийдің сынымен тек 1966 жылдары 
ғана таныса алды. Ол уақытта Л. С. Выготский дүние салып, 
Ж. Пиаже бала ойлауының дамуы жайлы тұжырымдамасының 
көптеген тұрғыларын түбегейлі өзгерткен болатын. Мəселен, 
швед психологының сөйлеудің тікелей ойды білдіретіні жайлы 
түсінігі өзгерді. Ж. Пиаже Л. С. Выготкийдің төмендегідей сыны-
мен келісті:

аутистік ойлау бала ойлауының дамуында бастапқы кезең 
емес;


58

бала ойлауының дамуында оның заттық тəжірибелік іс-
əрекеті ескерілуі тиіс;

сөйлеу мен ойлаудың арасында тікелей байланыс жоқ, ал 
сөйлеу мен ойлау едəуір күрделі қатынастар арқылы байланыса-
ды.
Л. С. Выготский бойынша эгоцентрлік сөйлеу – сөйлеу 
кезеңдерінің интериоризациясы ретінде анықталса, Ж.Пиаже 
үшін сөйлеу баланың ерекше танымдық ұстанымын анықтайтын 
үдеріс болып қала берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет