Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


 шілде №1541-XII (Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет193/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

4 шілде №1541-XII (Қазақстан Республикасының 
Еңбек туралы негізгі Заң актілері. Алматы 2001.) 
Осы заң ұжымдык шарттарды əзірлеу, жасасу жəне орындаудың 
жалпы құқықтық əpi ұйымдық негіздерін анықтайды.
 
 


1 бап. Ұжымдык шарт.
Ұжымдык шарт тараптардың — кəciпopын иесінің (жұмыс 
берушінің, кəсіпкердің) жəне еңбек ұжымының мүдделерін 
келістіру құралы қызметін атқарады, қолданылып жүрген заңдар 
негізінде жасалады əpi бір жағынан — еңбек ұжымының, оның 
мүшелері мен олардың отбасыларының еңбек жəне əлеуметтік-
экономикалық мəселелерін шешу жөніндегі меншік иесінің 
міндеттемесін, екінші жағынан — меншік иесінің құқықтары мен 
мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі еңбек ұжымының 
міндеттемесін қамтиды.
2 бап. Ұжымдық шартты əзірлеу, жасасу жəне орындау 
принциптері 
Ұжымдық шарт:
— тараптардың əлеуметтік серіктестігі, өзара сенімі мен 
құрметі, құқықтары мен міндеттерінің ара жігін ажырату;
— шарт қағидаларын əзірлеуге еңбек ұжымы мүшелерінің 
кеңінен қатысуы;
шарт қағидаларын əзірлеуде тараптардың тең құқықтылығы;
тараптарға жүктелетін міндеттемелерді материалдық өндірістік 
жəне қаржылай қамтамасыз етудің нақты мүмкіндіктерін ескеру, 
олардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау;
— шартқа енгізілген міндеттемелердің орындалуы үшін 
тараптардың бақылау жасауы мен жауапкершілік принциптері 
негізге алына отырып жасалады. 
3 бап. Ұжымдык шарттың тараптары жəне олардың 
өкілдері 
Мемлекеттік кəсіпорында немесе өзге де мемлекеттік 
құрылымда (бұдан əpi — «мемлекеттік кəсіпорын») жасалатын 
ұжымдык шарттың тараптары кəсіпорын басшысы мен еңбек 
ұжымы болады.
Мемлекеттік емес кəсіпорында немесе өзге де мемлекеттік емес 
құрылымда (бұдан əpi — «мемлекеттік емес кəсіпорын») 
жасалатын ұжымдык шарттың тараптары кəсіпорын иесі 
немесе ол өзінің өкілі болуға уəкілдік берген кəсіпорын 
басшысы мен еңбек ұжымы болады.


Еңбек ұжымы жалпы жиналыс (конференция) кейпінде тұтастас 
не кəсіподақ немесе өзi уəкілдік берген өзге де орган кейпінде 
қатыса алады.
Кəсіпорындарда бірнеше кəсіподақ ұйымдары болған кезде шартқа қол 
қою процесінде еңбек ұжымының атынан қатысу құқығын олардың 
ішінде қай органға беру не оларға ортақ өкілдік тапсыру туралы 
мəселе ұжымның жалпы жиналысында (конференциясында) 
шешіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет