Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


 бап. Кəсіпорындардағы еңбекті қорғау қызметтері



Pdf көрінісі
бет220/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

 


16 бап. Кəсіпорындардағы еңбекті қорғау қызметтері
Кəсіпорындарда тиісті органдармен келісім бойынша еңбекті 
қорғаудың мемлекеттік органы бекіткен үлгі ережеге сəйкес əрекет 
ететін еңбекті қорғау жөніндегі қызметтер құрылады. Еңбекті 
қорғау қызметі өзінің мəртебесі жағынан негізгі өндірістік 
қызметтермен теңеседі жəне кəсіпорын басшысына (иесіне) 
бағынады.
Еңбекті қорғау жөніндегі тиісті қызметтер кəсіпорындар 
жаңадан 
құратын 
ассоциацияларда, 
корпорацияларда, 
концерндерде жəне басқа да бірлестіктерде құрылуға тиіс.
Еңбекті 
қорғау 
қызметінің 
мамандары 
құрылымдық 
бөлімшелердің басшыларына анықталатын тəртіп бұзушылықты 
жою туралы міндетті түрде орындалатын бұйрықтар беруге жəне 
кəсіпорындардың басшыларына еңбекті қорғау туралы заңды 
бұзған адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізуге міндетті. 
Қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төнген 
жағдайларда еңбекті қорғау қызметтерінің мамандары жұмысты 
анықталған тəртіп бұзушылық жойылғанға дейін тоқтата тұруға 
қақылы.
Еңбекті қорғау қызметтері кəсіпорын өз қызметін тоқтатқан 
ретте ғана таратылады. 
17 бап. Əйелдер мен он сегіз жасқа толмаған адамдардың 
еңбегін қорғау
Əйелдер мен он сегіз жасқа толмаған адамдардың еңбегін 
зиянды жəне қауіпті еңбек жағдайы бар жұмыстарға, сондай-ақ 
ауыр жүкті көтеру жəне оны қолмен тасуға байланысты 
жұмыстарға пайдалануға заңда белгіленген тəртіппен шек 
қойылады.
Əйелдер мен он ceгіз жасқа толмаған адамдардың ауыр жүкті 
көтеруi мен қолмен тасуына байланысты жұмыстарда əкімшілік 
жүктерді тасу үшін механикаландыру мен автоматтандыру 
құралдарын, басқа да жабдықтарды көздеуге міндетті. Егер ауыр 
жүкті көтеру мен тасу кезінде жүк зиян келтіретін жағдайда қолмен 
тасу тоқтатылуға тиіс. Ауыр жүкті қолмен көтеру мен тасуға 
байланысты жұмыстарға екіқабат əйелдердің еңбегін қoлдaнyғa 
тыйым салынады.


Екіқабат əйелдер медициналық қорытындыға сəйкес заңдарда 
белгіленген тəртіппен өндірістің қayiптi жəне зиянды факторлары 
əсерін болдырмайтын басқа жеңілірек жұмысқа ауыстырылады.
Барлық əйелдер мен он сегіз жасқа толмаған адамдар жұмысқа 
алдын ала медициналық тексеруден кейін ғана қабылданады жəне 
келешекте əйелдер 45 жасқа, кəмелетке жетпегендер 18 жасқа 
толғанша жыл сайын міндетті медициналық тексеруден өтіп 
тұрады. 
4 Т А Р А У 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет