Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


ҚЫЗMETKEPДІҢ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ



Pdf көрінісі
бет221/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

 
 ҚЫЗMETKEPДІҢ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕПІЛДІКТЕРІ 
18 бап. Жұмысқа қабылдау кезіндегі еңбекті қорғау 
құқығының кепілдіктері
Еңбек шартының (контрактінің) шарттары еңбекті қорғау 
жөніндегі заңдар мен басқа нормативтік актілердің талаптарына 
сай келуге тиiс. Азаматтарды денсаулық жағдайына жақпайтын 
жұмысқа қабылдауға тыйым салынады.
Еңбек шартында жұмыс орнының қауіпті жəне зиянды 
өндірістік факторлармен қоса сенімді сипаттамасы көрсетіліп, 
осындай жағдайлардағы жұмыс үшін заңдарда жəне ұжымдық 
шартта көзделген жеңілдіктер мен өтемдер көрсетілуге тиіс.
Еңбек жағдайлары зиянды жəне қауіпті жұмысқа қабылдаған 
кезде кəсіпорын əкімшілігі қызметкерге кəсіби аурудың пайда болу 
мүмкіндігінің неғұрлым ықтимал мерзімі туралы ескертуге 
міндетті.
19 бап. Міндетті медициналық тексерулер
Кəсіпорын денсаулық сақтау органдары белгілеген тəртіпке 
сəйкес медициналық тексерулер өткізуді ұйымдастыруға міндетті.
Қызметкерлердің медициналық тексерулерден өтуден жалтаруға 
қақысы жоқ. Мерзімді медициналық тексерулерден өту кезінде 
қызметкердің жұмыс орны (қызметі) жəне орташа жалақысы 
сақталады.
Аса қауіпті жұмыстармен айналысатын қызметкерлер ауысым 
алдындағы медициналық куəландырудан өтуге тиіс.


Ауысым алдындағы медициналық куəландыруды талап ететін 
мамандықтардың тізімін жəне оның көлемін денсаулық сақтау 
органдарымен келісім бойынша еңбекті қорғау қызметтері 
белгілейді. 
Медициналық тексерулерден жалтарған қызметкерлер жұмысқа 
жіберілмейді. 
20 бап. Кəсіпорын қызметкерлерін өндірістегі жазатайым 
жағдайдан жəне кəсіби аурулардан сақтандыру
Кəсіпорын өз қызметкерлерін өндірістегі жазатайым жағдайдан 
жəне кəсіби аурулардан қолданылып жүрген заңдарда белгіленген 
жағдайларда міндетті түрде сақтандырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет