Оқулық алматы, 2012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75 Қазақстан


Мектепке дейін білім берудің мазмұнын реттейтін нормативтік құжаттар



бет47/121
Дата03.09.2024
өлшемі1.6 Mb.
#503330
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   121
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

Мектепке дейін білім берудің мазмұнын реттейтін нормативтік құжаттар


Жалпы педагогика курсынан еске түсірейік, білім беру мазмұнын қандай нормативтік құжаттар реттейді (ҚР МЖБМБС, оқу жоспарлары, білім беру бағдарламалары).


Мектепке дейін білім беру мазмұнын реттейтін құжаттар:

мен тәрбиелеудің бағдарламалары;

Бұл құжаттардың арасында белгілі бір өзара тәуелділік бар. Білім мазмұнын құрастырғанда жетекші орын МЖБМБС-на беріледі, соның негізінде талаптар құрылып білім беру бағдаламалары жасалады. Әр құжатқа толығырақ тоқталайық.
Мектепке дейін білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты.
Мемлекеттік стандарт - бұл заңды түрде белгіленген білімділік нормасы. Ол негізгі білім беру бағдарламаларының мазмұнының міндетті минимумын, білімгерлер жүктемесінің ең жоғары көлемін, бітірушілерді дайындау деңгейіне талаптарды анықтайды.
Мектепке дейін білім берудің мемлекеттік стандарты мектеп жа- сына дейінгі әрбір балаға мектепке дейінгі мекемеге барған жағдайда заңды түрде белгіленген кепілді білімділік нормасы.

Білім беру стандарты үш деңгейді қамтиды:


  • ҚР білім және ғылым министрлігі анықтайтын және белгіленген білім беру сатысында білім мазмұнының міндетті минимумын көрсететін мемлекеттік деңгей.

  • Жергілікті білім басқару органдары анықтайтын, мектепке дейін білім беру мазмұнын құрғанда аймақтық, ұлттық, мәдени, табиғи және басқа ерекшеліктерді ескеруді қажет ететін аймақтық деңгей.

    • Педагогикалық ұжымның шешуі мен мүдделеріне қарай мек- тепке дейін білім беру мазмұнына толықтырулар енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін білім беру мекемесінің деңгейі. Ол мектепке дейінгі мекеме мамандарының шығармашылығының дамуына мүмкіндік береді. Білім беру мазмұнына екінші және үшінші деңгейдегі толықтырулар заңнамаларға, балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне

қайшы келмеуі тиіс.
Мемлекеттік стандарттың білім беру мазмұнының міндетті ми- нимумын қамтамасыз ететін құжат ретіндегі маңыздылығы оны жа- сау және апробациялау қажет екендігін көрсетті. «Мектепке дейінгі білім беруді стандарттау» ұғымының тууына ықпал еткен себептерді қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет