«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» сабақтарында мына мәселелерге назар аударылады:
Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.
Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.
Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Бұл жүйенің бір ерекшелігі - кез келген ақпараттың жан-жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы. Екінші бір ерекшелігі - білім көбіне жеке емес, топтық не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілетіні.
Дамыта оқыту жүйесі сияқты «Сын тұрғысынан ойлауды дамы- ту» бағдарламасының да негізгі қағидалары мен мақсат-міндеттері дамытып-тәрбиелей отырып, шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған.
СТО бағдарламасы балаларға мынандай мүмкіндіктер береді:
Мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім игеру қызметін өздері басқаруға;
Білім қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс- әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;
Жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;
Білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз, дербес атқаруға;
Құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып өзара сұхбат жүргізуге;
Ой өрісі ғана емес және әлуметтік жағынан өздерін-өздері да- мытып тәрбиелеуге жетелейді.
74
75
ТРИЗ технологиясы
ТРИЗ (Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы)
Бұл технологияның негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптан тыс ойлайға үйрету. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі алынады. Осы технологиямен жұмыс істеу барысында тез ойлап, жылдам шешім қабылдауға шорқақ балалар жыл аяғында шапшаң жауап беруге үйреніп, тапқыр, қызықты шешімдер құруда жетістіктерге жете бастайды.
Дамытушылық максаттагы ойындар.
«Ол не?» (сипаттама бере білуге үйрету) оқушы өзінің әкелген затына ауызша сипаттама береді.
Мысалы: Менің затым дөңгелек. Ол секіреді. Резеңкеден жасалған. Үлкені, кішісі болады. Оны балалар өте жақсы көреді.
«Қарама-қарсылықты шешу».
Бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың «пайдалы» жағын көруге тырысу. Мысалы: «Төбелес».
Жақсы жақтары: өзімді қорғадым; әлсіз досымды қорғадым; күшті екендігімді дәлелдедім; шындық үшін күрестім.
Жаман жақтары: киімімді жырттым; бетім көгерді; ата-анам ұрысты; жыладым; досыммен араздастым.
Шыгармашылық деңгейді көтеруге берілетін тапсырмалар.
Бір-біріне қосылмайтын, жалғаспайтын заттармен объектілерді байланыстыруға берілетін тапсырмалар.
Сиқырлы дәрі ішіп, көзге көрінбейтін болып қалған тышқанды мысық ұстау үшін не істеуі керек деп ойлайсың?
Жауаптың үлгісі: - Ол үшін мысық еденге ұн сеуіп қоюы керек, сонда ізі түсіп қалады.
Төбеден ұнды себелеп тұруы керек.
Үлкен-үлкен дәндермен тамақтандыру керек. Сонда үлкейіп көрінеді, т.б.
Ой шабуылы (Дүниетануда).
Жаңбыр, қар, кемпірқосақ - бұлар шын табиғи құбылыстар. Енді фантастикалық табиғи құбылыс ойла.
ТРИЗ
Дамыта оқыту технологиясы
Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі - қазақ мектебі түлегінің білім сапасын халықаралық деңгейге жеткізу. Ол үшін мектептерде білім берудің мақсаты мен мазмұны өзгереді. Соған сәйкес білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялар пайда болды. Солардың ішінде жеке интелектуалдық және психикалық дамытуға негізделген Занковтың, Давыдов пен Элькониннің «Дамыта оқыту» идеясы.
«Дамыта оқыту» идеясы көрнекті ұлы педагогтар Песталоццидың, Ушинскийдің еңбектерінен бастау алады. Дамы- та оқыту деп оқытудың дәстүрлі иллюстративті-түсіндірмелі түрін ауыстыратын, белсенді іс-әрекетке негізделген оқыту түрін айтамыз.
Дамыта оқыту жеке тұлғаны деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімделе отырып, дамудың заңдылықтарын ескереді және қолданады.
Дамыта оқыту жүйесі тұлғаны барлық қасиеттерін тұтас дамытуға негізделген.
Дамыта оқыту - күрделі, құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы - көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрін де, оқу үдерісінің сипатында танып білу үдерісін ұйымдастыру
76
77
және ондағы коммуникациялар түрлерінде. т.б.
Дамыта оқытудың мазмұны теориялық ойлаудың дидактикалық тұрғыдан түзілген. Дамыта оқыту оқушының алдына саналы түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жетуін ұйымдастыратын, мақсатты түрде бағытталған оқу іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Дамыта оқудағы негізгі нәрсе - берілетін білімнің өзектілігі. Дамыта оқытуда оқушы іс-әрекетінің толыққанды субъектісіне айналады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |