ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Жоспар:
Технологиялық картаның жұмыс істеу құрылымы.
В. М. Монаховтың технологиялық картадағы аксиомалары.
Технологиялық карталау негізі.
Технологиялық карта бойынша жұмыс істеу ережесі.
Ізгілікті бағыттағы базалық технологиялық карталар.
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық прогрестің өте шапшаң қарқынмен дамуы және ақпарат көлемінің әр 3-5 жылда 2 еседей өсіп отыруы, әсіресе ой еңбегін және оқыту үдерісін айрықша сапалық түрде жетілдіруді талап етіп отыр.
Мұндай дүниежүзілік күрделі проблеманы шешудің бір жолы, жастарға үздіксіз білім берудің жаңа түрлері мен әдіс- тәсілдерін тауып, олардың өздігінен білім алуын қамтамасыз ету болып табылады. Ондай жаңа оқыту тәсілдерінің бірі академик В. М. Монаховтың педагогикалық технологиясы.
Көптеген мұғалімдер технология мазмұнын жете түсінбейді, оны әдістемеден ажырата алмайды. Егер әдістеме көбінесе оқу үдерісін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсыныстардың жиынтығы болса, педагогикалық технологияның өзіне тән ерекшелігі бар. Біріншіден, технология - бұл соңғы нәтижеге берілетін кепілдік; екіншіден, технология - бұл болашақ оқу үдерісінің жобасы. Өзінің педагогикалық технологиясында В. М. Монахов мынандай анықтама береді: педагогикалық технология - оқу үдерісін жоспарлаудың жүйелік әдісі; оқытудың тиімді түріне жету мақсатында, адам мен технология ресурстарды олардың арақатынасын ескере отырып бүкіл оқытушымен білімді меңгеру үдерісін жүргізу, оны бағалау.
Ғылыми тұрғыдан негізделген В. М. Монаховтың педагогикалық технологиясы мұғалім қызметін екі кезеңге бөледі.
Оқу үдерісін жобалау кезеңі.
Осы жобаны іске асыру кезеңі.
Бірінші кезеңде мұғалім оқу материалын шағын мақсаттар жүйесі ретінде көрсетеді. Бұл шағын мақсаттарға жету-жетпеуін жазбаша жұмыстар арқылы тексереді, яғни болжам жоспарланады. Болжамнан оқушылар жақсы өтуі үшін, мұғалім оқушыларға өз
бетімен жұмыс істеуге алдын ала тапсырмалар береді. Екінші, яғни жобаны іске асыру кезеңінде мұғалім оқу үдерістің нақтылы жағдайларын ескере отырып, жобаны жүзеге асырады. Оқу үдерісін жобалаудағы негізгі объект - оқу тақырыбы. Бұл оқу тақырыбының көлемі, тақырыптың күрделілігіне байланысты 6-7 сабақтан, 22-24 сабаққа дейін болуы мүмкін.
Технологиялық картаның жұмыс істеу құрылымы
Технологияда оқу үдерісін жобалаудың толық және бөлшектелген көрінісін технологиялық картадан көруге болады. Технологиялық карта 5 бөліктен тұрады: мақсат қою, болжам, үй жұмысын мөлшерлеу, логикалық құрылым, түзету.
Технологиялық картаның әр бөлшектері қандай жұмыс атқаратынын қарастырайық.
Мақсат қою. Берілген тақырыпқа қойылатын білім стандарттарының талабын жүзеге асырып жүрген бағдарлама мазмұнын талдай отырып, шағын мақсаттар қарастырылады. Тақырыптар көлеміне және оның күрделілігіне байланысты шағын мақсаттар саны 2-ден 5-ке бейін болуы мүмкін. Арнайы технологиялық ұйғарым бойынша әр шағын мақсатқа сәйкес өзіндік жұмыс құрастырылады.
Болжам. Бұл өзіндік жұмыстардың, яғни болжамның, ерекшелігі мынада: тексерудің және оқушылардың жетістіктерін бағалаудың қарапайымдылығы. Болжам екі түрлі тапсырма- дан тұрады: білім беру стандарты деңгейіндегі тапсырма және тереңдетілген тапсырма. Болжамның 1- және 2- тапсырмалары стан- дарт деңгейімен сәйкес қарастырылады, ал 3-ші тапсырмада «жақсы» деген бағаға сәйкес, 4-тапсырмада «өте жақсы» деген бағаға сәйкес тапсырмалар беріледі.
Үй тапсырмасын мөлшерлеу. Егер үй тапсырмасын мөлшерлегенде біраз ақаулар жіберілсе, ол болжам кезінде көзге бірден түседі. Мұғалім осыған сәйкес түзету жүргізуі керек. Үй жұмысын мөлшерлеу 3 деңгейлік тапсырмадан тұрады.
деңгей. Болжамның 1-ші, 2-ші тапсырмасына.
деңгей. Болжамның 3-ші тапсырмасына.
деңгей. Болжамның 4-ші тапсырмасына сәйкес болуы керек.
80
81
Достарыңызбен бөлісу: |