Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат



бет23/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

Логикалық құрылым, оқу тақырыбына байланысты әр шағын мақсаттарды меңгеру үшін. Оқушыға қанша уақыт керек екенін, бол- жамды, түзетуді қайталауды, қай кезде өткізу керектігін жоспарлай- ды. Яғни, мұғалім өзінің әдістемелік тұжырымдарына сүйене оты- рып, оқу үдерісін тұтас және логикалық көрнекті модельге көшіреді.

  • Түзету. Түзету негізгі үш бағытта жүргізіледі:

    1. Жаңа оқу материалын меңгеру кезіндегі оқушыларға тиетін қиындық.

    2. Оқушылардың жұмысында жиі жіберілетін қателіктер.

    3. Оқушыларды стандарт деңгейіне жеткізетін педагогикалық әдістер жүйесі.

    Технологиялық карта нәтижесі әр болжамнан кейін тексеріліп, талдау жасауды қажет етеді, яғни интеграция жүзеге асырылады.
    Оқу үдерісін педагогикалық технология тұрғысынан жобалау жекелеме тараулардың технологиялық карталарынан құралады. Технологиялық картаның құрамды бөліктерін және олардың атқаратын қызметтерін қарастырайық.
    1. Технологиялық карта негізі жоғарыда айтып өткеніміздей мақсат қоюдан басталады, яғни тақырыпқа байланысты шағын мақсаттарды анықтау.
    Мақсатты нақты және анық көре білу, яғни тақырыптың негізгі сұрағын анықтай білу, мұғалімнің әдістемелік шеберлігін көрсетеді. Қойылатын мақсат мұғалімге және оқушыға ұғынықты түрде ықшам әрі түсінікті болуы қажет. Қойылған мақсат бойынша мұғалім болашақ оқу үдерісін мақсаттар түрінде көруі керек, ал оқушы үшін оның білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар жүйелі түрде берілуі керек.
    Ілгеріде қойылатын мақсат саны тақырып көлеміне қарай 2-5 аралығында болуы керек дегенбіз. Оның себебі мақсат ұсақталып, көбейген сайын оның нақтылығы азайып алғашқыларының мәні жойыла бастайды.
    Мақсат қою технологиясы және педагогтың әдістемелік жұмысының мақсаттылығы оқу тақырыбындағы әрбір сабақтың мәнділігін арттырады, сабақтың нәтижелігіне және мазмұндылығына мұғалімнің, сол сияқты оқушының да жауапкершілігін арттырады, осы сабақтағы берілген мақсаттың меңгерілуіндегі орнын нақтылай түседі, ал бұның барлығы жобалаудан, технологиялық картадан басталады.


    1. Берілген тақырыпты мақсаттарға бөліп алғаннан кейінгі жұмыс осы қойылған мақсаттарға байланысты оқушылар білімін болжау жұмысын құру

    Біз бірінші рет оқушыға жеке тұлға ретінде қараймыз, себебі оқушы өз деңгейін өзі таңдайды, яғни өзінің білім мөлшеріне қарай болжаудағы қажетті тапсырмалар мөлшерін таңдап алады. Болжау деп отырғанымыз оқушылардың қойылған мақсатты меңгеруін анықтауға арналған өздік жұмыс.

    1. В. М. Монаховтың болжауды құру аксиомалары

    В. М. Монаховтың педагогикалық технологиясы бойынша болжауды құру барысында мына жеті аксиома орындалу керек:

    1. аксиома. Өзіндік жұмыстың (ӨЖ) екі түрі бар: білім беру стандар- ты (программа) деңгейіндегі тапсырма, жоғары деңгейдегі тапсырма.

    2. аксиома. Стандартты ӨЖ төрт тапсырмадан тұрады: алғашқы екеуі стандартты деңгейінде, соңғы екеуі жоғары деңгейде.

    3. аксиома. ӨЖ-тың жалпы түрі:

    1. білім беру стандарты талаптары деңгейіндегі тапсырма;

    2. білім беру стандарты талаптары деңгейдегі тапсырма;

    3. «Төрттік» баға деңгейіндегі тапсырма;

    4. «Бестік» баға деңгейіндегі тапсырма.

    1. аксиома. Алғашқы екі тапсырма қиындығы жөнінен бірдей, оқушыларға түсінікті әрі қарапайым болуы керек.

    2. аксиома. Білім беру Заңына (әрбір 3 оқушы стандарт деңгейіне жетуге міндетті, одан әрі ол осы деңгейде тоқтай ма, жоқ па, әлде әрі қарайғы деңгей тапсырмасын орындай ма, ол оқушының өз еркі) сәйкес кез келген оқушы тапсырманы берілген тәртіп бойынша және екінші тапсырма орындалмай тұрып үшінші, сол сияқты төртінші тапсырманы орындауға болмайды.

    3. аксиома. «Төрттік» бағаға берілетін №3 тапсырма алғашқыларға қарағанда қиынырақ болу керек. Тапсырманың қиындығы болжана- тын мақсаттың мазмұнына байланысты.

    4. аксиома. «Бестік» бағаға берілетін №4 тапсырма №3 тапсырмаға қарағанда қиындау болуы керек.

    Міне, осы аксиомалар талаптары толық сақталғанда болжау жұмысының тапсырмалары алдыға қойған мақсатқа толық жеткізеді.
    Осы аксиомаларға нақтырақ түсініктемелер берейік.


    82


    83




    3-аксиомада болжамдағы тапсырмалар саны көрсетіледі. Онда білім беру стандарты талаптары деңгейіндегі тапсырма саны екеу екені айтылған. Оның себебі «егер оқушы алғашқы екі тапсырманы ешқандай қатесіз орындаса, онда оның білімі «мемлекеттік талаптарына» сай келеді және ол сынақтан өтті деген белгі алуына толық мүмкіндігі бар. Егер тапсырманың екеуі де орындалмаса, онда оқушы түзету (коррекция) тобына түседі. Егер екі тапсырманың біреуі дұрыс, ал екіншісі қате болса, онда ол оқушының да сынақтан өтуге мүмкіндігі бар, егер ол технологиялық картадағы «Сабақтан тыс өз бетімен орындайтын тапсырмалар» бөлігіндегі тапсырманың стандарт деңгейіндегі жаттығуларын толық орындаса.
    Келесі кезекте «бестік» деңгейін анықтайды, яғни №4 тапсырманың үлгісін құрады. «Бестік» немесе ең жоғары деңгей тапсырмасы оқушылардың ойлау, есте сақтау дағдыларын, жылдамдығын тексеру мақсатында болу керек. №3 тапсырманың («төрттік» баға деңгейінің талаптары) қиындығы стандарт пен жоғары деңгейдің арасындағы аралық деңгей болып шығады. В. М. Монахов эксперименттік зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша «төрттік» деңгейдегі бағаның оқу орнының түріне қарай мынадай мөлшерін ұсынады: егер гимназия немесе лицей болса, онда «төрттік» бағаның деңгейі «бестік» бағаның деңгейіне, ал жалпы орта білім беретін орта мектепте «төрттік» бағаның деңгейі стандарттың деңгейіне жақындатып алу тиімді болады.

    1. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын тапсырмаларын мөлшерлеу бөлігі. Бұл бөліктің практикалық мақсаты - оқушылардың болжау тапсырмаларына даиындыгы болады.

    Адамгершілік мақсаты - оқушыға бірінші рет «білім туралы» Заңға сәйкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік беріледі, яғни қойылатын баға деңгейіндегі тапсырмалар жиынтығын таңдау.
    Негізгі мақсат - артық тапсырмадан арылу.
    Мұнда да қойылған мақсаттар санына байланысты, әрбір мақсатқа үш деңгей бойынша тапсырмалар жиынтығы беріледі. Технологиялық жобаның авторы - сабақтан тыс өз бетімен орындайтын тапсырмаларды мөлшерлеу бөлігінде оқушыға тексеру жұмысы кезінде өзінің таңдаған деңгейіндегі бағаны алуға кепілдік беретін тапсырма көлемін орындап дайындалуды ұсыну керек. Технология бойынша оқыту үдерісі кезінде де әдеттегі үйге


    берілетін тапсырмадан бас тартуға болмайды. Үй тапсырмасының әрқайсысын деңгей бойынша анықтап, оның қай деңгейін орындауды таңдауын оқушылардың өз еріктеріне беру қажет. Технологияның үш элементі: мақсат қою, болжау, үй тапсырмасын мөлшерлеу өзара тығыз байланысты, олардың әрқайсысы екіншісінің мазмұнын толықтырып отырады. Мақсаттың саны мен мазмұны, онда анықталған оқушыларды дамыту міндеттері тақырыпты оқытудың логикалық құрылымын құрайды. Мұнда әрбір мақсатқа жетудің уақытша ұзақтығы беріліп, сабақтың негізгі және көмекші құралдары анықталады, оқушыларды дамыту бағдарламасы құрастырылады.
    Уақытпен есептелген ұзақтық қойылған мақсатқа жетуге жеткілікті болатын тақырыпқа берілетін сағат санымен анықталады. Әдеттегі күнтізбелік жоспарлаудан айырмашылығы, мұғалім оқу үдерісінің субъективті жағдайларға байланысты болатын сабақтың үйлесімді үдемелілігін кәсіпкерлік шеберлігі, сыныптың білім деңгейі және көмекші құралдарды қарастыру өзара байланыста болатын жаңа білім элементтерінің тізбесін және негізгі тақырыпты өту барысында қажет болатын қосымша ұғымдардың тізбесін анықтауды қажет етеді. Біздің жұмысымызда көмекші құрал ретінде қайталау тақырыптары алынған. Қайталау тақырыптары жаңа ұғымды енгізу барысында, оның түсінікті болуы үшін және жаңа ұғымды ілгеріде өткен ұғымдармен байланыстыру үшін қажет. Сыныптағы оқушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты оқу үдерісінің логикалық құрылымына оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ынтасын дамыту енгізіледі.
    Технологиялық ең соңғы «Түзету» (коррекция) бөлігін қарастырайық. Бұл бөлік сынақтан өтпеген, яғни білім дәрежесі мемлекеттік стандарт деңгейінен төмен оқушыларға арналған. Бұл бөлікте негізі үш жағдай қамтылады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет