Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат


В. С. Кукушкина бойынша оқыту әдістерін таңдауға әсер ететін себептер тізімі



бет25/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

В. С. Кукушкина бойынша оқыту әдістерін таңдауға әсер ететін
себептер тізімі




Себептер

Себепке әсер ететін коэфф.

Орын

1

Оқыту мақсаты. Қажетті жетістікке жетудің оқыту деңгейі

0,90

1

2

Оқытудың ынталандыру деңгейі

0,86

2

3

Оқытудың заңдылық ұстанымдарын жүзеге асыру

0,84

3

4

Жүзеге асырлатын талаптар мен мазмұндар көлемі

0,80

4

5

Оқу материалының күрделілігі мен қажетті өлшем шегі

0,78

5

6

Оқушылардың дайындық деңгейі

0,65

6

7

Оқушылардың белсенділіктері, қызығушылықтары

0,65

7

8

Оқушылардың жасы, оқу жұмысына жарамдылықтары

0,62

8

9

Оқыту дағдыларының қалыптылығы. Оқытудағы жаттығушылық пен шыдамдылығы

0,60

9

10

Оқыту уақыты

0,55

10

12

Өткен алдыңғы сабақтағы әдіс- тәсілдерді қолдану

0,40

12

13

Сабақтың типі мен құрылымы

0,38

13

14

Оқу еңбегі үдерісінде қалыптасатын (бірге жұмыс жасайтын және билік жүргізуде) мұғалім мен оқушы арасындағы бір-бірімен қарым- қатынасы

0,37

14

15

Сыныптағы оқушылар саны

0,36

15


Осы кестенің талдауы, оқыту әдістерінің оптималды таңдалуына көрсетілген себептерінің сәйкес келуі негізінде жатқаны көрсетілген. В. С. Кукушинаның ойы бойынша, осы кестенің авторы - қазіргі таңдағы оқытудың көптеген жағдайларда теориялық білімге көп ықпал ету әдістеріне сүйене отырып, олардың қолдануға болатын мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, автор ескертеді: шын мәнінде үнемі алдынала болжанбаған кездейсоқтық әсер етеді. Оқытудың сапасын төмендететін объективті себеп-салдары болып табылатыны алдынала болжанбаған салдарлар мен кездейсоқтықтардың санының өсу дәрежесі, өз коэффициенттерінің шегі мен азаюын көрсетеді. Нақты айтқанда, мұғалімге - оптималды әдістерді ешбір сәтті нәтижелі кепілдіксіз таңдауды міндеттеме жүктеледі. Бұл мәселелер тудырып, қарама-қайшылықтарды, бір жағынан оқытудың талап ететін сапасын көрсетеді, екінші жағынан тұрақты нәтижені алудың әсерлі тәсілдерінің жоқтығын көрсетеді. «БжС» технологиясында осы аталған мәселелердің барлығы да технологиялық карталар арқылы шешіледі. Онда №1 кестеде көрсетілген сабаққа қойылатын талаптардың барлығы да қоса қамтылған мәселелерді шеше


87


86




алады. Сонымен, үнемі жаңғыртылған және тұрақты нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің сабаққа деген минималды уақытпен дайындалған, кез келген сабақты аса жоғары сапамен өткізуге мүмкіндік беретін барлығы 11 технологиялық карта құрылған.

  1. Технологиялық карта бойынша жұмыс істеу ережесі

Педагогикалық технология - бұл қажетті сапаны қамтамасыз ететін, іс-әрекет бұйрығы мен жоспарын орындайтын технологиялық регламентпен шектелген, іс-шаралар мен үдерістен тұратын жүйе. Карта бойынша жұмыс жасау ережесімен оқушыларды таныстыруды және пәнді меңгеруде сабақ барысында олардың ойларын дамытуға мақсатталғаны жайында хабардар етуді қажет етеді. Мысалы: барлық сабақ барысында балалар жасайтын шапалақ олардың зейіндерін арттыруға қызмет етеді. Шапалақ тек «Алгоритм» картасында ғана міндетті болып табылады. Бірақ оларды басқа карталарда ұйымдастырушылық шаралар ретінде зейіндерін сабаққа аударуға қолданылуына тыйым салынбайды. Тапсырмаларды тексеру шараларын дұрыс орындауды аса қажет етеді. Бұл оқу материалдарын диагностикалау мен өлшемдік шегін анықтауда алынған ақпараттардың объективтілігін анықтайды.
Материалды меңгеруге жеңілдік жасау үшін карталар блок- сызба түрінде берілген. Автордан басқа ешкім де, технологиялық карта мен блок-сызбаға өзгертулер енгізуге құқығы жоқ. Өзгертуді қажет еткен жағдайда, технология авторының басшылығымен сарапшылар коммисияның шешімі бойынша өзгерістер енгізуге болады. Мұндай әсер ету ИСО 9000 халықаралық стандартқа сәйкес келетін, кез келген үдерістің стандартты кезеңі технологиялық әсер беретін ұдайы нәтиженің сапалы басқарылуына негізделген.
Әрбір айналым шегінде оқу үдерісінің кіші құрылымы аясында педагогикалық түсініктер берілген. Меңгеруге оңай болу үшін айналымдар әр түрлі түспен көрсетілген.
Технологияда негізгі оқу сабақтарының типтері қабылданған. Оқу үдерісінде оқу сабақтарының 5 типтері бар. Осыған байланысты әрбір карта оқу сабақтарының нақты бір типіне сәйкес келеді.
Әрбір оқу сабақтары типінің өз қисыны бар: Кіріспе сабақ: мотивация, меңгерілетін тақырыпты елестету, практикалық және әлеуметтіліктің мәнін ұғыну, түйсіну.

  1. тип. Оқу сабақтарының меңгерілуі және жаңа материалды біріншілік бекіту бойынша мынадай қисында болады: мотивация,


оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру, қабылдауды ұйымдастыру, ұғынуды ұйымдастыру, түйсіну. Түсінудің біріншілік тексерілуі, біріншілік бекітуді ұйымдастыру, талдау, түйсіну.

  1. тип. Білімді бекіту және іс-әрекеттер бойынша оқыту сабақтары: мотивация, алдыңғы білімдері мен іс-әрекеттер тәсілдерін өзектендіру, стандартты және өзгермелі жағдаяттарда білімді қолдану үлгісін құрау, білімді өз беттерінше қолдану, бақылау және өздік бақылау, түзету, түйсіну.

  2. тип. Білім мен іс-әрекеттер тәсілдерін кешенді қолдану бойынша оқыту сабақтары: мотивация, білім мен іс-әрекеттер тәсілдері кешендерін өзектендіру, жаңа және ұқсас жағдаяттарда өз беттерінше білімін қолдану, бақылау және өзіндік бақылау, түзету, түйсіну.

  3. тип. Білім және іс-әрекеттер тәсілдерін жалпылау мен жүйелеу бойынша оқыту сабақтары: мотивация, оқу материалдарының мазмұнын талдау, оқу материалдарының негізгісін бөліп алу, жалпылау және жүйелеу, пәнішілік және пәнаралық байланысты қалыптастыру, түйсіну.

  4. тип. Білім және іс-әрекеттер тәсілдерін бағалау мен түзету, тексеру бойынша оқыту сабақтары: мотивация, өз беттерінше тапсырмаларды орындау, өзіндік бақылау, бақылау, талдау, бағалау, түзету, түйсіну.

  1. Ізгілікті бағыттағы базалық технологиялық
    карталар


Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілілгін дамыту. Сәттілікке жеткен тұлға көрсеткіші сияқты, пәнді сапалы түрде меңгеруге ынталану және қызығушылық таныту. Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.
«АУЫЗША САБАҚ-1» картасының сызбасы

  1. тип. Жаңа материалды оқып және оны бекіту бойынша сабақ келесі қисынмен жүзеге асады: мотивация, оқушының субъекті тәжірибесін өзектендіру, қабылдауды ұйымдастыру, ұғынуды ұйымдастыру, түсінуді біріншілік тексеру, біріншілік бектуді ұйымдастыру, талдау, түйсіну.


88


89




1

Ұйымдастыру кезеңі мотивация

Үй жұмысы тексерілмейді - бұл жаңа тақырып. Өткен тақырып аяқталған және түйсінуді талап етпейді. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты жылдық жоспар бойынша көрсетіледі. Мұғалім тақырыптарды оқу барысында уақытты үнемдеуге және «Ауызша сабақ-1» картасында ойнау мүмкін- діктеріне мәлімет береді.

Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. ООМ бойынша жұмыс.

2

Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру

Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі-қарсылы сұрақ қою. ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі (Бұл кезеңдегі, бұл карта бойынша оқушылардың 63% норматив көрсеткішке жетуге қиындық тудырғаныүшін 25.02.11 ж. Ақтөбе қ. №51 мектептің тарих пәннің «Кәсіби» мұғалімі Қ.Сұлтанованың ұсынысына
байланысты түзету енгізілді).

Біріншілік белгілеу барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

3

Қабылдауды ұйымдастыру. 2 сөзден тұратын түсінік екі сөз ретінде саналады.
Жады бойынша рұқсат: бір сөз шегеріледі

Сабақ басталмас бұрын мұғалім тақтаға оқытылатын тақырып бойынша 7, 14, немесе 21 кілтті сөздерді жазады. 7 сөз бастапқы кезең. 14 сөз егер сынып 7 сөзді жеңіл естерінде сақтаса. 21 сөз егер сынып 14 сөзді меңгерсе. Тақырып ішінде мұғалім сөздердің мағынасын түсіндіреді. кілтті сөздер жабылады. Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді
естерінде сақтауы тиіс. Берілген уақыт аяқталысымен сөздерді жасырып қояды және оқушылар сол кеткен уақыт аралығындағыдай уақыт ішінде естеріне сөздерді түсіруі тиіс. Мұғалім сұрақ- жауап жүргізеді, нормаға сай есте сақталған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына қосу белгісі қойылады.

Екіншілік белгілеу. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз - 30 сек. 14 сөз-1 мин-15 сек. 21 сөз - 2 мин-30 сек.

4

Ұғынуды ұйымдастыру

Оқушылар оқулықтың бір бет парағындағы мәтінді 3 минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алатыны жайында ескертуі тиіс.

1-2 сынып: 5 минут бір бет мәтінге; 3-4 және 7-11 сыныптар: 4 мәтіннің бір бетіне 4 минут;
5-6 сынып: мәтін бетіне 3 минут.

5

Түсінуді тексеруі

Қарама-қарсы сұрақ қою. Мұғалім ООМ бойынша оқушыларды ретсіз түрде сабақтың тақырыбыиа байланысты кілттік сөздерді қоса сұрайды.

Үшіншілік белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

6

Бекітуді ұйымдастыру

Қарама-қарсы сұрақ қою. Мұғалім тақырыиқа сай ретсіз оқушыларды ООМ арқылы сұрайды. Сұрақтар меңгеру сапасын тексеруге арналған тұрғыда болғаны абзал. «Иә» немесе «Жоқ» деген жауап беретін сұрақтар болмауы тиіс.

Төртінші белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

7

Талдау.
Уақыт 5 минут

Оқытылғаіі тақырып бойынша тақырыіітық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. шығарма түрінде жазуға рұқсат беріледі. Көмекші сөз және жалғау сөз болып саналмайды. ТСҚ нормативі төменде келтірілген.

Бесінші белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

8

Түйсіну

1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады. 2. Сабақтың нәтижесін ескере отырып сол тақырыи бойынша жұмыс уақыты болжанады. Мұғалім тағы да тақырыитыц аяқталуын болжап, «Ауызша сабақ 3» картасындағы ойын ережелерінің мүмкіндіктерін айтады.





90


91




Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады: 4-5 белгі - 5 ұпай.- 3 белгі - 4 ұпай. -2 белгі - 3 ұпай. -1 белгі - 2 ұпай.


9


Сапа нормативі: оқушылардың
63% 5 ұпайдан алуы тиіс. 3 -
кестені қара. 10 Үй тапсырмасы 4
белгіден кем алған оқушылар үйге
тапсырма алады.



«Ауызша сабақ - 1» картасы бойынша технологиялық
сабақ сапасының мониторингісі

Сапалы технологиялық нәтиже алу үшін сабақтың әр кезеңі мен бүкіл сабақ барысы өлшенеді. Бұл үшін сабақтың технологиялық кезеңі бойынша негізгі 5 көрсеткіші жасалған, ол мұғалім тарапынан ООМ арқылы қойылатын алу және қосу белгілерімен көрінетін белгілер. 1. Өткен тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақ қою. 2. Тірек сөздерді есте сақтау бойынша жадысына. Бақылау - (оқушылардың бір-бірін өздері тексеруі). 3. Сөздік қоры бойынша сөз саны үшін. 4. Қарама-қарсы сұрақтар үшін. 5. Сыни көзқараспен сұрақ қойғаны үшін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет