Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
«Интербелсенді» ұғымына түсінік беріп, интербелсенді оқыту технологиясына сипаттама беріңіз.
Интербелсенді оқыту формаларын атаңыз.
Интербелсенді оқыту технологиясындағы оқушының іс- әрекетіне сипаттама беріңіз.
Интербелсенді оқыту технологиясын жүзеге асыру әдістерін саралаңыз.
Бастауыш мектептің оқу үдерісінде интербелсенді әдістерді пайдалану әдістемесін өңдеңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Абдуллина Г. Интерактивті оқыту - таным белсенділігінің қазіргі бағыты. - Ұлт тағылымы, 2009, №2.
Айтмамбетова Б. Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері /23 лекция/. - Алматы, 1991.
Аймухамбетова С. А. Интерактивтые методы учебной- деятельности. - Қазақстан жоғары мектебі, 2010, №1.
Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. - Алматы, 2009.
Әлімов А., Қосанов Б., Базарбекова Р Орта мектептің 2 сыныбында интербелсенді әдістемені қолдану. Әдістемелік құрал. - Алматы, 2010.
Бағиева Ш. М. Интерактивті әдістер - өмірлік дағдыны қалыптастырудың тетігі. - Білім, 2007, №6.
Имрамзиева С. Д. Интерактивные технологии обучения. - Қазақстан кәсіпкері. Ғылыми-әдістемелік жарнал. - 2009, №8.
Маджуга А. Г., Шоманбаева А. О., Кабылбекова З. Б. Теория и практика интерактивного обучения. - Шымкент, 2004.
Рысбаева А. Қ. Педагогикалық процесс субъектілерінің табысты іс-әрекетіне интерактивті оқытудың ықпалы. Оқу құралы. - Алматы, 2008.
Нысаналы оқыту технологиясы
Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында ірі өзгерістер дүниеге келіп, білім берудің дүниежүзілік жаңа сатысына көтерілу кезеңінде түрлі-түрлі реформалар жасалуда.
Оқыту формасы бұрынғы білім беруді ғана негіз еткен дәстүрлі оқыту формасынан жеке тұлғаны қалыптастыру формасындағы сапалы оқыту жүйесіне өзгерді. Оқыту барысы зерттеп үйрену іс- әрекетін басты форма етіп отыр.
Іс-әрекет барысында өзін-өзі басқару мен өзара әсерлесіп үйренуді іске асыру ерекшелігіне ие болды. Мұғалім оқыту мақсатына жету үшін оқулықты жете түсіну негізінде оқыту іс- әрекетін мұқият жоспарлауға көшті және оқушыларды зерттеп үйренуге ұйымдастырудың алуан түрлі әдістерін қолдануда.
Бірақ, барлық мұғалімде ортақ оқыту технологиясы болмағандықтан оқытуда біркелкілік сақталмай отырғаны жасырын емес. Ұл оқушылардың білім алу сапасына ықпал етпей қоймайтыны сөзсіз.
Сондықтан қазіргі сыныптық оқытуға үйлесетін, оқушыларды зерттеп үйренуге ұйымдастыруға икемді.
Нысаналы оқыту технологиясы бүгінгі күнде дүниежүзі бойынша тәлім-тәрбие саласында орасан зор ықпал көрсетіп отырған технологиялардың бірі.
Қазірде бұны АҚШ, Жапон, Қытай сынды көптеген дамыған елдер өздерінің білім беру саласында кеңінен қолданады. Нысаналы оқыту технологиясы АҚШ педагог және психолог Блумның «Тәлім- тәрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы мен «игеріп оқу» теориясы негізінде қорытындыланып жасалған.
Анығырақ айтқанда, нысаналы оқыту дегеніміз оқыту мазмұнын нысаналандыру, жүйелендіру, ғылымиландыру және оны игерудің әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру, сол арқылы оқыту сапасын жан-жақты көтеру мақсатына жету деген сөз.
Нысаналы оқытуды теориялық жақтан түсіну үшін Блумның «Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы мен «Игеріп оқу» теориясына қысқаша тоқтала кеткен жөн.
«Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы. Адам өмірінде істелуге тиісті қандай бір жұмыс ол үлкен болмасын, кіші болмасын қандай да бір нысынаға жетуді көздейтіні ақиқат. Дәл
198
199
сол секілді оқыту жұмысы да белгілі оқыту нысанасына жетуді мақсат ететіні шындық, екінші сөзбен айтқанда, оқыту жұмысы өзі тәрбиелеп отырған оқушының болашақта қандай жетістікке жетуін, қандай адам болу керектігін алдын ала анықтап алуы қажет. Осы тұрғыдан келіп, оқыту нысанасын Блум: таным саласындағы нысана, сана-сезім саласындағы нысана және әрекет шеберлігі (қабілет) саласындағы нысана деп үш салаға бөледі.
Таным саласындағы нысана дегеніміз оқушының үйренген білімін есте сақтау және қайталау барысындағы ақыл-парасат пен қабілеттің калыптасу нысанасын, яғни білім алу мен қабілетті дамыту жағындағы нысананы көрсетеді.
Сана-сезім саласындағы нысана қызығушылық, мінез, құндылық көзқарасы, сондай-ақ бейімділік қабілеті жағындағы нысананы, яғни ақыл-парасатқа жатпайтын факторлар жағындағы нысананы көрсетеді.
Іс-әрекет шеберлігі саласындағы нысана дегеніміз - меңгеру және әрекет шеберлігі жағындағы нысананы көрсетеді.
Блумның еңбегі оның оқыту нысанасын белгілі өлшем бойынша тәртіпті түрде жүйелеп айқындық пен жүйелілік қалыптастыруынан көрінеді, Ол бұны АҚШ-тың тәлім-тәрбие ісіне мұқият зерттеу жүргізу аркылы қол жеткізді, әрі бұл еңбегі Блумның әлемдегі атағын да асқақтата түсті.
Бұрын жұрт бір адамның үйрену жағдайын тексергенде оның тек алған біліміне ғана назар аударатын, ал Блумның таным саласындағы нысанасы бес жақты (түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) қамтиды, яғни оқушылардың әр түрлі қабілеттерін жетілдіру нысанасын алға қояды.
Сондықтан қазіргі кезде бүкіл дүниежүзінің білім беру саласы осы көзқарасты ұстанып, оқушылардың қабілетін жан-жақты тәрбиелеуді дәріптеп келеді. Білім теориясы оқушыны бағалаудың ортақ мойындалған өлшемін де ортаға қояды.
Бұл өлшем мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу қызметі мен бағалау қызметін де алға бастырады.
Сөйтіп, бағалаудың айқын нысанасы орнатылды. Блумның таным саласындағы оқыту нысанасы бүгінгі күні көптеген елде оқытуды бағалау мен оқулық жасаудың негізгі іргетасына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |