Сабақ оқытуды ұйымдастырудың бір формасы
Оқыту формасы адамзат қоғамының дамуымен бірге қалыптасты. Оқыту үдерісінің ең ертеде қалыптасқан түрі жеке оқыту болды. Келесі кезең жеке-топтық оқыту әдіс болды. XVII ғасырдың басына
қарай бұл оқыту формалары қоғам қажеттілігін өтей алмай қалды. Осы кезеңнен бастап алғашқы топтық оқыту әдіс қолданылып, ол қазіргі кездегі сыныптық-сабақ жүйесінің негізі болды. Сыныптық- сабақтық жүйенің авторы ретінде Я.А.Каменскийді атайды.
Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің сипаттамалары мынандай:
оқудың негізгі бірлігі сабақ;
оқушылар жастары бойынша сыныптарға бөлінеді;
мектептегі оқыту кезеңі;
сабаққа қатысу бәріне міндетті;
сабақ кестесі, үзіліс, каникул кезеңдері жыл бойын қамтиды;
сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстары бір тақырып және бәріне ортақ бір жоспар бойынша жүзеге асырылады;
оқыту барысын мұғалім басқарады.
Сабақтың құрылымы мен типтерге бөлудің қазіргі заманғы үлгісі.
Сабақ - мұғалімнің шығармашылығы. Тіпті бірыңғай технологияны қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ әр ұстазда түрліше болып шығады. Кез келген сабақтың анық мақсаты болуы керек. Сондықтан қазіргі заманғы дидактикада сабақ типтерін былай классификациялайды.
жаңа сабақ өту;
дағды мен біліктілігін қалыптастыру және дамыту;
білімін, біліктілігін, дағдысын бекіту мен пайдалану;
оқыту және білімді жүйелеу;
білімін, біліктілігін, дағдысын бақылау және коррекциялау;
кіріктірілген сабақ.
Мұғалім алдымен сабақта не істейтінін жоспарлайды, содан соң калай және қандай әдіспен жүзеге асыратынын анықтайды. Сабақтың құрылымы мақсат пен мазмұн арқылы анықталады, кездейсоқ таңдалуы мүмкін емес.
Қорыта келгенде, бүкіл оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы қажет. Нақты өмірде бұл жағдай әрқашан іске аса бермейді. Неге десеңіз, мұғалім бір технологияны немесе оның бір көрнекті элементін ғана практикада қолдануға бейім тұрады. Бұл жағдайда ИОТ-ң бүтіндік принципі
196
197
бұзылады: бұл үдеріс әртүрлі технолгиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, бүтін болғанда ғана технология педагогикалық тұрғыда әсерлі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |