Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат



бет63/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

А. Г. Ривин әртүрлі жағдайларда қолданылатын оқытудың ұжымдық тәсілінің бірнеше әдістемесін атап көрсетті:

  • кез келген оқу пәні бойынша мәтіндік материалды оқу;

  • мәтінді өзара алмасу;

  • тапсырмаларды өзара алмасу;

  • оқулық бойынша есеп пен мысалдарды шығару;

  • өзара диктанттар жазу

  • жұптасқан түрде өлең, тақпақтар жаттау;

  • жұптасқан түрде жаттығуларды орындау;

  • сауалнама бойынша жұмыс;

  • шет тілін оқу.

Бастауыш мектепте ұжымдық оқытуды ұйымдастыру.

  1. Бастауыш мектептің кез келген пәнінде оқулық бойынша мәтіндік оқу материалын оқыту жоспарланады. Ол үшін берілген оқу материалы бірнеше бөлікке бөлінеді. Бастауыш сыныптарда мәтін көлемі аз болуы керек. Әр оқушы өз бетінше жеке жұмыс істейді.

  2. Бір партада отырған екі оқушы бірігіп мәтіннің бірінші бөлігін оқуға кіріседі. Біреуі мәтінді ақырын дауыспен оқыса, екіншісі мәтіннің дұрыс оқылуын қадағалап отырады. Содан соң екеуі бірігіп мәтіннің мазмұнын талдайды, демек, біреуі мазмұнын айтып, екіншісі толықтырып отырады. Сонымен қатар басқа оқу материалдарынан да үзінділер келтіруге болады. Бастауыш сынып оқушылары мәтіннің осы бөлігіне ат қойып, оның жоспарын құрады. Жоспар құру барысында талас туындап, мәтін жан-жақты талданып, оқушылардың ойлау қабілетіне жағымды жағдай туады. Содан соң бастауыш сынып оқушылары мәтіннің бөлігіне қойылған атын және қарастырылған жоспарды дәптерлеріне жазып, тарасады. Мәтіннің екінші бөлігін талдау үшін әрқайсысы өзіне жаңа жұп таңдайды. Егер мұғалім өзінің оқушыларының қабілетін жақсы білетін болса, онда кіммен бірігіп жұмыс істеуге болатынын айта алады. Бірақ бұл міндетті емес.


234


235




  1. Жаңа жұптарда оқушылар бірінші бөлімнің қысқаша мазмұнын қайталайды. Олар жоспарды салыстырып, өзгертіп, түзетеді. Біреуі бірінші бөлімнің мазмұнын айтса, екіншісі ай- тып отырған баланың дәптеріне қарап, қажет кезінде түзетіп, толықтырады. Содан соң олар бірінші жолғыдай мәтіннің екінші бөлімін талдайды. Осылайша мәтін аяқталғанша жұптарын ауысты- ра отырып, жұмыс істейді.

  2. Мәтінді талдау барысында ақырғы жұптың жұмысы маңызды. Мәтіннің ақырғы бөлігін талдаған жұп кезекшіге немесе мұғалімге жұмысты аяқтағаны жөнінде айтады. Осылайша оқушы оқылған тақырып бойынша кіші немесе үлкен топта жұмыс істеуге дайын.

  3. Мәтіннің барлық бөлімін талдаған оқушылар 4-6 адамнан кіші топтар құрайды. Олар өздеріне жүргізушілер тағайындайды. Жүргізуші өзіне және әр оқушыға материалды айтып шығу үшін сөз береді. Топ әр оқушыға баға қояды. Жүргізуші баға қойылған қағазды мұғалімге береді. Мұғалім өз кезегінде 2-3 оқушының білімін тексеруі мүмкін. Оқушылар өз жолдастарының білімін дұрыс бағалайтындықтан мұғалімнің бағасымен тура келіп отыра- ды. Барлық бағалар сынып журналына қойылады.

Тапсырмалармен өзара алмасу, бірыңғай тапсырмаларды орындау бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын игеруде таптырмайтын әдіс.
Бастауыш сынып мұғалімі математика сабақтарында оқушыларға бір жолмен шығарылатын бірыңғай тапсырмаларды береді. Осындай тапсырмалардың бірнеше жұбы карточкаларға жазылып, нөмірленеді.
Мысалы, 4-сынып оқушысы Асқаров бірінші тапсырманың барлығын шығарса, Асанов екінші тапсырмалардың жауаптарын біледі. Осындай болған жағдайда жұптаса жұмыс істей отырып, олар тапсырмаларымен алмасады. Бұл алмасу былайша жүзеге асады: Асқаров Асановтың бірінші тапсырмадағы теңдеуін қайта шешу арқылы үйренеді. Осылайша ол Асановтың барлық сұрақтарына жауап беріп, теңдеудің шығару жолын түсіндіреді. Теңдеудің шешуі немесе қажетті жазуларды ол Асановтың дәптеріне жаза алады. Тура осындай жолмен Асқаров екінші тапсырмадағы теңдеулерді шешу жолын Асановқа үйретеді. Бұдан соң тапсырмадағы екінші теңдеулерді өз беттерінше шығарады да, дұрыстығын тексереді.


Осылайша олардың жұптасып жұмыс істеуі аяқталып, олар өздеріне басқа серік іздейді.
Әрбір оқушы өзінің тапсырмасын орындап, ауыспалы жұптардан басқа тапсырмаларды шешуді үйреніп, басқаларды үйретуге дайын болған кезде ұжымдық оқыту түрі енгізілді деп есептеледі. Егер қандай да бір тапсырманы орындай алмаған жағдайда мұғалім түсіндіру жұмысын жүргізеді. Тапсырмаларды орындау кезінде білім-білік дағдыларын оқушының игергенін мұғалім белгілеп отырады. Әр оқушының аты-жөнінің қарсысында тапсырманың нөмірлері жазылған графаға нүкте қойылады. Бұл нүкте оқушы осы тапсырма бойынша тапсырманың орындалу жолын түсіндіре алады деген сөз. Жұптық жұмыс аяқталған кезде нүктенің орнына «+» таңбасы қойылады. Әр оқушы әртүрлі оқушымен берілген барлық тапсырманы орындап шығады.
Ең алдымен 5-7 оқушыдан тұратын бірнеше топтар ұйымдастырылады. Бұл топтар карточкадағы тапсырмалар бойынша жұмыс істейді. Біраз уақыттан кейін әр топтан барлық тапсырмаларды игереген оқушылар бөлініп шығады. Олардан басқа карточкалардағы тапсырмаларды орындайтын жаңа шағын топтар пайда болады. Оқушылардың іс-әрекетін бақылайтын карта жеке, топтық немесе сыныптық болуы мүмкін. Тапсырма алған оқушының карточкадағы аты-жөнінің тұсына нүкте, тапсырманы орындап болған соң баға қойылады.
Бұл технологияны тәжірибеде іске асыру бастауыш сынып оқушыларының тақырыпты оқыту циклін өтуге қажетті уақыт бойынша «дамуының» мақсаттылығын көрсетеді. Оқыту циклі түрінде бастауыш сынып мұғалімі мен оқушылардың іс-әрекет- терінің жиынтығы түсіндіріледі, бұл оқушының алдын ала көрсеткіштері берілген мазмұнды белгілі бір бөлігін меңгеруге әкеледі.
Қорыта келе, бастауыш сынып оқушыларының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы, ең алдымен бастауыш сынып мұғалімінің өз міндетіне, қатынасына, көзқарасына, шеберлігіне байланысты. Бала мектеп табалдырығын оқып-үйренуге деген үлкен ынтамен, ықыласпен аттайды. Оларды қабілетті және қабілетсіз деп бөлуге болмайды. Ал мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру деп емес, ең алдымен, оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс.


236


237





Қандай әдіс-тәсіл болса да, әр оқушыны ойлантуға жетелеумен бірге, оны ортаға салуға, басқалармен пікір таластыруға тиіс. Өз ойымен тұйықталған баланың ойлау қабілеті еркін дамымайды.

  1. Топтық оқыту технологиясы

В. К. Дьяченконың айтуы бойынша топтық оқыту тәсілдерінің ұйымдастыру жүйесі аралас болуы мүмкін: топтық, жұптық, жекеше. Осылардың ішінде топтық оқытудың маңызы басымдырақ. Топтық технологиялардың сынып-сабақтық ұйымдастыру, дәріс- семинарлық жүйе, дидактикалық ойындар, бригада-зертханалық әдістер тәрізді формалары бар. Бұл формалар негізгі ұжымдық шарттардың орындалуын жүзеге асырады. Оқушылар ортақ мақсатты түсініп, міндеттерді дұрыс бөліп ала білуге, өзара дұрыс қарым-қатынас және бақылау жасауды үйренеді. Топтық оқытудың психология-педагогикалық негіздемесі:

  1. Іс-әрекет принципін жүзеге асыру.

  2. Оқу мен оқыту мотивациясын қалыптастыру.

  3. Білімді жалпы және толық бақылау.

  4. Оқу ұжымындағы психологиялық жағымды жағдайдың қалыптасуы.

  5. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

  6. Субъект-субъектік қарым-қатынастың жүзеге асуы.

Топтық сабақтарда мұғалім мен оқушы және оқушылар арасында өзара қарым-қатынастың болуы топтық оқытудың маңыздылығын көрсетеді. Топтық оқыту кезінде балалар тыңдай білуге, жолдастарының пікірімен санасуға, жанжал, тартыстарды шеше білуге, ортақ мақсатқа жету үшін бірігіп әрекет ету арқылы өмірге қажетті дағдыларды қалыптастырады, оқу үлгерімі артады, өзін-өзі құрметтеу сезімін тәрбиелейді, сыныптағы достық ұлғаяды, мектепке деген қарым-қатынасы өзгере бастайды, өзара көмектің құндылығын мойындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет