Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат



бет65/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

АСТІУзІаіе. Радио портты АСТІУзІаіе панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады АСТІУзІаіеХК панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. АСТІУзІаіеХК көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.
АСТІУіаЫеі. АСТІУіаЬІеі планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материал- дарын АСТІУзіийіо2 немесе АСТІУргішагу тақтасыз (АСТІУЬоагС көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. АСТІУіаЫеі компьютерге И8Б порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
АСПУоіе. АСТІУоіе тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың


нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат АСТІУЬоагС қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. АСТІУоіе қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. АСТІУоіе 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.
АСТІУоІе қолдана отырып:
«Тест дайындау шеберінде» АСТІУзінйіо бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесі кесте немесе диаграмма түрінде компьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін ЕХСЕЕ немесе ^ОКБ редакторларында экспорт жасауға болады
АСПУмнсНо программасы. АСТІУаінйіо РЕ программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа АСТІУЬоагС және АСТІУреп қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. АСТІУзІнйіо программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презента- цияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
Флипчарт. Флипчарт - бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
«Активті экран» кешені білім үдерісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
«Активті экран» бағдарламалық-техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі - жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын қазіргі заманғы педагогикалық технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.


244


245




Бағдарламалық-техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды ВУВ, СИ-КОМ және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, СЭ- КОМ, ХҰеЬ-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

  • Пән бойынша базалық білімді меңгеру;

  • Алған білімді жүйелеу;

  • Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

  • Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

  • Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Бастауыш сынып оқушыларының көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио- және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік- бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім - оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық дифференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үдерісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.


Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.
Интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шаралардың қолданудың маңызының зор екені байқалады. Оларға:

  • бастауыш сынып оқушысының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту үдерісіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану;

  • оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютерлік ойындар және т.б.) сабақта жиі қолдану;

  • проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру;

  • жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта және мультимедия - технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу үдерісінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.

Сабақ материалы Ротеег Роіпі презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар РЭҒ форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал-саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.


246


247




Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.
Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары - презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер - сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үдерісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі - ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
Екінші режим - ('ОҢсс режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары ХҰоМ мәтіндік редакторының, Ехсеі электрондық кестесінің құжаттары, Ротеег Роіпі презентациясы болуы мүмкін. Мысалы, Місгозой \¥оій құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тап- сырмаларды сурет салу панелінің «төртбұрыш» объектілерімен жа- сырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның ОРйсе режимінде ашу қажет. Бұл режим МісгозоЙ ОШсе-нің барлық


мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі - құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады («тік төртбұрыш» объектісін жылжыту немесе жою арқылы) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Үшінші режим - тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы.
Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы МісгозоЙ ОШсе құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдас- тыруға мүмкіншілік береді.
Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған.
Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған.
Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған (есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты) және материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігінде көрсету.
Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не?
Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз - ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарылауына байланысты объективті үдеріс.
Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл үдерістегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету - өндірістік мәселе.


248


249




Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат - оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Компьютермен оқыту - оқушыны субъект дәрежесіне көтеретін, жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал ететін, оқушының өз бетімен білім іздеуіне мол мүмкіншіліктер табатын білім беру әрекеті.
Компьютермен оқыту технологиясындағы мұғалімнің оқыту қызметін, негізінен, мынадай деп қарастыруға болады:

  • талдау-болжау қызметі;

  • жобалау қызметі;

  • коммуникативтік қызметі;

  • дидактикалық қызметі;

  • бақылау-түзету қызметі;

  • психологиялық демеу болу қызметі; ұйымдастырушылық қызметі.

Компьютермен оқыту технологиясында оқушының өз бетімен білім іздей алатын болуы - көзделетін негізгі нысан ретінде қойылады. Компьютермен оқыту барысында білім алудың жасанды сипатын барынша табиғи қылуға жағдай жасалынады.
Сол табиғилықтың өзі компьютермен оқытудың гуманистік сипатын көрсетеді.
Компьютермен оқыту технологиясында үлкен үш кезең анықталады. Ол кезеңдер іштей кіші кезеңдерге бөлінеді.
Мектептерде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі жолдарына баға бере отырып, «Жас балаларға компьютердің қанша қажеті бар»? - деген сұрақты айналып өту еш мүмкін емес.


Осы мәселе бойынша пікірлер алуан түрлі. Бірқатар педагогтар бастауыш сыныптардағы компьютер тек балалардың назарын басқаға аударады деп санайды. Ал екіншілері компьютерді тұрақты пайдалану бара-бара оқушылардың, егер компьютер қастарында болмаса, екі санды қоса алмайтын, қарапайым мәтінді оқи алмайтын жағдайға жеткізеді деген негізді бір қауіп білдіреді.
Компьютер мектептегі лингафон кабинеттері немесе сыныптағы теледидар сияқты дүниелер, сондықтан да білім беру мен оқу үдерісіне айтарлықтай зияны жоқ деген пікірлер де бар.
Компьютерлерді мектептің оқыту мазмұнына енгізуге қарсы салмақты аргументтің бірі - ақпараттық технологияның екпіндеп дамуы мектеп бағдарламасының үнемі жаңартылып отырғанына қарамастан оның созылмалы аурудай артта қалуына әкеп соқтырады деп санайды.
Мына бір қауіп пен алаңдаушылыққа да назар аударған жөн: тек компьютермен қарым-қатынаста болған балалар гуманитарлық қызмет түрлеріне аса қажет сезімталдық пен мейірбандылықты жоғалтып алып, дәлдік пен қырағылыққа ғана құрылған қарым- қатынасқа бас ұрулары әбден мүмкін.
Ақпараттық технологияны пайдаланудың жағдайында оқушылардың білімдерін жетілдірудің мүмкіндігі кең, соның бірі оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды қолдану болып табылады.
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Зерттеуіміз көрсеткендей, кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Осы принципті басшылыққа ала отырып, Ә. І. Тәжіғұлова «Кәсіптік білімді ақпараттандыру жағдайында электрондық оқулықтарды құрастырудың педагогикалық принциптері» деп


250


251




аталатын кандидаттық диссертациясында мынадай мәселелерді қарастырған: кәсіптік білімді ақпараттандырудың қазіргі жағдайдағы педагогикалық мәселелерінің жағдайын және даму тенденциясын зерттеуді, кәсіптік білімді ақпараттандырудың жағдайында электрондық оқулықтарды құрастырудың педагогикалық технологиясын негіздеу, сондай-ақ кәсіптік білімді ақпараттандырудың жағдайында электрондық оқулықтардың тиімділігін эксперимент арқылы тексеруді қарастырған.
Оқу үдерісінде соның ішінде, математикадан мәтінді есептерді шығару барысында компьютерлік технологияларды және электрондық оқулықтарды пайдалану оқытудың мотивациясын күшейтіп, оқушылардың сабаққа белсенді және қызыға қатысуына жағдай жасайды.
Электрондық оқулықтар - ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім.
Электрондық оқулық дайынаудың тұжырымдық негізі оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымсн қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық, ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйксс келеді. Электрондық, оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып-үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады.
Электрондық оқулық - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалардың жиынтығы.
Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:

  • кері байланысты іс жүзілік тез арада қамтамасыз етеді; және оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электрондық, оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді;

  • гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Ең бастысы, электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:

  • белгілі бір пәнге байланысты дайындалатын электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;


  • электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс мәтінін қамтитын негізгі зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалға қатысты анықтама, библиогрофиядан тұратын көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест, материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;

  • электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын, яғни берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты, әрі қысқа берілуін ескеру;

  • белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.

Сонымен, электрондық оқулықтар мен үйретуші бағдарламалардың негізгі ерекшеліктері - бұл оқушыларға өз бетімен есеп шығаруға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Бастауыш мектепте компьютерлік технологияны қолданудың қазіргі жағдайы. Қазіргі ақпараттық-қатынастық технологиялардың (АҚТ), мультимедиялық технологиялардың (ММТ) және интернеттік технологиялардың (ИТ) отандық және шетелдік педагогикалық ғылымда және білім беру практикасының жетістіктерінің негізінде оқу, тәрбие үдерісінің заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымдарының саласы болып табылатындықтан, бастауыш сынып оқушыларын компьютерлік технологияларды қолданып математика есептерін өздігінен шығару біліктіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін ғылыми негізделген және педагогикалық тұрғыдан тиімді әдістемесін жасау қажеттігі туындайды.
Бастауыш білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үдерісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.


252


253




Білім беру саласын ақпараттандыру, оның ішінде бастауыштың оқыту үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды тиімді пайдалану оқу сапасын жоғары деңгейге көтеруге, оқушылардың терең, мазмұнды білім алуларына, мұғалімдердің кәсіптік іс- әрекеттерін дамыта отырып, оқыту үдерісін қызықты және тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайтындығы айқындалды. Осыған орай, мектептегі дәстүрлі сабақтардан өзге, жаңаша сабақтар ұйымдастыру қажеттілігі және мұғалімнің қызметі мен рөлі өзгеретіндігі байқалады. Сондықтан заман ағымына қарай күнделікті сабақта компьютерлік технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беретіндігі айқындалды.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселесіне байланысты шетелдік, ресейлік, қазақстандық ғалымдар жан-жақты еңбек етуде және осы мәселе бойынша ғалымдардың бірнеше құнды еңбектері бар.
Мектеп жасындағы оқушылардың дамуы үшін компьютерді қолдану туралы бұрыннан белгілі Массачусет технологиялық институтында (АҚШ) С. Пейперттің жұмысы болып саналады. Оның басшылығымен 1968 жылдан Ж. Пиаженің теориялық концепциясы негізінде мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілетін дамыту бойынша зерттеу жүргізілді. Жұмыс негізіне екі идея алынды: 1) интеллектуалдық дамудағы маңызды өзгеріс мәдениеттілікті өзгерту арқылы ғана жүзеге асыуы мүмкін; 2) мәдениеттілікті неғұрлым жедел өзгертетін сенімді жол - компьютердің жедел қарқынмен қолданылуы. Осы зерттеулердің нәтижесінің бірі - балалар үшін «ЛОГО» бағдарламасын түзу болды. Қазір бүкіл әлемде бұл бағдарлама педагогикалық тәжірибеде кеңінен қолданыс тауып, біздің елімізде де барған сайын кең таралып отыр.
Бізге белгілі, басқа да эксперименттік зерттеулер 1980 жылы адам ресурстары жөніндегі ғылыми-зерттеу ұйымы мен Монтгомери (АҚШ, Мэриленд штаты) округының мұғалімдері мен әкімшілігі бірлесіп жүргізген жұмыс. Оған 165 бастауыш, толық емес орта және толық орта мектептің оқушылары қатысқан. Эксперимент үдерісі кезінде мына мәселелер қарастырылды: біріншіден, әр түрлі тапсырмалар қай сыныптарда табыспен жүруі мүмкіндігін анықтау, екіншіден, олардың қол жеткізген табыстарын компьютермен жұмыс істеуі шектеулі, информатика мен есептеуіш техникадан әзірлігі өте төмен оқушылармен бағалау міндетін іске асыру. Осы


зерттеулердің нәтижелері кейіннен АҚШ-тың басқа штаттарында қайталанып, жүргізілді.
Ресейлік ғалымдардың білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселесі бойынша зерттеу еңбектеріне тоқталайық.
ТМД елдерінде, оның ішінде Ресейде, білім беру жүйесін ақпараттандыру кең көлемде жүзеге асуда. Мысалы, ақпараттық- қатынастық технологияның негізін салушылардың бірі И. В. Роберт. Оның еңбектері ақпараттық-қатынастық технологияны бастауыш мектептің бастауыш сыныптарында қолданудың көптеген мәселелеріне байланысты. Ол еңбектерді талдай отырып, біз компьютерлік технологияны бастауыш сынып оқушыларын математикалық есептерді шығаруға үйретуде компьютерлік технологияның ететін әсері зор екенін анықтадық. Екінші бір ресейлік ғалым И. Е. Вострокнутовтың еңбектері оқыту барысында компьютерлік технологияны қолданудың педагогикалық принциптерін және ол технологияны оқушыларды жекелеп оқыту барысында қолданғанда қойылатын талаптарды анықтаған.
Бүгінгі күні республика көлемінде де ақпараттандыру мәселесімен айналысып жатқан бірқатар ғалымдардың ғылыми мектептері бар. Олар:

  • профессор Б. Б. Баймұхановтың еңбектерінде оқыту үдерісінде компьютерлік технологияларды енгізу мәселелері қарастырылды, осының негізінде оқыту үдерісінде әртүрлі бағдарламалық құралдарды қолданудың әдістемесі жасалған (Б. Д. Сыдықов, Р С. Шуақбаева, Р Б. Бекмолдаева, А. Ө. Байдыбекова және т.б.);

  • профессор Е. Ы. Бидайбековтың еңбектерінде студенттерді ақпараттық технология құралдарын қолдануға әдістемелік тұрғыдан дайындау, информатика пәнін оқыту және информатик мамандарды дайындау мәселелерімен айналысқан (Ж. Қ. Нұрбекова, Г Ж. Ниязова, Ш. Шекербекова, А. Ибашова, Э. А. Абдукаримова және т.б.);

  • профессор Ж. А. Қараевтың еңбектерінде ақпараттық-қа- тынастық технологияны жалпы орта мектептің оқу үдерісінде пайдалану, орта және жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту мәселелері қарастырылған (М. Б. Есбосынов, Ж. С. Сардарова, С. Т Мұхамбетжанова, Б. Т Абықанова және т.б.);

  • профессор Г.Қ.Нұрғалиеваның еңбектерінде білім беруді ақпараттандыру жағдайында электрондық оқулықтарды


254


255





дайындаудың педагогикалық негіздері мен түрлі оқыту мақсатын- дағы бағдарламалық құралдарды жасау мәселелері қарастырылған. Білімді ақпараттандырудың педагогикалық тұжырымдамасын Д. М. Жүсіпалиева, Ш. Т. Абишева, Ш. Х. Құрманалина, Г Б. Ахметова, А. С. Қадырова, А. І. Тәжіғұлова және т.б. өз еңбектерінде анықтады.
Б. Баймұханов, Б. Д. Сыдықов өздерінің «Компьютерлік оқу әдістемелік кешенді құрудың негізгі дидактикалық принциптері» деп аталатын еңбектерінде былай дейді: заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып білім берудегі дараландыру проблемаларын шешуде жаңа мүмкіндіктер ашады.
Н. Е. Исабек зерттеу жұмысында студенттерді компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау жүйесін жасау және оны жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын айқындаған.
Осы ғылыми еңбектердің ішінде орта мектептерде компьютерлік технологияны қолдану және электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы білім сапасын, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәселелеріне байланысты бірқатар еңбектерге тоқталайық.
Ж. Қараевтың пікірінше, орта мектептерде оқыту үдерісінде компьютерді пайдаланғанда түрлі-түсті реңдегі кестелерді, диаграммаларды, қозғалыстағы денелерді сипаттауға, үдерісті имитациялауға, тіпті оның ағымын математикалық модельдеу арқылы дәл әрі көрнекі сипаттауға болады. Демек, компьютерді пайдаланып, оқытудың мазмұнын анықтауға, дәстүрлі техникалық құралдардың шамасы келе бермейтін кейбір нәтижелерге жетуге болады.
Э. А. Абдыкаримова «Компьютерлік модельдеудің негізінде мектеп физикасын оқытудың әдістемесі» атты кандидаттық диссертация жұмысында компьютерлік модельдеудің алатын орны мен рөлін анықтап, «Атомдық физика» және «Атом ядросының физикасы» тарауларындағы құбылыстар мен үдерістердің компьютерлік модельдерін жасаған.
Р. Б. Бекмолдаева жаратылыстану-математикалық бағдарлы мектептерде туынды тақырыбын компьютерлік технологияны қолданып оқыту арқылы оқушыларды математикалық анализдің ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен, біліктермен, дағдылармен қаруландыру жүзеге асатынын дәлелдеген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет