МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ
ТҰЛҒА ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУҒА
ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛЫ
Бастауыш мектептің әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынас жасауы төмен
282
283
сатыда болады, ол өз қорының аз екендігін көрсетеді. Әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабақтарындағы қиыншылықтар, балалардың еркін сөйлеу, аудару, сөйлем құрастыру деңгейлерінің төмендігі, көптеген ұсынылған технологиялардың арасынан М. М. Жанпеисованың модульдік технологиясын таңдап алуға себепкер болды. Осы технологияны таңдап алудың себептері мынандай:
модульдік технология бастауыш сынып оқушысының танымдық, өз бетімен білім алуға деген құштарлығын, жалпы жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.
оқу үдерісінде сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасауға бағыттайды.
Бастауыш мектепте әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабақтарын модульдік технология арқылы оқытуға мұғалімнің даярлығын анықтайық.
кезең - мұғалімнің модульді даярлауы:
Барлық оқу материалын пысықтап, оны оқу бірліктеріне (тақырыптар блогіне) бөлу;
Оқытудың нақты нәтижелері тізбегін құру (әрбір оқушы нені біліп, үйрену тиіс);
Модуль тақырыбын тұтас баяндаудың оңтайлы формасын ұйымдастыру.
Тақырыптың негізгі түйінді ұғымдарынан тірек, сызба- конспект құрастыру.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеруге тестілер және бақылау жұмыстарын әзірлеу.
Білім, білік, дағдыларды түзетуге арналған тапсырмалар дайындау.
кезең - мұғалімнің сөйлесу бөлімін даярлау әрекеті.
Сөйлесу бөлімінде оқу материалын оқып үйрену үшін оқытудың белсенді формаларын таңдау («Қарлы кесек», «Брейн- ринг», «Жеке топтық», т.б.);
Әр түрлі күрделілік дәрежесіндегі деңгейлі тапсырмалар және олардың жауап үлгілерін дайындау;
Әрбір оқушыға немесе топқа арнап үлестірмелі материалдар әзірлеу.
Бақылау формалары:
Тестілеу (еске алушы тест, балама жауаптары бар тесттер, сәйкестілік тесті, т.б.).
Сынақ.
Релелік сынақ.
Бақылау жұмысы.
Диктант.
Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық үдерістерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру.
Бастауыш мектепте әдеби оқу, қазақ тілі сабақтарын модульдік оқыту технологиясы арқылы оқытудың басты ерекшелігі - бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасы арқылы тіл дамыту, тұлғаның дамуына жағдай жасау; Оқушы + оқушымен + топпен + ұжыммен + мұғаліммен қатынаста болуына жағдай тудыру.
Сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігінен күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып отырады. Мысалы: сабақтың басында сөздікпен жұмыс жүргізгенде жұптық неме- се бекіту кезінде топтық форманы немесе жеке топтық жұмысты қолданған тиімді. Топтарды ұйымдастыру кезінде оқушылардың өзара қарым-қатынасын ескеріп, олардың бір-бірімен білім алмасуға, жеке тұлғасын дамытуға ықпал жасауына көңіл бөлу қажет.
Әдеби оқу, қазақ тілі сабақтарында сөздікпен жұмыс бастауыш сынып оқушысының тілін байытуда ерекше орын алады. Бұл жұмыс оқушының сөздік қорын молайтып, тілін, ойлау қабілетін дамытады. Сөйлесу сабағы оқушыларды тек қана қазақ тілінде ауызекі сөйлеуге үйретіп қоймайды, оларды ойлау, талдау, сараптау және қорытындылау қабілеттерін жетілдіреді.
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі - сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Бастауыш мектептің әдеби оқу, қазақ тілі сабақтарындағы мәтінмен жұмыс (мазмұндама жазғызу, т.б.) дегеніміз - сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:
Дыбыстармен жұмыс;
Сөздіктермен жұмыс;
Сөздік қорларын жетілдіру;
Тіл дамыту;
Ережемен жұмыс;
Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.
284
285
Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:
мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс;
мәтінмен жұмыс кезеңі;
мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.
Мәтін алдындағы жаттығулар мен соған сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалдарды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, т.б.) меңгерту.
Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әртүрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс былайша ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі жанама ойды топтастыру, қорытынды жасату.
Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, негізгі ойды дәптерде түсінікті етіп жеткізе білу.
Мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар:
логикалық сұрақтар;
сөздік жұмыстар;
фонетикалық жаттығулар;
сөйлем құру;
мәтінге жоспар құру;
мәтінге ат қою;
диалог, ситуация құру;
мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша жазу, айту.
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабақтарында мәтінді оқытудың мынадай түрлерін сабақ үстінде қолдануға болады:
Дауыстап оқыту арқылы оқушының сөйлеу элементтерін меңгергендерін байқауға болады, тағы да бір тиімділігі - оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және түзетіп отырады;
Іштей оқу - бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: оқушыларға іштей шапшаң оқу үшін бір мәтін беріп, қай жерге дейін оқу керектігін белгілейді. Әркім белгілеген жерге келгенде кітаптарын жауып, бітіргенін байқатады. Солай оқушылардың оқу шапшандықтарының мөлшерін анықтауға болады.
Сабақ тиімділігін арттыруда ойын элементтерін қолдану
бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға үйретеді. Ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдалануға болады. Біріншісі - сабаққа қызығушылығын арттыру, тілін дамыту, екіншісі - оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу.
Сабақта қолданылатын ойындар: «Бәйге», «Кім жылдам?», «Кім тез табады?», «Ойлан тап!», «Жалғасын айт», «Полиглот», «Не, қайда, қашан?». Ойын барысында оқушының ойлау қабілеті, тапқырлығы дамиды.
Модульдік технология мұғалімнің алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі:
жалпы білім сапасын жоғарылату;
сабақтың тиімділігін жоғарылату;
дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жасау;
бастауыш сынып оқушыларының мақсаттарына жету жолындағы жетістіктерін есепке алу жүйесін жасау;
жеке тұлғаның өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы.
Модуль соңында әр модульге сәйкес эсселер жазу ұсынылады. Жазған эсселер сынып алдында оқылып бағаланады.
М. М. Жанпеисованың модульдік технологиясы көптеген жылдар ізденісте болған мұғалімдерге мынадай мүмкіншіліктер ашып берді:
өзінің кәсіптік шеберлігінің шыңдалуына жоғарғы деңгейге көтерілуіне себепкер болды;
тілді оқып-үйрену дағдыларын қалыптастыруда одан ары жоғарғы деңгейге көтеруге болатын жолын көрсетті;
оқу үдерісінің дамып жетілуіне мүмкіншілік берді;
Оқушыларға:
интерактивті мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы қарым-қатынас түрін берді.
оқушыларға барынша еркіндік беріліп, өздіктерінен жұмыс істей алатындықтарын дәлелдете білді. Оқушылардың өз іс-әрекетін бақылау, бағалау мүмкіншілігі туды.
оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.
өзін-өзі көрсету мүмкіншілігі туды.
Осы модульді пайдаланғанда оқушылардың тіл меңгерудегі сенімінің жоғарлағаны, сөйлеу дағдыларының мейлінше еркін
286
287
бола бастағаны, берілген сұрақтарға жауап берулері терең, жүйелі құрылатыны, әңгімелеуге деген ұмтылыстарының әлдеқайда жоғары екендігін байқауға болады.
Енді 2 сыныптың қазақ тілі сабағында құрылған модульді ұсынамыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |