ОҚУ МАТЕРИАЛЫН ӘДІСТЕМЕЛІК ЖЕТІЛДІРУ
ЖӘНЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ НЕГІЗІНДЕГІ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жоспар:
Модульдік оқыту технологиясы.
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Модульдік оқыту технологиясы
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған.
Оның мазмұнына:
оқытудың жалпы мақсатын қою;
жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
оқушылардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
оқыту әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
нәтижені бағалау енеді.
Осының арқасында оқу үдерісі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады.
Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда толық меңгеру әдістемесінің негізгі шарттары, құрылып жатқан педагогикалық технологиялардың негізгі қағидалары ескерілді.
Осыдан келіп мұғалімнің оқу үдерісін құрудағы жұмысының өзгертуі туындайды. Толық меңгеру әдістемесінде (Дж. Блок, Л. Андерсан және басқалар) әрбір оқу біліктері ауқымында мұғалімнің қызметі төмендегіше құрылады:
Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру;
Сыныпты берілген тарау (оқу бірлігі) бойынша жалпы оқыту жоспарымен таныстыру;
Оқытудағы жүргізу (негізінен мұғалімнің оқу материалын өзі баяндауы түрінде);
Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру;
Тексеріс нәтижелерін бағалау және тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды айқындау;
268
269
Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды жүргізу;
Диагностикалық тест өткізу және оқу бірлігін толық меңгерген оқушыларды айқындау.
Модульдік оқыту XX ғасырдың 60 жылдарының аяғынан бастап ағылшын тілді елдерде дами бастаған. Оның негізгі мәні - сабақтың жоспары, ақпараттар банкі және сабақтың дидактикалық мақсаттарына қол жеткізуге бағыт беретін әдістемелік нұсқаулардан тұратын жеке оқу бағдарламасын оқушылардың өзіне ұсынып, сол бойынша оларға өз бетімен жұмыс жасату. Педагогтың қызметі әр түрлі болған: ақпаратты игеруге көмектесу, кеңес беру, бағыт беріп оқушының жұмысын ұйымдастыру және бақылау.
Модульдік оқыту «модуль» сөзінен шыққан. Модуль - бұл белгілі бір функционалдық жүктемесі бар қандай да бір жүйенің өз алдына жеке бөлігі, бөлшегі. Оқыту теориясында функционалдық жүктеме болашақ маманның кәсіби білімі мен дағдыларын қалыптастыруға қажетті әрекеттердің және ақпараттың белгілі бір «мөлшері» («дозасы») болып табылады. Осы айтылғандарды ескере отырып, модульге мынадай анықтама беруге болады: «Оқытушы модуль - бұл оқу пәнінің танымдық және кәсіби аспектілерден тұратын мазмұндық бөлігінің жүйелі түрде аяқталған формасы, ол оқушының берілген модульді толық меңгеруі нәтижесінде қалыптасатын білім, білік, дағдыларын бақылап, тексерудің тиісті формасымен аяқталуы тиіс».
Модуль:
ақпараттардың аяқталған блогынан;
оқушы іс-әрекеті бағдарламасынан;
бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан тұрады.
Модульдер белгілі бір ережелерге сәйкес жасалады, оларға мыналар жатады:
оқытудың мақсаттарын анықтау;
қойылған мақсаттарға сәйкес оқу материалының мазмұнын іріктеу және құрылымын жасау;
оқу (учение) нәтижесін бағалаудың критерийлерін дайындау;
өзін-өзі тексеруге арналған тексеру тапсырмаларын дайындау.
Модульдік оқыту кейбір философиялық, әлеуметтік,
психологиялық және педагогикалық теориялар мен тұжырымдарға
негізделеді. Оларға ізгілендіру, оқуда, іс-әрекетте жетістіктерге міндетті түрде қол жеткізу, жеке тұлғаға бағдарлай оқыту идеялары тән. Сондай-ақ модульдік оқыту оқу үдерісін ұйымдастырудағы құрылымдық нақтылығымен және жоспарланғандығымен ерекшеленеді.
Оқу үдерісінде, бір жағынан, оқу мазмұнын жалпыға ортақ көлемде ұсыну, барлық оқушыға бірдей әдіс-тәсілдер, құралдар қолдану, уақытты шектеу мәселелері мен екінші жағынан, білім мазмұнын меңгерудің жеке тәсілдері, оқушылардың әрқайсысының жеке мүмкіндіктері, қарқындары арасында қарама-қайшылық туатыны белгілі. Модульдік оқыту кезінде бұл қайшылықтарға жол берілмейді, «дәстүрлі емес оқыту» принциптеріне негізделген оқыту мазмұнын таңдау үшін қолайлы жағдай туғызады, әрбір оқушы өзіне оқу бағдарламасын таңдай алады.
Модульдік оқытуда басты назар оқушының іс-әрекетіне бағытталады. Модульдердегі оқу материалдарын қандай да бір деңгейде прагматикалық деп айтуға болады. Оқу материалының прагматикалығы оның оқушыны ойлауға, оқуға, нұсқаларды таңдай және оларды талдай білу қабілетіне бағытталуынан көрінеді.
Модульдік оқыту теориясы оқу үдерісін оған қатысушы екі жақ- тың әрқайсысы өзіне тиісті функцияларды атқаратын, яғни мұғалім - басқарушы, оқушы - өзін-өзі басқарушы болып табылатын оқушы мен педагогтың мақсатты белсенді әрекет ретінде қарастырады.
Модуль нақты дидактикалық мақсаттарға қол жеткізуге, оқу материалын игеруге байланысты оқушының өзіндік танымдық іс- әрекетін қалыптастыруға бағытталған. Оқыту үдерісінің бірлігі ретінде модуль мынадай функцияларға ие: мақсат қою, ақпарат көзі, дамыту және басқару. Осы функцияларға сәйкес әрбір модульдің мазмұны бір-бірімен өзара байланысты төрт блоктан тұрады. Бұл төмендегі кестеде көрсетілген.
|
Достарыңызбен бөлісу: |