Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат



бет73/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

Дәстүрлі сабақтар

Мұғалімнің әдістері

Оқушының іс-әрекеті

Тақырыпты түсіндіреді

Мазмұнын айтып береді

Кейіпкерлер туралы айтып береді

Кейіпкерге мінездеме береді

Мәтіннің идеясын анықтайды

Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады

Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді

Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады

Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады

Шығарма жазады

Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады

Жауап береді


К^СТ сабақтары

Мұғалімнің әдістері

Оқушының іс-әрекеті

Топқа бөліп, ой қозғайды

Ұжыммен жұмыс жасайды

Тақырыпқа қызықтырып
бағыттайды

Мәтінмен өздері танысады

Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады

Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді

Кейіпкердің ерекшеліктерін
тануға бағыттайды

Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады

Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды

Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды

Өз ойларын жазуды ұсынады

Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді

Ойларын қорытуға бағыттайды

Өз тұжырымдамасын жасайды


Осы салыстыру кестелерінен «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» бағдарламасының негізгі қағидаларының шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталғандығы айқындалады. Академик Лернер бойынша білім-мәліметтер мен деректер, икемділіктер мен дағдылар, шығармашылық іс-әрекеттер, көңіл-күй құндылық бағдарларынан тұрады. Осыны ескерсек, сын тұрғысынан ойлау сабақтарында осы аталған бағдарлардың іске асып, нәтижесін беретіндігіне күмән болмайды.
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында сыни тұрғыдан
ойлау технологиясының тиімділігі

Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың бірі - оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғыснан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану пәндерінен терең де тиянақты білім беруге болады.
Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық, тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану барысында қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады.
Бастауыш мектептің оқу үдерісінде сабақтарды «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тәсілін бастауыш сынып мұғалімі іс-тәжірибесіне енгізу нәтижесі оқушылардың бойында мынадай іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты.

  • Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді;

  • Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын оқушы) қабылдауға үйренеді;

  • Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді /мағынаны тану кезеңінде/;

  • Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;

  • Өздеріне белгіліні пайдалана алады;

  • Өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі, яғни «Мен» деген сөзді ұғады.


300


301


Сызба




СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ








Осындай сабақ барысында оқушылар өздерінің, бір-бірінің ой- пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа тың идеялар туғызады. Сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар мұндай сабақтарда оқудың қызықты әрі жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері оқушыларға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың


сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми біліміндегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды. Сабақ барысында оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға мүмкіндік береді. Тақырыптың негізі өзегін, бағытын, мән- мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын қысқа, мазмұнды, мағыналы баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығы артады, ғылым негіздерін игеру әдістерін меңгереді, сөйтіп өзін келесі мәселені талдауға дайындайды.
Осындай әдіспен бастауыш мектептің дүниетану сабақтарында оқушыларға «Гүл өсімдік сәукелесі» тақырыбы бойынша өткізілген сабақ жоспары төмендегідей мазмұнда жасалды.
Сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары белгіленді. Мұнда гүлдің тірі табиғат өкілі екенін дәлелдеу, оның мүшелері, атқаратын қызметі және оған қажетті жағдайлар жасау жөнінде түсінік беріледі.
Сабақта суреттер, альбомдар, жұмбақтар, нобайлар қолданы- лады. Оқушылар топтарға бөлінеді, әр топтың қорғайтын, дәлелдей- тін «Гүл өсімдік сәукелесі», «Гүл табаны», «Аталық», «Аналық» сияқты тақырыптары белгіленді. Топ оқушылары берілген тақырыптар жөнінде білгендерін, оқығандарын, өз ойларын ортаға салды, бір-бірлерін сынады, толықтырды, теріс айтылған пікірлер түзетілді, шалағай жауаптардың мазмұны кеңейтілді. Нәтижесінде ұжымдық тұжырым, қорытынды жасалды, осы қорытынды тірек-сызба түрінде көрсетіледі.
Бастауыш мектептің әдебиеттік оқу пәнін оқытуда сыни тұрғыдан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалану барысында мұғалім оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс-әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, өздік, дербес ізденуге баулып, әрбір оқушыны өз беттерімен көркем туындыны оқуға, талдауға, бағалауға жетелеу қажет. Сонымен қатар «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бойынша алуға тәрбиелейді. Оқушылардың өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қойғыза білуге үйретеді.
Бастауыш мектептің оқу үдерісіне сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын пайдалану оқушыларды проблемалық сұрақтарды бөліп алу, әзірлеу, соны талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз


302


303





беттерімен талдау, синтезге, бағаға жету, өзін-өзі бақылау жұмыстары балаларды шығармашылыққа, жүйелі білімге жетелейді.
Қорыта айтқанда, сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы бойынша жүргізілген сабақтарда бастауыш сынып оқушылары іздеудің мән- жайына қанығады, білімді тереңінен айтуға төселеді, дәлелдер келтіру, дәлелдеу тәсілдеріне жаттығады, теория мен практика бірлігін игереді, жеке және топпен бірлесіп, мәселе түйінін шешіп, жолдарын табуға жаттығады, өз жолдастарының пікірімен санасуға, өткір сындарды тыңдап, одан тиісті қорытындылар жасай білуге машықтанады.
Сонымен қатар «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасында жұмыс жасайтын бастауыш сынып мұғалімдері бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Бастауыш сынып оқушыларын сыни тұрғыдан ойлау технологиясы стратегиялары бойынша оқыту, үйрету барысында мынадай қорытыныды жасауға болады:

  1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін табады.

  2. Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап, талқылайды (өздері талдайды, бір-бірін тыңдайды)

  3. Өзіндік қорытыныдылары, оның қаншалықты ғылыми, шындыққа жақын екенін саралайды.

  4. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырады.

  5. Білім дәрежесі деңгейін саралау /өзіндік талдау, синтез, бағалауының деңгейі қалыптасады/.

  6. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге дағдыланады.

  7. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда бола- ды, сонымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.

  8. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.

  9. Оқушылар өз ойымен, іс-тәжірибесімен, пікірлерімен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.


  1. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық, жасқанбай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет