Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат



бет70/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып-зерттеу.

  • қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік (код сияқты) сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.

  • қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар мен «кодтар» негізінде).

  • қадам: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15-20 тапсырма шамасында).

  • қадам: Берілген модульдегі оқу материалының тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогін құрастыру (оқу пәнінің өзіндік ерекшелігіне орай сынақты диктантпен, бақылау жұмысымен алмастыруға болады).

  • қадам: Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау.

    Қазіргі кезде бастауыш мектепте оқытатын мамандарға қойылатын талап - қазіргі заманғы педагогикалық технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, ойлау, есте сақтау, көру, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
    Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтүрсынүлы «Шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу», - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.
    Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамытуда М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологияның» маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі өзгені де бағалай білуге үйретеді.
    Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру - ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы болып табылады. Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері мен қағидалары, белгілері бар.
    Тиімді белгілерінің бірі - бастауыш сынып оқушысының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі


    280


    281




    кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
    Сөздікпен жұмыс кезінде оқушының шығармашылығы, мүмкіндігіне қарай сөз тіркесін, сөйлемдерге сөзжұмбақ, ребус немесе сканворд құрастыру мүмкіндігін тудыру болса, жаңа ма- териалмен жұмыс істеген кезде өз ойын сызба немесе сурет, тірек конспектілері арқылы жеткізуіне, жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде өз пікірін шағын шығарма, өлең, жұмбақ, қағида немесе ереже құрап жазу арқылы беруге болады.
    Бастауыш мектептің оқу үдерісінде модульдік технологияны тиімді пайдалану оқушылардың белсенділігін, оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамы- тып, қызығушылығын арттырады. Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым- қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуына жетелейді.
    Сабақ басында бастауыш сынып оқушылары оқу мақсатымен, модульмен таныстыру қажет. Сабақ барысында оқушылар оқу мақсатын, өзіне қойылатын талапты, лексикалық және грамматикалық тақырыпты, модульдің мазмұнын, жұмыс-үрдісін, нәтижесінің бағаланып және түзетіліп отыратынын біледі.
    Әрбір оқу модуліндегі сабақ санының ауытқуы тақырыпқа байланысты бестен тоғызға дейін тиімді деп есептеледі, себебі сөз қорының молаюы аз мөлшермен беріліп қайта-қайта жаңартылып, өз пікірін ортаға сала алатындай болуы керек.
    Сөйлесу бөлімін педагогика және психология ғалымдарының жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқушылардың қабылдау деңгейлері мен қабілеттеріне қарай ұйымдастыру қажет. М. Жанпейісованың сөйлесу бөлімін құру қағидаларына сүйене отырып, жеке тұлғаны дамытатын кез келген әрекет емес орындау әрекеті екенін ескере отырып, бастауыш сынып оқушысының танымдық қызметпен айналысуына, ақыл-ой жұмысына қанағаттануына жағдай жасау керек. Міндетті түрде, сабақ барысында, бастауыш сынып оқушысының іс-әрекетінің төрт түрін: тыңдау, оқу, жазу және әңгімелесуді қолдану тиімді.
    Модульдердің нәтижелі болуын көздеп, сөйлесу сабағының


    түрін өзгерте отырып, әртүрлі белсенді формаларды пайдалану арқылы іске асыруға болады. Олар:

    • топтық;

    • жұптық;

    • жеке топтық;

    • ұжымдық

    Сызба




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет