Курстың объектісі - қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың мазмұны бастауыш сыныптар мұғалімінің 050102
БОПӘ мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес жоғары кәсіби білімнің құрамдасы ретінде.
Курстың пәні - 050102 - БОПӘ мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сы- ныптар мұғалімдерінің педагогикалық технологияларды қолдана алуға қажетті білім, білік және дағдыларын қалыптастыру барысы.
Курстың мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазіргі заман педагогикалық технологиялары жөнінде білім беру.
Курстың міндеттері:
• «педагогикалық технология», «оқу пәндерін оқыту
6
7
технологиялары» ұғымдарына берілген анықтамаларға талдау жасау;
• Бастауыш мектептегі пәндерді оқыту барысында қолдануға болатын педагогикалық технологияларға сипаттама және талдау жасау;
Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес студенттердің білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар:
курстың объектісі, пәні, міндеттері мен зерттеу әдістері жайлы түсініктері болуы тиіс;
математиканы оқыту барысында қолдануға болатын қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың түрлерін біліп, оларға сипаттама жасап, талдай алулары тиіс;
қазіргі заманғы инновациялық технологиялар мен идеялар жөнінде өзіндік бағыт-бағдары болуы тиіс;
белгілі бір педагогикалық технологиялар бойынша педагогикалық үдерісті таңдай және құра алулары тиіс.
«Педагогикалық технология» ұғымыііа жалпы түсінік
Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге «технология» деген ұғым жиі кездеседі. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ пен Англияда пайда болып, содан бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті. Педагогикада бұл ұғым оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы жоғарғы нәтижеге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.
Егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте- бірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне әкелетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша, технологиялар ұстаз іс-әрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструкциялар ретінде жасалынады.
«Технология» деген термин гректің түп тамыры Іссһпс - өнер, шеберлік, кәсіп және іодоз - ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы.
Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы әр түрлі түсіндіріледі.
Жаңа педагогикалық технология деген не? Ол үшін алдымен «техника», «технология» терминдерінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз қажет. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн.
«Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын:
біріншісі - өндіріс құралдарының жиынтығы;
екіншісі - бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жинағы.
«Технология» термині сол тәсілдер жүйесі (ілім) деген мағынаны білдіреді.
«Технология» түсінігі біркелкі емес түсіндіріледі. С. Смирнов оны төмендегідей анықтайды:
оқытуды ұйымдастыруда «форма» немесе «әдістеме» түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау технологиясы, қарым-қатынас технологиясы);
нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың «дәстүрлі» технологиясы, В. В. Давыдов пен Д. Б. Элькониннің мектепке арналған жүйесі және т.б.)
Бірақ бұл түсіндірулер «технология» түсінігін ашпайды, сондықтан «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы» терминдерін қарастыру қажет. Берілген түсініктерді салыстырмалы талдау Л. А. Щукинаның еңбектерінде көрсетілген.
Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорнынан тыс қалып келді. Шынайы мәні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық үдерісті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау - сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Педагогикалық әдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұштасады, мысалы: оқу-үйрену, тәрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру және дәстүрлі технологиялар, бағдарламаланған және проблемалық оқу технологиялары, авторлық технология және т.б.
Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» және «тәрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мән-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу және тәрбие аймағындағы
8
9
педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мәні «оқу технологиясы», «тәрбие технологиясы» ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология - бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология - кешенді үдеріс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалардың шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко және т.б.), екіншісі - тәжірибе арқылы жүзеге асуы (Е. Н. Ильина, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов және т.б.).
Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?
Мұндай ғылымдық мәні бар ой жаңалық емес. Кезінде оны Я. А. Коменский де дәріптеген. Ұлы педагог-ғұлама XVI ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нәтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я. А. Коменский еңбектеріне үңілсек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нәрсе - 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дәл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек», - делінген.
Я. А. Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз әрекеттегі механизмге сәйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланылып отырды. Әсіресе, техникалық прогрестің әрқилы теориялық және практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, Ю. К. Бабанский және т.б.).
Осы заманғы дидактикада әрқилы оқу технологиялары көрініс
беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі әр автор мен орындаушы- ның педагогикалық үдеріске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс енгізілуіне байланысты.
«Педагогикалық технология» ұғымына ғылыми
тұрғыдан берілген анықтамалар
В. Беспалько «педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер - оның құрамды бөлігі ғана, оқыту үдерісін жүзеге асырудың мазмұндық техникада педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі)», - деп түсіндіреді.
Б. Т Лихачев «педагогикалық технология - бұл оқытудың формасын, әдісін, тәсілін, тәрбиенің құралын жинақтауды анықтайтын психологиялық-педагогикалық құрылғылардың жинағы», - деген анықтама берсе, Г К. Селевко «педагогикалық технология» түсінігін 3 аспект бойынша қарастырады:
ғылыми: педагогикалық технология - жобаланған педагоги- калық үдерісті және оқытудың әдісі мен мазмұнын, мақсатын оқытатын, педагогикалық ғылымның бөлімі;
бейнелеулі іс-жүргізу: оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үшін әдістер мен құралдарды, мазмұны мен мақсатының жиынтығын бейнелейтін үдеріс;
нақтылы іс-жүргізу: технологиялық үдерістерді жүзеге асыру, педагогикалық, әдістемелік және тұлғалық құралдарды жинақтау.
Сонымен қатар, Б. Т. Лихачев: «педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді. Педагогикалық технологияның мәні - шығармашылық қабілеттің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу».
В. В. Воронов «педагогикалық технология - бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт», - деп есептейді.
В. М. Шепель: «Технология - бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» - десе, М. Чошанов: «Технология - бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі» - деп анықтама береді.
10
11
Педагогикалық технологияларға берілген басқа да анықтамалар бар, ол: оқыту үдерісін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің моделі (Монахов В. М.), барлық сабақ беру үдерісін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және олардың өзара әрекеттерін ескеру, мазмұнын қорытындылау (ЮНЕСКО).
В. Н. Бордовская және А. А. Реанның көрсетуінше, педагогикалық технологиялар бұл білім беру үдерісіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс-әрекеттеріне, мақсат-мазмұн әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады.
Г. М. Құсайыновтың есебінше, педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа. Ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жетумен сабақ беру үдерісі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту үдерісі, ол білім берудің мазмұны мен оқу жоспарларының бағдарламаларында ескерілген іс-әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.
В. А. Сластенин бойынша педагогикалық технология деген: ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда, педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететіндігін елестету.
Педагогикалық технология теориялық педагогика мен практика аралығында орын алып отыр. (В. Богомолов, Т Ильин, А. Космодемьянская, М. Кларин, Ф. Янушевич сияқты ғалымдар осылай түсіндіреді.) Педагогикалық технология деп мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсат- тар қоюдың тұтас үдерісін айтамыз.
Сонымен, педагогикалық технология - оқыту үдерісін түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, білім берудің тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде түсіндіріледі.
Жоғарыда аталған авторлардың пікірі бір-бірінен онша алшақтамағанымен, олар педагогикалық технологияның әртүрлі белгілеріне назар аударуды ұсынады. Қазіргі кезде оқытуда дәстүрлі
және дәстүрлі емес жаңа, дамыта оқыту әдістері пайдаланылуда. Дәстүрлі әдістің негізін сыныптың сабақ жүйесі ретінде Я. А. Коменский салса, педагогикалық жаңа әдістер 50-60-шы жылдарда пайда болып, осы заманға Л. С. Выготский, М. Н. Скаткин, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. В. Занков тағы басқаларының идеялары жалғасты. М. Н. Скаткин: «Бастауыш сыныпта оқушыларға өз беттерімен танымдық міндеттерді шештіруді, сабақ мазмұнында берілетін материалдарды проблемалық мәселе ретінде ұсынуды құптайды. Сабақта берілетін білім мазмұнын жан-жақты ашу үшін оқушыларға тек соңғы нәтиже ғана айтылып қоймай, оның қалай жүзеге асатын жолдары түсіндірілуі тиіс» - дейді.
Ғалым дидактик В. В. Давыдов М. Н. Скаткиннің бастауыш сыныпта жаңа әдістердің енгізілуін мақұлдап, оқушылардың теориялық түсініктерін қалыптастыру мүмкіндігін, бала психикасын дамыта оқытудың тиімді шешімін табуды алға қояды. Осы тұжырымдарды мұғалімдердің озат тәжірибесімен ұштастыра отырып, қазіргі бастауыш сыныптарда білім мазмұны мен әдістерін жетілдіру мәселелері шешімін күтуде.
В. В. Давыдовтың пікірі бойынша, бастауыш сынып оқушыларына танымдық міндеттерді шештірудің жолын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады. Соның нәтижесінде білім, білік және дүниеге деген көзқарас, қатынас қалыптасады. Осы жағдайда бастауыш сыныпта тәрбиелеу мен оқыту баланың жеке дара ерекшеліктерін дамытады. Ғалымдардың пікірінше, бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер: оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру.
В. В. Давыдов дамыта оқыту қағидасын бүтін жүйе ретінде қарастыруды ұсынады. Оқу қызметі оқу мақсаттары мен міндеттерінен, оқыту әдістерінен тұрады. Оқу әрекетіне оқу операциялары (ұғымдарды түсіндіру) оқуды игеру, бақылау, оқылатын материалдарды меңгеру дәрежесі, ал қабылдау әрекетіне дағдылар мен біліктер жатады. Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттарының негізгі ой- тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
- есте сақтауға негізделген оқып-білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
12
13
білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикасының құрылым жүйесіне көшу;
оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жеке- леп саралап оқыту бағдарламасына өту.
Қазіргі кездегі Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |