Оқулық Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж


Қазақстан инвестициялық



бет19/37
Дата19.11.2022
өлшемі150.33 Kb.
#465229
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Инвестиция негіздері оқу құралы

4.3

Қазақстан инвестициялық қорының қызметі

«Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ – ҚР-ның мемлекеттік даму институттарының бірі болып табылады. Қордың қызметі 2003 жылдың 11 маусымында басталған.
Қазақстан инвестициялық қорының инвестициялары – Қордың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес жүзеге асырыла- тын Қазақстан Республикасы резиденттерінің, акционерлiк
қоғамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына Қордың салымдары болып табылады.
Қазақстан инвестициялық қорының инвестициялық қызметi

  • ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестиция салуды, инвестициялық жобалар бойынша ақпарат жинау мен өңдеудi, маркетингтiк, инжинирингтiк және өзге де зерттеулердi, жос- парлы-болжамдық және жобалау-сметалық құжаттарды қамта- масыз етуге қатысуды, сондай-ақ инвестицияларға бақылау ұйымдастыруды қамтитын, Қордың инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты қызметі.

ҚР-ның Үкіметі белгілейтін және Қазақстанның инвестиция- лық қорының акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган уәкілетті орган болып табылады, ол:

    • қордың акциялар пакетін басқару функциясын жүзеге асырады;

    • қордың инвестициялық қызметі бойынша есептілігінің құрамын, формаларын және оны беру мерзімін бекітеді;

    • қордың қаржы құжаттары мен бухгалтерлік есептілігінің дұрыс жүргізілуін және мазмұнын, сондай-ақ Қор қыз- метінің ҚР заңдарының талаптарына, Қордың жарғысы мен инвестициялық декларациясына сәйкестiгiн бақы- лауды жүзеге асырады.

Қазақстан инвестициялық қоры туралы ҚР-ның заңдарына, ҚР-ның Конституциясына негізделеді және ҚР-ның Азаматтық кодексінен, «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» заңы және өзге де нормативтік-құқықтық актілерден тұрады. «Инвес- тициялық қорлар туралы» ҚР-ның заңы бұл қорға қолданылмай- ды. «Акционерлік қоғамдар туралы», «Инвестициялар туралы» және «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР заңдарының ереже- лері Қорға «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» заңмен реттелмеген бөлігінде қолданылады. ҚР-ның бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарының бағалы қағаздар нарығында брокер- дилер қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін белгi- ленген пруденциалдық нормативтерді және қаржылық тұрақты- лықтың өзге де көрсеткiштерiн сақтау бөлiгіндегi талаптары
Қорға қолданылмайды. Егер ҚР бекіткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қорды құру және оның қызметі «Қазақстанның инвестиция- лық қоры туралы» заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, ҚР-ның акционерлiк қоғамдар туралы заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қорды қайта ұйымдастыру және тарату ҚР-ның заңдарында белгіленген негіздер бойынша және тәртiппен жүзеге асыры- лады. Қордың өз инвестициялық портфелiн басқару жөнiндегi қызметi лицензияланбайды.
ҚР-ның мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамда- рының заңсыз Қор қызметiне араласуына тыйым салынады.
Қазақстан инвестициялық қорының құқықтық мәртебесі – жарғылық капиталына мемлекеттің 100%-тік қатысуы бар акционерлік қоғам формасындағы ұйым болып табылады. Жар- ғылық капиталының мөлшері – 37,8 млрд теңге немесе 300 млн- нан астам АҚШ доллары, кейіннен оны кезеңдеп арттыру жос- парланған. Оның қызметiндегі мәселелер Қазақстан Респуб- ликасының «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» 2004 жылдың 6 шілдесіндегі заңымен реттеледі. Онда оның мақсат- тарын, міндеттерiн, инвестициялық саясаттағы бағыттарын, оның мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қызметіндегі ерекшелiктерiн белгілейді.
Қазақстан инвестициялық қоры қызметінің мақсаты – перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру және тарту, экономиканың шикізаттық емес секторында және бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру бойынша жеке сектордың бастамаларына жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына қатысу жолымен қаржылық көмек көрсету арқылы ҚР-ның индустриалды-инновациялық саясатын іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
Қазақстан инвестициялық қорына жүктелген негізгі міндеттер:

    • шикізат пен материалдарды тереңдеп өңдеуді жүргізетін, жаңа технологияларды пайдалана отырып, бәсекеге қабі- летті өнім шығаратын, сондай-ақ өз қызметін өнеркәсіп- те жүзеге асыратын перспективалы ұйымдарға өндірістік қызметтер көрсететін жаңадан құрылып жатқан және жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталда- рына инвестицияларды жүзеге асыру;

    • қордың инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыла- дыруы, ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвести- цияларды жүзеге асыру және осы жобаларды басқаруға қатысуы арқылы экономиканың шикізаттық емес сек- торына жеке инвестицияларды ынталандыру;

    • отандық және шетелдік ұйымдар арасындағы өндірістік кооперацияны қамтамасыз ететін, толықтырушы, аралас өндірістерді дамытатын Қазақстан Республикасынан тыс жердегі инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржылан- дыру арқылы шет елдердегі қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсенділігін арттыруға жәрдемдесу болып табылады.

Қазақстан инвестициялық қорының өкілеттіктері:

    • қордың инвестициялық декларациясына сәйкес инвести- циялық саясатты жүзеге асыру;

    • шикізат пен материалдарды тереңдетіп өңдеуді жүргізе- тін, жаңа технологияларды пайдалана отырып, бәсекеге қабілеттi өнiм шығаратын жұмыс iстеп тұрған перспек- тивалық ұйымдарды инвестициялауды жүзеге асыру немесе осы ұйымдарға үшiншi тұлғалардың инвестиция- ларын тарту үшiн iрiктеудi жүзеге асыру;

    • ҚР-ның индустриалды-инновациялық саясатының тиiстi басымдықтарына сәйкес келетiн, отандық және шетелдiк инвесторлар қатысатын инвестициялық жобаларды iске асыруды ұйымдастырушы және оларға қатысушы болу;

    • филиалдар мен өкiлдiктер құру;

    • инвестициялық жобалар бойынша құжаттар дайындауға шарт негiзiнде қатысу;

    • қайта инвестициялау туралы шешiмдер қабылдау;

    • уақытша бос ақшаны орналастыру;

    • басқа отандық инвесторлармен бiрлесіп, қордың шетелде жүзеге асыратын инвестициялық жобаларының орындал- уын бақылаудың бiрлескен формаларына қатысушы болу;

    • өз міндеттерін іске асыру үшін сарапшылар мен кеңес берушілерді шарт негізінде тарту;

    • өзінің инвестициялық портфелін дербес басқару;

    • бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы ретінде тиісті лицензияның негізінде дилерлік қызметті ғана жүзеге асыру.

Қазақстан инвестициялық қорының инвестициялық саяса- тының бағыттары:
Қор қызметінің негізгі бағыттары өтімді және тиімді инвес- тициялық жобаларды жүзеге асыратын перспективалы ұйымдар- ды инвестициялау және оларға инвестициялар тарту болып табылады.
Қордың инвестициялауы қордың инвестициялық декларация- сына сәйкес жүргізіледі. Ол келесідей шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:

    • инвестициялық жоба ҚР-ның индустриалды-инновация- лық саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келсе;

    • инвестициялық жоба экономикалық және қаржылық өл- шемдер бойынша тартымды болса;

    • инвестициялық жоба ұйымдардың технологиялық әлеуе- тін жетілдіруге, өнімдер мен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға және оларды өндіру көлемін өсіруге, шикізат пен материалдар өңдеуді тереңдетуге, жоғары технологиялық өнімдер шығаруға бағытталса, инвести- цияларды жүзеге асырады.

Қазақстан инвестициялық қоры ұйымдардың акцияларын сатудан және жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінен алынатын капиталды басқа ұйымдарға кейіннен қайта инвести- циялай отырып, аталған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестиция салуды жүзеге асырады.
Қор акцияларға айырбасталатын немесе акцияларды сатып алуға құқық беретін бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы.
Қордың уақытша бос ақшасын орналастыру ішкі және сырт- қы нарықтардағы мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздар мен өтімді активтерге қордың инвестициялық декла- рациясында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
«Инвестициялық декларация» Қазақстан инвестициялық қорының инвестициялық қызметiндегі негiзгi құжат болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет