Оқулық Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж«Даму» кәсіпкерлікті дамыту
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ – бұл шағын кәсіп- керлікті қолдауға бағытталатын мемлекеттік қаржыны тиімді қолдану, көтеру және ҚР шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық өсуін және құрылуын ынталандыру мақсатында құрылған даму институты. Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» AҚ» 1997 жылы «Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 26 сәуiрдегі № 665 қаулысы негізінде құрылды. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры қызметінің мақсаты – Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін, шағын кәсіпкерлікті қол- дауға бағытталған мемлекеттің қаржы құралдарын пайдалану- дың тиімділігін арттыру. Міндеттері: шағын кәсіпкерлікке қаржылық көмек көрсету, мемле- кеттік бағдарламаларды құруға және іске асыруға қатысу; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мақсатын несиелеу; екінші деңгейдегі банктерден несие алу үшін субъекті- лер пайдасына кепілдеме беру. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту туралы» ҚР Заңына сәйкес Қордың негізгі тапсырмалары: жобалық қаржыландыру; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен микро- несие ұйымдары тораптарын дамыту; екінші деңгейдегі банктерден несие алудағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кепілденген жүйесін құру; қаржылық лизингті дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқыту және консал- тинг; шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша операцияларды үстеме қаржы- ландырудың жүйесін дамыту. Өз қызметі шегінде «Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ келесідей бағдарламаларды қаржыландырады: Қаржыландырудың негізгі қағидалары – Қазақстанның ша- ғын қалаларында шағын бизнес субъектілерінің тиімді инвести- циялық жобаларын экономикалық қаржыландыру, аймақтың (жобаның жұмыс істеу орны) экономикалық дамуына, жұмыс істеуіне бағытталған. Қарыз алушы нақты қарыздың 60%-іне дейінгі сомасын жоба бойынша айналым қаражатын толық- тыруға пайдалануы мүмкін. Қаржыландыру формасы лизингтік негіздегі несиелеу болып табылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу бағдарламасы, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігі республикалық бюджет қара- жаты арқылы жүзеге асырылады. Қазір қаржыландыру аталған бағдарлама бойынша қайтарымды қаражаттан қаржыландыры- лып отыр. Әйелдер кәсіпкерлігін анықтаудың негізгі критерийі еңбек ұжымында әйел затының жалпы құрамның 50%-тен аз болмауы және әйел-жетекшінің болуы болып табылады. Ауылшаруашылық секторы үшін Азия Даму Банкінің қарыз беру бағдарламасы Қор қарызды екінші траншада Азия Даму Банкі ауылшаруа- шылық секторының 55,6 млн АҚШ доллары көлемі бойынша қызмет етуге қатысады. Қарыздың қаражаты ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге және қайта өңдеуге жабдықтарды сатып алуға несиелеу үшін арналған, ауылшаруашылық техникалары үшін машина-технологиялық станциялар, көтерме азық-түлік нарықтары және басқа нарықтық инфрақұрылымдар құруға, ауылшаруашылық өнімдерін шығаруда, сонымен бірге айналым- дағы қаражатты қажетті қаржыландыруға арналған. Қарыз сомасының 60%-і әрбір жеке жоба бойынша соңғы қарыз алушының айналым қаражатын толтыруға бағытталуы мүмкін. Азия Даму Банкі желісінде қаржыландыруды алу үшін қарыз алушылар келесі талаптарға сәйкес болуы қажет: қарыз алушы максималды жұмысшы санымен (50 адам) шағын бизнес субъектісі болуы; кәсіпорын активтері 60000 АЕК кем емес болуы; өтімді қарызды қамтамасыз етуі қажет. Шағын кәсіпкерлік субъектілері Қордың жеке қаражаты есебінен қолдау бағдарламасы Қордың жеке қаржысы есебінен соңғы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қарыз алушысына несие беру экономикалық тиімді қаржыландыру және жоғары рентабельді жобалар үшін ұсынылады. Қор қаржыландырудың келесідей түрлерін ұсынады: екінші деңгейдегі банктерден несие алуда шағын кәсіпкерлік субъектілерін кепілдендіру; жобалық қаржыландыру және қаржы лизингі, соның ішінде ШКС-і іске асыратын франчайзингтік жобаларды қаржыландыру. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелерін Қордың несиелік кепілдемелерін сақтандыру арқылы кепілдендіру шағын бизнес сферасына көптеген ресурстар көлемін назар аударту мақсатымен Қор екінші деңгейдегі банктер беретін шағын және орта кәсіпкерліктің кепілдендірілген несиелерін жүзеге асырады. Мұндай жоба кезінде бүкіл қатысушылар, жобаға қызығушылық танытатын – банктер, ШОК, және Қор арасында тәуекелдерді қайта құру шарттары құрылады. Қатысушы жақтардың үлесі әр нақты жобаның спецификасына байланысты міндеттеледі. Негізгі шарттар төменде келтірілген: Қаржылық лизинг Қор (лизинг беруші) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (лизинг алушыдан) көрсетілген лизингтік мүлікті сатушыдан меншігіне алады және оны шағын кәсіпкерлік субъектілері лизингке 3 жылдан кем емес мерзімге береді. Ша- ғын кәсіпкерлік субъектілері Қорға лизинг мерзімі кезінде ли- зингтік төлемді төлеп отырады және лизинг мерзімі біткен кезде лизингтік мүліктің меншік құқығы шағын кәсіпкерлік субъек- тілеріне ауысады. Лизингтік мүлік құрал-жабдықтар, техника, өндірістік мекемелер және т.б. негізгі құралдар бола алады. Экономиканы отандық қаржы институттары тарапынан қаржыландырудың қысқаруы жағдайында шағын және орта бизнеске көмек көрсету жалғасатын болады. Мемлекеттік қолдау олардың салалық тиімділігіне қарамастан, шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне көрсетіледі. Біріншіден, бөлінетін қаражат шеңберінде 70% ағымдағы жобаларды қайта қаржыландыруға және 30% жаңа жобаларды іске асыруға бағытталады. Екінші деңгейдегі банктер шағын және орта бизнеске несие беру бойынша барлық бағдарлама- лардың операторлары болады. «Самұрық-Қазына» қоры бөлетін қаражат шеңберінде бір жобаны қаржыландыруға арналған лимит 3-тен 5 млн АҚШ долларына дейін өседі. Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес үшін сыйақы мөлшерлемесін тұрақтандыру бойын- ша (14%-тен аспайтын) шара қабылдайды, сондай-ақ тиімді мөлшерлемені тіркей отырып, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданған барлық бағдарламалар қайта қаралатын болды. Қазіргі таңда Қор «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры деп атауын өзгерткен, сонымен қатар шағын және орта бизнеске берілетін несиелерге жаңадан кепілдік беру тетігін енгізді. Екіншіден, «Самұрық-Қазына» қоры ауылдық жерде шағын несие берудің, оның ішінде ауылдық кәсіпкерлерге несие беру- дің бағдарламасын әзірледі. Үшіншіден, шағын және орта бизнес субъектілерін тұрақты тапсырыстармен қамтамасыз ету мақсатында оларға «Мемлекет- тік сатып алу туралы» заңның қолданылуы шеңберінде мемле- кеттік органдардың, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компа- ниялардың мемлекеттік тапсырыстарына қол жеткізу ұсынылды. Жер қойнауын пайдаланушылармен және сервистік компа- ниялармен қазақстандық қатысуды ұлғайту бойынша жұмыс күшейтілді. Төртіншіден, Үкімет кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді төмендету және рұқсат беру жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Даму» қорының негізгі құралдары – екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру, проценттәк мөлшерлемелерді субсидиялау, банктер алдында кепілдіктер беру, лизингтік мәмілелерді және микронесиелік ұйымдарды жеңілдікпен қаржыландыру, сондай-ақ қаржылық емес қолдау беру (білім беру, консалтинг, ақпараттық-сараптамалық қолдау). «Даму» қоры елдің кәсіпкерлігін дамытудың негізгі мемлекеттік институты болып табылады және Қазақстанның барлық 14 облысында және Астана және Алматы қалаларында өңірлік филиалдары бар. жүктеу/скачать 150.33 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |