Оқулық Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж



бет36/37
Дата19.11.2022
өлшемі150.33 Kb.
#465229
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Инвестиция негіздері оқу құралы

Ұзақ мерзімді инвестициялар – бір жылдан асатын кезеңге салынатын капитал салымдары. Осы критерий есеп
тәжірибесінде қабылданған, бірақ, тәжірибе көрсеткен- дей, ол нақтылауды қажет етеді
Факторинг – инвестицияларды қаржыландырудың ерекше әдісі, банктің клиенттен өзінің төлеушілеріне берген төлем талаптарын сатып алатын мәміле
Форвордтық келісім-шарт (forward contract) екі тарап арасындағы активтерді болашақта белгілі бір мерзімде келісілген баға бойынша жеткізу туралы келісімі
Форвордтық проценттік мөлшерлеме (forward rate) ұзақ мерзімді облигациялардың күтілетін жиынтық табыс- тылығын кезеңмен облигацияларды күтілетін жиынтық табыстылығымен теңестіретін болашақ мерзімге бол- жанған қысқа мерзімді проценттік мөлшерлеме
Франчайзинг – ірі компанияның кіші компанияға өзінің сауда белгісін, технологиясын беру бойынша қызмет түрі
Фундаменталды талдау (Fundamental analysis) болашақта пайда мен дивиденд алу, кәсіпорынның болашақ про- центтік мөлшерлемесі мен тәуекел күту сияқты фак- торларға тәуелді акция құнын талдау
Фьючерстік баға (future price) – бүгінгі күні бекітілген және фьючерстік келісім-шарт бойынша өтеу мерзімінде төлеу қарастырылатын баға
Фьючерстік келісім-шарт (future contract) – тараптардың нақ- ты активті алдын ала келісілген баға бойынша белгі- ленген уақыт мерзімінде сатып алуға немесе сатуға міндеттенетін келісім-шарты
Хайринг – 1-3 жылға дейін берілген лизингтің түрі
Халықаралық жоба – жоба барысында дүниежүзілік нарықта қажетті материалдарды пайдаланады
Шарп коэффициенті (Sharpe measure) портфель тәуекелі үшін сыйақының өзгерімге қатынасының мәні; порт- фельдің артық табыстылығының портфель табыстылы- ғының стандартты ауытқуына қатынасы
Шетелдік инвестициялар – бұл ҚР территориясындағы кәсіп- керлік қызметтің объектісіне шетел инвесторына тиісті азаматтық құқықтардың, соның ішінде ақша, бағалы
қағаздар, басқа мүлік, интеллектуалды қызметтің, сонымен бірге қызмет пен ақпарат нәтижелеріне ерекше құқықтардың ақшалай бағасына ие мүліктік құқықтар объектісі түрінде шетел капиталын салу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет