Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет62/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   181
7 сын

6. Алым-салықтар. Басқарудың жаңа жобасын 
өмiрге бiрте-бiрте және ауыртпалықсыз енгiзу үшiн 
патша үкiметi барлық алым-салық түрлерiн өтеуге 
бес жылдық жеңiлдiк белгiледi. Бұл жылдар iшiнде 
ауруханалар мен мектептер салу үшiн ерiктi түрде 
төленетiн алым-са лық қана жиналып келдi.
Жеңiлдiк мерзiмi өткеннен кейiн округтердiң 
халқы мал басының санына қарай 100 бастан бiр 
бас мөлшерiнде 
жасақ төлеуге мiн деттi болды. Бiрақ ондай салық түйе 
басына салынған жоқ. Өйт кенi мұның өзi сауда керуенiн көбейту үшiн 
қажет едi. Алым-салық үшiн мал санағы үш жылда бiр рет өткiзiлiп тұрды. 
Жергілікті тұрғындар қосымша алым-салықтар төлемеу үшін малының 
санын жасыруға тырысты. Қазақтар жасақтан өзге шабармандар мен 
жолаушыларға көлiк жағынан көмек көр сетуге тиiс болды.
7. денсаулық сақтау, дiн және халыққа бiлiм беру салала рын дағы 
жаңалықтар. «Жарғы» енгiзiлгенге дейiн қазақ даласында ем жасау iсi-
мен халық емшiлерi ғана айналысып келген болатын. Патша үкiметiнiң 
билiгi жүрi сiмен жағдай өзгере бастады. Әр округте екi 
емшi жұмыс 
iс тей бас тады. 
Тұрақты жұмыс iстейтiн ауруханалар пайда болды. 
Жер гiлiктi әкiмшiлiкке халықты 
шешек ауруына қарсы егуден өткiзу 
мiн деттелдi.
«Жарғы» бойынша жергiлiктi билiк орындарына христиан дiнiн 
та ратумен аты шыққан дiни миссионерлердiң қазақ даласындағы қыз-
метiн күшейту тапсырылды. Бiрақ оларға 
«ешқандай да ықтиярсыз
Билер сотының 
беделі ненің айғағы?
ойлан!
Түйе басына 
салықтың салын-
бағандығын қалай 
түсіндіресің?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


75
мәжбүр етпей, кәдiмгiдей сенiмiн арттыру және 
көзiн жеткiзу» тәсiлi арқылы әрекет ету қажет тiгi 
ескертiлдi. Рас, кейiнгi оқиғалардың көр сетке нiн-
дей, патша үкiметi бұл мiндеттi жүзеге асыра алған 
жоқ. Өйткенi христиан дiнiн таратушы миссионер-
лерге қазақтар тарапы нан көрсетiлген қарсылық 
өте күштi болды.
«Жарғының» жағымды жақтарының бiрi ок руг 
тұрғындарының балаларын Ресейдiң iшкi аума-
ғындағы губерниялардың оқу орында рына жiбере 
алатындығы болды. Алайда бұл құқықты қазақ тар-
дың iлуде бiреуi ғана пайдалана алды. Оның үстiне, 
қазақтар өз бала ларының орыстанып кетуi мен шоқын дырылуынан қатты 
шо шынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет