297
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы
қазақстандық ғалымдар
Айтмамбетова Балия Рахметқызы (1925 ж., Ал-
маты қаласы) көп жылдар Абай атындағы Қазақ
педагогикалық институтының педагогика кафедра-
сында доцент, профессор қызметін абыроймен
атқарды. Ғалым педагогика әдіснамасы туралы да
өз ойларын
жас зерттеушілермен бөлісіп, ғылыми
еңбектер ұсынған болатын. Кафедрадағы жас оқы-
ту шыларға тәжірибелі тәлімгер бола білді.
Б.Р. Айтмамбетова профессор А.А. Бейсенбаева-
мен авторлық бірлестікте «Қазақстан мектебі» жур-
налындағы «Әдіснама тұрғысынан» атты мақалада көптеген зерттеуші
ғалымдар педагогикаға және барлық қоғамдық ғылымдарға қоғамдық
құбылыстарды меңгерудің негізгі әдіснамалық ұстанымдары ортақ екен-
дігін ескеріп, мынадай негізгі қағидаларды ұсынды:
– барлық нақты-тарихи қоғамдық
құбылыстарды меңгерудің жан-
жақты байланысы мен бағыныштылығы;
– бір ғылым мен екінші бір ғылым заңдылықтарының сәйкессіздігі
(зерттеу нысаны мен зерттеу пәні жақын болса да);
– жалпы педагогикалық құбылыстардың диалектикалық бірлігі;
– тәрбие мен өмірдің бірлігі;
– педагогикалық теория мен практиканың өзара байланысы мен өзара
бағыныштылығы.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде
төмендегідей ұстаным-
дарды басшылыққа алу қажет:
– педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттас қан-
дығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объективтік заңдары,
қарама-қарсылықтары және себепті-салдарлы байланыстарына орай жаса-
лады әрі дамиды;
– құбылыстарды даму барысында зерттеу;
– бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерт-
теу;
– зерттеу үдерісінде қалаған ғылыми
мәселенің шешімі бірін-бірі
толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен
шығармау;
– зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән-мағынасына сай келуі;
даму үдерісін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын
оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік
даму ретінде қарастыру;
– сынақталушыға білім-тәрбие үдерісіне зиян келтіретін, адамгер-
шілік-инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу
(Қазақстан мектебі. – 1993. – № 3. – С. 20-24).