291
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы
қазақстандық ғалымдар
Профессордың ғылыми мектебінің тағы бір жетістігі студенттерді,
магистранттарды, докторанттарды даярлаудың теориясы мен практикасы-
на байланысты болды. Республикада 1996 жылы эксперименттік режимде
басталған магистрлік бағдарламаны жүзеге асыруға әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінде профессор бастаған ғылыми мектеп мү ше-
лері белсене қатысты.
Ұлттық білім мазмұны, ұлттық тәрбие әдістері жалпы ғылымда, оның
ішінде педагогика ғылымында саралануда. 1990 жылдан бері 35 докторлық,
250 кандидаттық диссертация этнопедагогика саласында қорғалды. Бұл –
баға жетпес құндылық. Бұл салада профессорлар Қ. Жарықбаев, С. Қалиев,
С.А. Ұзақбаева, К.Ж. Қожахметова жетекшілік етіп келе жатқан ғылыми
мектептер қалыптасуда.
Ғылымда бағыт көп. Әрбір ғалым өзінің танымдық, өмірлік, кәсіби
және
менталдық тәжірибесіне, интеллектуалдық әлеуетіне сәйкес белгілі
бір ғылыми бағытта еңбек етеді. Ғылымды жаңа білім жасап шығаратын
өндіріс деп ұғынсақ, ғылыми бағыт соның идеясын, теориясын, ұс та ным да-
рын түсінуге негіз болады. Өйткені ол бағытта нақты ғылымнан қор жи нақ-
талып, реттеліп, жүйеленеді.
Жаңа ғылыми білім, яғни этнопедагогиканың пайда болуы бірқатар
әдіснамалық мәселелерді туындатады. Осы
уақытқа дейін дайындалған
«Қазақтың тәлім-тәрбиесі», «Қазақтың педагогикалық ой-пікірлер антоло-
гиясы» (Қ. Жарықбаев, С. Қалиев), «Қазақтың тәлімдік ойлар антология-
сы» (С. Қалиев, К. Аюбай), диссертациялық зерттеулер, «Мәдени мұра»
бағдарламасы бойынша жарық көрген философия, педагогика, психоло-
гия бағыттарындағы зерттеулер нәтижелері ғылыми ізденіске өте қажет.
Ғылымтанудағы, әсіресе педагогикалық
ғылымтанудағы қағидаларға
сүй ен сек, зерттеушілер этнопедагогика ғылымының негіздерінің, әдіснама-
сы мен теорияларының, ұстанымдарының, әдістерінің қай уақытта, кімнің
еңбегінде, қай түрде бастау алғанын қазақ тілінде жете танысуға мүмкіндік
алып отыр. Осы материалдардың жинақталуымен тұспа-тұс жүйелі ғы лым-
дардың жетік меңгергендігінің арқасында этнопедагогиканың теориялық-
әдіснамалық негіздері зерделене бастады.
Этнопедагогикалық зерттеулердің эмпирикалық
және ғылыми прак тикалық базасын профессорлар
Қ.Б. Жарықбаев пен С.Қ. Қалиев жасады.
Профессор Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев – Қа-
зақстан Республикасы ғылым мен техника қай рат-
кері, педагогика
ғылымдарының докторы, психо-
логия ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰУ
Этнопедагогика және этнопсихология орталығының
тұрақты жетекшісі және негізін қалаушысы.