313
4.5. Педагогтің
зерттеу әрекетіне даярлығы
Қазіргі кезеңде әрбір мектепте, педагогикалық ұжымда оқу-тәрбие
үрдісін жетілдіру, жаңарту бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде.
Педагогтің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға қатысты көптеген
ғылыми зерттеулер жүргізілді:
– ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әдіснамасы: Г.И. Рузавин, В.П. Коха-
новский, В.С. Степин, В.И. Черников, К.Х. Рахматуллин, Г.Н. Волков және
т.б.;
– ғылыми-зерттеу жұмысының мәдениеті: И.Г. Герасимов, К.М. Вар-
шавский, Т. Кун, К. Поппер, И. Лакатос, Д. Пельц және т.б.;
– педагогикалық ғылыми-зерттеу мәдениеті: С.И. Архангельский,
Ю.К. Бабанский, В.Г. Воробьев, Л.В. Занков, В.И. Загвязинский, А.И. Коче-
тов, Н.В. Кузьмина, Я. Скалкова, А.И. Пискунов, В.С. Черепанов, Г.И. Щу-
кина;
– педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі: М.А. Дани-
лов, Н.Д. Никандров, В.В.
Краевский, М.Н. Скаткин, Б.С. Гершунский,
Г.П. Щедровицкий, Н.Д. Хмель және т.б.;
– педагогтің инновациялық іс-әрекетінің дидактикалық теориясы:
В.И. Журавлев, И.А. Зязюн, П.И. Карташов, Л.И. Гусев, Н.В. Кухарев,
Ф.Ш. Терегулов, Л.М. Фридман, Н.Р. Юсуфбекова, И.И. Цыркун, В.А. Сла-
стенин, Л.С. Подымова, Б.Т. Барсай және т.б.;
– педагогтің ақпараттық мәдениетін дамыту: С.Н.
Лактионова,
Д.М. Жү сіпалиева, Л.Ю. Малай, С.Д. Мұқанова және т.б.;
– тұтас педагогикалық үдерісте оқытушының зерттеу іскерлігін
қалыптастыру: Н.Д. Хмель, Г.М. Храмова, С.Т. Каргин, В.К. Омарова,
Г.Б. Омарова, Н.А. Абишев және т.б.
Қазіргі кезде әрбір оқытушының алдына қойылып отырған басты мін-
деттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жә-
не жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Мұндай жағдайда қо-
ғамның әр мүшесінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру қажеттілігі
айтарлықтай артады.
Соңғы жылдары студенттерді зерттеушілік
әрекетке даярлаудың дәс-
түрлі формаларынан өзге академиялық сауаттылықтың негізінде сту дент-
тердің бойында зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру әдісі қарқынды
қолданылуда. Академиялық сауаттылық негізі – академиялық жазу арқылы
болашақ мамандардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың
шетелдік тәжірибесіне терең шолу жасалды. Ресейлік ғалым Н.А. Смирно-
ва мен И.Ю. Щемелеваның «Академиялық жазуды оқыту практикасындағы
шетелдік тәжірибеге талдау» атты мақаласында шетелдік университет-
терде оқытылатын WAC (Writing across curriculum) және WID (Writing in
disciplines) курстардың принциптері жақсы талданған. Талдауға авторлар
екі рейтингтегі – Academic Ranking of World Universities (ARWU 2012) және