53
1.3. Педагогика әдіснамасы: мәні, қызметтері,
негізгі ұғымдары
табу. Осылайша, әдіснамалық педагогикалық зерттеудің теориялық мо де-
лін де бір-бірінен айырылмас күрделі байланысы бар екі негізгі құрамдас
бөлігін көрсетеді. Олар: нормативті және дескриптивті әдіснама.
Бұл әдіснама типтерінің қызметі әртүрлі. Нормативті әдіснаманың
жалпы қызметі жағымды ұсыныстарды жасау мен ғылыми іскерлікті жү-
зеге асыру ережелері негізінде құрылымды міндеттерді шешумен бай-
ланыстырылады. Дескриптивті талдаудың қызметі ретінде жүзеге асы рыл-
ған танымның ретроспективтік сипаттамасы болып табылады. Зама науи
педагогикалық және жеке-дидактикалық зерттеулердің
талдауы көр сет-
кендей, оларда айтарлықтай деңгейде нормативті әдіснамалық талдау кө-
бі рек қолданылады.
Жоғарыда айтылған әдіснама типтерінің жалпы қызметтері ішінен
жиірек кездесетін қызметтері жүйесі бар, соның ішінде: 1) мәселенің құ ры-
лымдық, сонымен қатар формалды тұрғысынан да қойылуын қамтамасыз
етеді; 2) қойылған міндеттер мен мәселелерді шешу үшін сәйкес жолдарды
анықтауға мүмкіндік береді (ғылыми шынайылықтың зияткерлік техника-
сы); 3) зерттеудің ұйымдастырылуының жетілдірілуі.
Дескриптивті (лат.
descriptive – сипаттама) әдіснаманы қолдану педаго-
гикада түсініктік құрылым тұрғысынан таным үдерістері мен формаларын
зерттеуді қамтамасыз етіп, сонымен қатар педагогика ғылымының дамуы
барысында белгілі бір құбылысты түсіндіру сұлбасын көрсетеді. Дескрип-
тив ті, яғни сипаттаушы әдіснама нысанның теориялық қалыптасуын да
ұсынады. Педагогиканың нормативті әдіснамасы зерттеушінің жұмысына
негізгі бағыттарды анықтауға көмек береді.
Аталған қызметтердің түрлілігі педагогикалық зерттеу үдерісі бары-
сында олардың жүзеге асырылу деңгейіндегі қажеттілікке алып келеді.
Ғылыми танымда әдіснамалық талдаудың әртүрлі деңгейлері көрсетіледі.
Ең қолайлы көзқарас әдіснамалық талдау үдерісін төрт деңгейлік иерархия
түрінде көрсетеді:
1)
философиялық әдіснама, яғни таным мен жалпы ғылымның ка те-
гориялық құрылымы педагогика ғылымының түсініктік аппаратына қа-
тысты құрылымдық-сыни қызметті атқаратын, құрылым сәйкестілігі мен
педагогикалық
зерттеу мәнін, олардың әдіснамалық іргетасын біл ді ретін
және белгілі бір әлем сипаты тұрғысынан педагогикалық зерттеу нә ти-
желерінің танымал түсіндірмесіне қатысты жалпы қағидалар жатады;
2)
жалпы ғылымилық әдіснама, жалпы ғылыми қағидалар мен зерттеу
формаларын қамтиды (жүйелілік, кибернетикалық, кешенді, бағдарламалы-
мақсаттық секілді
жалпы ғылымилық әдістер, идеалдандыру, модельдеу
секілді жалпы ғылыми рәсімдер мен тәсілдер және т.б. қатысады). Жалпы
ғылымилық әдіснама ұстанымдық-бағыттаушы қызметті атқарады. Себебі
дәл осы кезеңде зерттеудің қағидалық бағыты анықталады,
оның страте-
гиясы, нысаны мен пәнін анықтаудың әдістері қарастырылады;